ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Маминнің Павлодар облысына жұмыс сапары: өңірдің индустриялық-инновациялық дамуы және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру

фото: Шүкур Шахай

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ақсу қаласындағы электр станциясының №5 энергоблок реконструкциясы бойынша жұмыстар барысымен танысты, бұл станция қуаттылығын 25 МВт дейін арттырады

№5 энергоблок реконструкциясы бойынша жоба - Кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында биылғы жылғы аса ірі өңірлік жоба

Жоба құны - 47,5 млрд теңге, қазіргі кезде іске қосу-баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр. №5 энергоблокты 2019 жылы желтоқсанда пайдалануға беру жоспарланған

Павлодар облысындағы аса ірі және жүйе құраушы кәсіпорындардың бірі - «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы -  Ақтау ферроқорытпа зауыты, мұнда 2017 жылдан балқыту пештері реновациясы жобасы іске асырылуда

Бұл жоба 2024 жылға қарай феррохром өндіру көлемін 2018 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 87%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Бұл орайда электр энергиясын тұтыну 20%-ға төмендейді

Өңірді индустрияландыру аясында жүзеге асырылып жатқан тағы бір нысан - «Компания Нефтехим LTD» ЖШС

Компания метил-трет-бутил эфир және түйіршіктелген полипропилен, тоқылған полипропилен қапшықтары өндірісіне маманданған

Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 20 мың тонна МТБЭ , 30 мың тонна полипропилен, 50 млн дана тоқылған полипропилен қапшықтарын, 47,8 мың тонна түйіршіктелген полипропиленді құрайды

Жұмыс сапары аясында Асқар Мамин Ақсу қаласындағы балалар эко-техно орталығына барды, онда балалардың экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетанушылық, сәндік-қолданбалы, ғылыми-техникалық бағыттар бойынша қабілеттерін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған

Биыл желтоқсан айында өңірде жаңа онкологиялық диспансер ашылады, ол желілік үдеткішпен жарақталады. Мұнда тәулігіне жүз рет келіп-кетуге шақталған емхана да емделушілерді қабылдай бастайды

Жұмыс сапарының соңында ҚР Премьер-Министріне «Инвесторлар үйі» таныстырылды, мұнда кез келген бизнесмен «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтер мен консультациялар ала алады. «Kazakh Invest», «Павлодар» АЭА», «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» кеңселері бір алаңда жұмыс істейді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу