ҚР Президенті бірқатар кадрлық өзгерістер жасады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

  • Алмас Шамшиденұлы Әбдіраманов Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен;
  • Барлыбай Кәрімұлы Садықов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

  • Дәулет Тазабекұлы Ембердиев Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;
  • Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу