Азамат Асқарұлы ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Асқарұлы Азамат берген өтінішіне сәйкес ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды. 

Азамат Асқарұлы 1984 жылы Алматы облысында туған. 2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2009 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвард университетін, 2016 жылы Гонконг ғылым және технология университетін бітірген. 

Түрлі жылдары «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Қазақстан темір жолы Экспресс» АҚ жұмыс істеді, Гонконг қаласындағы «KTZ Express Hong Kong» ЖШҚ басқарды.

2016-2019 жж. ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі болды.

2019 жылғы шілде айынан қазірге дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу