Олжас Сапарбеков өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Олжас Сапарбекұлы Сапарбеков өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Олжас Сапарбеков 1979 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 

2001-2006 жылдары — «Қазақстан темір жолы» ҰК құрылымында жұмыс істеді.

2006-2016 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде болды.

2016-2019 жылдары — «Атамекен» ҰКП департаменті сарапшысы, директорының орынбасары.

2019-2021 жылдары — Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.

2021-2023 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустриялық даму, көлік комитеттері төрағасының орынбасары.

2023-2024 жылдары — ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы.

2024 жылғы ақпаннан бастап — өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі.

Бұрын осы қызметте болған Ілияс Есетұлы Оспанов берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу