Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №993 Қаулысы

«Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлары, жұмыстары, қызметтері сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту және «Төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №1423 қаулысына өзгерістер енгізу  туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы №79 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлары, жұмыстары, қызметтері сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту және «Төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1423 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы №79 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлары, жұмыстары, қызметтері сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен көлемі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу