Фоторепортаж: ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Қостанай облысына жұмыс сапары

Қостанай қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Татарстан Президенті Рустам Минниханов келіссөз жүргізіп, Қазақстанда үш бірлескен автомобиль жасау жобасын іске асыруды бастап берді


А. Мамин және Р. Минниханов Қостанай қаласында шойын құймасын және жүк техникасының белдіктеріне арналған компоненттерді өндіретін жаңа зауыттардың іргетасына алғашқы тасын қою рәсіміне қатысты

Шойын құймалар мен «КАМАЗ» жүк техникасы белдіктерінің компоненттерін шығаратын жаңа зауыттар Қостанайдың Индустриялық аймағында 2023 жылы салынады

Инвестицияның жалпы көлемі — 150,7 млрд теңге. Шектес салаларды ескерумен 1 200-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады

Жобаларды іске асыру Қазақстанды ТМД нарығындағы жүк техникасын аса ірі өндіруші – «КАМАЗ» ЖАҚ жеткізушілерінің жаһандық технологиялық тізбегіне қосады — өнімнің 95%-ы экспортталады

КАМАЗ автокөліктері үшін белдіктер өндіру Еуразиялық экономикалық одақ үшін бірегей өндіріс 

Сонымен қатар Қазақстанда шиналар өндіретін зауыт салынады, бұл «Татнефть» ЖАҚ мен «Аллюр» компаниясының бірлескен жобасы

Кәсіпорын жеңіл, жеңіл жүк және жүк шиналарын шығарады

Асқар Мамин «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС өндірістік цехын аралады, онда жеңіл және жүк автомобильдерінің, автобустардың шанақтарын құрастыру, дәнекерлеу және бояу бойынша жұмыстар жүргізілуде

Кәсіпорынның жыл сайынғы өндірістік қуаттылығы 27 мың бірлікті құрайды, 8 бренд бойынша 50-ден аса автомобиль моделі құрастырылады

ҚР Премьер-Министріне өндіруге әзірленіп жатқан JAC автомобилінің жаңа үлгілері көрсетілді. Мұндай маркалы автокөліктерді шығару Қостанай қаласында 2015 жылы басталды. Осы уақыт ішінде автомобиль автоәуесқойлар арасында танымал болды және Қазақстан нарығында ең көп сатылатын топ-10 автомобильдің қатарына кіреді

«СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС жедел медициналық жәрдем машиналары өндірісін кеңейтті. Қазақстан Республикасында санитарлық көлікті жаңарту бағдарламасы шеңберінде биыл жыл соңына дейін еліміздің 15 өңіріне COVID-19 тестін алу үшін 807 жедел жәрдем машинасы, 11 жылжымалы медициналық кешен және 8 мобильді зертханалық кешен жеткізіледі

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу