Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы №53 қаулысы

«Субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы №476 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы №476 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесінде:

реттік нөмірі 1-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«кемінде 24 айлық есептік көрсеткіш»;

реттік нөмірі 2-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«жұмыссыздар үшін – жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ы, бірақ 24 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;

үкіметтік емес ұйымдар құрған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдар үшін – жалақының белгіленген мөлшерінің 70 %-ы, бірақ 24 айлық есептік көрсеткіштен аспайды».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі                                                                           Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу