Ветеринариялық қызметті одан әрі нығайту және дамытуға қатысты депутаттық сауал 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары А. Күрішбаев, Л. Сүлеймен, О. Булавкина, М. Жұмағазиев, С. Дүйсембинов, Д. Мусин, Ә. Нұралиевтің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы №16-13-255 депутаттық сауалына жауап. 

Премьер-Министр — Асқар Мамин

 

Құрметті депутаттар!

Ветеринария саласындағы кейбір мәселелерге қатысты сіздердің депутаттық сауалдарыңызды қарап, мынаны хабарлаймын.

Ағымдағы жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және республика аумағындағы эпизоотиялық жағдайды жақсарту бойынша жедел міндеттерді шешу мәселесі бойынша отырысы өткізіліп, проблемалық мәселелерді шешуге ерекше назар аударылды.

Ветеринариялық қызметті одан әрі нығайту және дамыту үшін, сондай-ақ ветеринария саласында орын алып отырған мәселелер бойынша 2021-2023 жылдарға арналған ветеринариялық қызметті дамыту және нығайту жөніндегі кешенді шаралар әзірленді. Бұл кешенді шаралар жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бақылау, ветеринариялық препараттардың айналымы, жануарлар ауруларын болжау,

ветеринария саласындағы сапалы кадрлық құрамды дайындау және қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген ветеринариялық мамандар мен инспекторлардың біліктілігін арттыру, ветеринария саласындағы цифрландыруды, ветеринариялық қызмет қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруды қамтиды.

Сонымен қатар, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және республика аумағындағы эпизоотиялық жағдайды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы толық ақпаратты қосымшаға сәйкес жолдаймыз.

Қосымша: 6 парақта.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу