Гүлжахан Бимендина ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы қызметінен босатылды 

ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Гүлжахан Амангелдіқызы Бимендина басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Гүлжахан Бимендина 1969 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік жерге орналастыру университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1996 жылы Солтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің құрылымында бастаған. Бас маман, жерге орналастыру инженері, аудандық комитет төрайымы, бөлім басшысы, облыстық комитет төрағасының орынбасары, басқарма басшысы, инспекция басшысының орынбасары, инспекция басшысы лауазымдарын атқарған.

2012 жылы ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің жауапты хатшысы лауазымына тағайындалды.

2013-2014 жылдары — Өңірлік даму министрлігінің Жер қатынастары және геодезия саласын реттеу департаментінің директоры.

2014-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Экономика инфрақұрылымын дамыту департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

2016 жылдан бастап 2019 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы болып жұмыс істеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу