Ғани Бейсембаев ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев ҚР оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 

1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі.

1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры.

1997-2000 жылдары — ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, референті. 

2000-2001 жылдары — Қапшағай қаласы Білім бөлімінің басшысы.

2001-2006 жылдары — Халықаралық қосымша білім беру орталығының директоры.

2006-2007 жылдары — Алматы технологиялық университеті Техникалық-экономикалық колледж директоры.

2007-2020 жылдары — Халықаралық білім беру орталығының бас директоры.

2020 жылы ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.

2020-2022 жылдары — ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті.

2022 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР білім және ғылым вице-министрі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу