Ұлттық экспорттық стратегия

 

Мақсаты: Шикізаттық емес экспорт көлемін 2022 жылға қарай 1,5 есе ұлғайту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу және экспорттау нарықтарын әртараптандыру.

Нысаналы индикаторлар: 

1) Қазақстан Республикасының шикізат емес тауарлары мен көрсетілетін қызметтер экспортының көлемі 2022 жылға қарай 31,8 млрд.АҚШ долларына дейін жетеді.
2) Экспорт көлемі $10 млн асатын шикізат емес тауар позицияларының мүдделігі басым елдерге экспортының өсімі өткен жылға қарағанда, 2022 жылы 8,0%-ға дейін жетеді.
3) Экспорт көлемі $10 млн асатын шикізат емес тауар позицияларының мүдделігі жоғары елдерге экспортының өсімі өткен жылға қарағанда, 2022 жылы 7,7 %-ға дейін жетеді.

Міндеттер:

1) Экспорттаушыларды қолдаудың институционалдық негіздерін күшейту.
2) Экспорттаушылар үшін қаржылай және қаржылай емес қолдау шараларын көрсету.
3) Экспорттың дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жою.
4) Көрсетілетін қызметтер экспортын дамыту жағдайларын жақсарту.

 2018–2022 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасының ұлттық экспорттық стратегиясы" бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Қазақстан-2050" стратегиясына сәйкес шикізат емес экспорттың 2025 жылға қарай екі есе және 2040 жылға қарай үш есе өсуі үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету бойынша бірыңғай және біртұтас саясат қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарлама перспективалы экспорттық себетті және басым сату нарықтарын айқындайды, қазақстандық экспортты ілгерілету бойынша нақты шаралар кешенін және оның іске асырылу тиімділігін бақылау үшін өлшенетін нысаналы индикаторлар жүйесін қамтиды.

Бағдарлама экспорттаушылардың қызметіне байланысты жедел, сол сияқты ұзақ мерзімді мәселелерді де шешу жылдамдығы мен тиімділігін арттыратын қажетті институционалдық құрылымды қалыптастыруға бағытталған.

 

БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮКТЕУ 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу