Әсет Тұрысов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды. 

Әсет Нұрланұлы Тұрысов 1987 жылы дүниеге келген. 2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2017 жылы «Нархоз» университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да бастаған.

2010-2011 жылдары — «Қазақтелеком» АҚ электр байланысы инженері.

2011-2012 жылдары — ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті «электрондық үкіметті» дамыту және қорғау басқармасы сарапшысының м. а.

2012-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің жобалық құжаттаманы талдау және ақпараттандыру жаңа моделін қалыптастыру бойынша сарапшы, бас сарапшы.

2014 жылы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК басқарушы директоры.

2014-2017 жылдары — «Қазпошта» АҚ құрылымында жұмыс істеді. 

2018 жылғы қаңтардан қазірге дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу