Премьер-Министрдің орынбасары

Серік Мақашұлы Жұманғарин

1969 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Мәскеу Ленин орденді және Октябрь Революциясы орденді энергетикалық интитутын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

1993-2004 жылдары кәсіпкерлікпен айналысқан.

2005-2006 жылдары — Ақтөбе қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары; Ақтөбе қаласы Кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.

2006-2007 жылдары — ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.

2007-2008 жылдары — ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры.

2008-2010 жылдары — ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры; «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2010-2011 жылдары — «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.

2012-2013 жылдары — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2013-2014 жылдары — ҚР өңірлік даму вице-министрі.

2014-2017 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.

2017-2019 жылдары — ҚР ұлттық экономика вице-министрі.

2019-2020 жылдары — Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр).

2020-2022 жылдары — Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.

2022-2023 жылдары — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі.

2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерді үйлестіреді:

● сауда саясаты;

● агроөнеркәсіп кешені;

● жер қатынастары;

● ЕАЭО және ДСҰ аясындағы ынтымақтастық.
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу