Арман Абдрасилов «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Арман Асқарұлы Абдрасилов «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін аталған лауазымды атқарған А. Анисимов берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды. 

Арман Абдрасилов 1980 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы ҚазҰУ Математика және механика институты ҒЗИ инженері болып бастады. 

2020 жылдың мамыр айынан 2012 жылдың маусым айы аралығында ҚР Ұлттық ғылыми-техникалық орталығының инженері болып еңбек етті. 

2013-2020 жылдары — «Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы» ЗТБ компаниялар тобының директоры. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу