Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы

Мақсаты - халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту

Міндеттері:

1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.
2. Жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.
3. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде кадрлар даярлау.
4. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқыту.
5. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.
6. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда микрокредит беруді кеңейту.
7. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда берілетін кредиттерді/микрокредиттерді кепілдендіру.
8. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.
9. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету және жұмыссыздар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу.
10. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
11. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту.
12. «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру

Нысаналы индикаторлары:

Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2021 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі:
1) жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-дан аспайтын болады;
2) жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 20 %-дан аспайды;
3) жұмыспен қамтылған халықтың басқа да санаттары құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі 9,0 %-дан аспайды;
4) белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің өсуі 10%-ды құрайды.

БАҒДАРЛАМАНЫ ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу