Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар экономикалық белсенділікті жандандыруға ықпал етеді — Р. Дәленов

Сейсенбі, 19 Мамыр 2020, 11:49:01

ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында 2020 жылдың соңына дейін Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар қаралды. 

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндама жасап, Кешенді жоспарды Үкіметтің Ұлттық Банк, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес қауымдастықтармен бірлесіп әзірлегенін жеткізді.

Кешенді жоспар экономика салаларын қолдау жөніндегі жедел шараларды қамтиды. Бұл салықтық ынталандыру, несие беруді арттыру, инфрақұрылымды дамыту, ішкі өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдау, жұмыспен қамтуды сақтау шаралары.

Халықаралық ұйымдардың жаңартылған болжамдарына сәйкес 2020 жылы әлемдік экономика 4%-ға, ал жаһандық сауда – 32%-ға қысқарады. Жыл басынан бері мұнай 50%-ға арзандады, металл бағасы орта есеппен 16%-ға төмендеді.

«Бұл ретте әлемдік экономиканың, сауданың және инвестиция ағымының одан әрі құлдырау қаупі бар. Жаһандық және аймақтық жеткізу тізбектері бұзылды, сұраныс төмендеуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бүгінгі таңда Үкімет тарапынан экономиканы қолдау мақсатында нақты іс-шаралар іске асырылып жатыр», — деді ұлттық экономика министрі.

Мәселен, микро-, шағын және орта бизнес салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылып, төлемдердің мерзімі ұзартылды. Олар қоғамдық тамақтану, агроөнеркәсіп кешені, сауда орталықтары, қонақ үйлер, туризм, АT-компаниялар және басқа да қызметтер.

Шағын және орта бизнестің жеңілдікпен несиелендіру құралдары едәуір нығайтылды. Несиелендіру көлемі 1 трлн теңгеге арттырылды. Яғни, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қосымша 400 млрд теңге және Ұлттық банк тарапынан жаңадан 600 млрд теңге қарастырылады.

«Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасында экономика салаларының қамтылуы едәуір артты. Соңғы сыйақы мөлшерлемесі 6% құрайды.

«Жаңа "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл инфрақұрылымды жаңғыртуға және қайта құруға жағдай жасайды. Сондай-ақ жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Шағын және орта бизнестің борыштық салмағының өсуіне жол бермеу үшін олардың несиелері бойынша негізгі борыш пен сыйақы төлемдерінің мерзімдері 90 күнге ұзартылды. Төтенше жағдай кезінде несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді. Отандық тауар өндірушілер үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдері жеңілдетілді», — деді Р. Дәленов.

Сонымен қатар, экономика салаларын одан әрі қолдау мақсатында салалық мемлекеттік органдардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес қауымдастықтардың барлық ұсыныстары қаралды.

Кешенді жоспар экономика салалары бойынша барлық келісілген шараларды қамтиды. Олар өндеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп және тау-кен метталургиясы кешені, құрылыс, азаматтық авиация, логистика, туризм, шағын және орта бизнес, қызмет көрсету секторы және іргелес салалар. Өзекті мәселелерді жедел шешу мақсатында әр сала бойынша жаңа шаралар әзірленді.

 

Өңдеу өнеркәсібін қолдау шаралары

Саланы қаржыландыру тетіктері айтарлықтай кеңейтілуде. Мәселен, өңдеу кәсіпорындарына мөлшеріне қарамастан Ұлттық Банк бағдарламасы бойынша айналым қаражатын жеңілдікпен қаржыландыру ұсынылатын болады.

Ұзақмерзімді шарттарды ұлттық даму институттары «тұрақты кепіл» ретінде қабылдайтын болады.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, өңдеу өнеркәсібінің субъектілері «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие ала алады. Сонымен қатар, экспорттық несие берілетін болады.

«Бірнеше банктің бір қарыз алушыны бірлесіп несиелендіруі үшін синдикатталған несиелендіру енгізілетін болады. Одан басқа, Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады. Қор арқылы 3%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша өңдеу кәсіпорындарына несие беру жоспарлануда», — деді Р. Дәленов.

Үкімет отандық өндірушілердің тауарларын өткізу бойынша бірқатар шараларды қолдады. Бұл - мемлекеттік сатып алуда, квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуында оффтейк-келісімшарттар жасау, жеңілдетілген қаржыландыруды алушыларға отандық материалдар мен жабдықтарды пайдалану бойынша міндеттемелерді белгілеу.

«Аталған міндеттемелер жеке инвесторлармен лицензиялық келісімшартта бекітілетін болады. Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде инвестициялық субсидиялар беру тетігі жетілдіріледі. Одан басқа, жоғары экспорттық өнім өндірушілердің тасымалдау шығындарын 80% дейін өтеуді ұлғайту жоспарлануда. Қосылған құн салығын жедел қайтару айналым қаражатын толықтыруға ықпал ететін болады», — деп түсіндірді министр. 

 

Тау-кен металлургиясы кешенін қолдау шаралары

Р. Дәленов атап өткендей, Қосылған құн салығын автоматты қайтару шегі 80%-ға дейін ұлғайтылады. Бұл жыл соңына дейінгі кезеңде 2020 жылғы 1-3 тоқсан аралығындағы салықты өтеуді жеделдетеді. Аванстық корпоративтік табыс салығының бір бөлігін келесі жылдың 10 сәуіріне ауыстыру жоспарлануда.

Сонымен қатар рентабельділігі төмен кен орындары үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығын төмендетілген мөлшермен беру жедел қаралатын болады.

Сондай-ақ, «кедендік аумақта қайта өңдеу» режимі үшін кедендік бақылау рәсімі жеңілдетіледі. Құжаттардың көшірмелерін растаушы ретінде пайдалануға уақытша рұқсат беру жоспарлануда. 

 

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау шаралары

Форвардтық келісім-шарттарды енгізу, ҚазАгро несиелері бойынша мерзімін ұзарту және қайта құрылымдау жолымен қаржыландыру тетіктері кеңейтіледі. Одан басқа, ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілді сатып алу шарты банктерде «тұрақты кепіл» деп танылатын болады.

Субсидияланатын шикізат санатын кеңейту жоспарлануда. Пилоттық режимде «егістіктен сөреге дейін» қағидаты бойынша қаржыландыру тетігі енгізіледі. Бұл шара аграрлық өнімді тұрақты сатып алуға және өткізуге бағытталады.

 

Құрылыс саласын қолдау шаралары

Бұл - сала кәсіпорындарының қызметін жедел қалпына келтіру шаралары. Аурухана және басқа да обьектілерді жедел жобалау мен салу үшін арнайы нормалар әзірленетін болады.

Сонымен қатар құрылыс-монтаж жұмыстарын мемлекеттік сатып алу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері автоматты түрде ұзартылады. Бұл ретте міндеттемелерді ағымдағы жылдың соңына дейін орындау қажет.

«Сенімді жеткізушілер тұрғын үй және инфрақұрылымдық нысандарды салу кезінде банк кепілдігінің баламасы ретінде сақтандыру полисін пайдалана алады. Бұл компаниялардың шығындарын қысқартады», — деді ұлттық экономика министрі. 

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасына сатудың шекті белгіленген бағалары бойынша өзгерістер енгізіледі. Тұрғын үй құрылысы бойынша «5-10-20» жеңілдетілген несие берудің пилоттық жобасын іске қосу жоспарлануда. «Жұмыспен қамту жол картасы» объектілерін салу кезінде отандық құрылыс материалдарын сатып алу қамтамасыз етіледі.

Құрылыс саласының субъектілеріне шағын және орта бизнесті несиелендіру бағдарламасына қатысу мүмкіндігі беріледі. Бұл шаралар мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына құрылысшылар мен қатысушылар тобын кеңейтеді.

 

Азаматтық авиацияны қолдау шаралары

Осы жылдың соңына дейін ұшу жағдайын қолдау үшін ұшақтарға қосалқы бөлшектер импорты уақытша қосылған құн салығынан босатылады. Сондай-ақ әуежайлар жер салығынан және оны пайдаланғаны үшін төлейтін төлемнен босатылады.

Одан басқа, авиация саласында техникалық қызмет көрсету және басқа да қызметтер резидент емес үшін қосылған құн салығынан босатылады.

 

Логистика және туризмді қолдау шаралары

Әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушылар автобусының қызметтерін қосылған құн салығын төлеуден босату көзделеді. Басымдықты туристік аумақтарда туристік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде салық артықшылықтары берілетін болады. Бұл корпоративтік табыс салығы, мүлік салығы және жер салығы бойынша жеңілдіктер.

«Әкімшілік жүктемені азайту мақсатында хабарландырылған сәттен бастап 48 сағаттан астам уақыт тұратын жүкті сақтағаны үшін алымның 10 еселенген мөлшерін алу 6 айға шегеріледі. Сондай-ақ, транзит кезінде контейнерлік пойыздарды кедендік тексеруден өткізу алынып тасталады. Ал импорт кезінде тексеру соңғы станцияда бір рет жүргізілетін болады», — деді Р. Дәленов. 

Шекту шараларын ескере отырып, темір жол тасымалдаушыларын субсидиялау деңгейі сақталады. Кеме қатынасы қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейінің қолданылу мерзімі ұзартылатын болады.

 

ШОБ және қызмет көрсету секторын қолдау шаралары

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасына «микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бойынша жаңа бағыт енгізіледі.

Субсидиялау есебінен қаржыландыру мөлшерлемесі 6%-дан аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға 5 млн теңгеге дейін және өндірстік мақсаттарға 20 млн теңгеге дейін несие берілетін болады. Бұл микробизнес өкілдерінің үлкен тобын қамтуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, микробизнес үшін жаңа формат бойынша оқыту енгізіледі, бұл да қаржыландыруға қолжетімділікті жеңілдетеді.

Ұлттық экономика министрі атап өткендей, кепілдің жетіспеушілігін шешу үшін айналым қаражатын толықтыруға шағын және орта бизнес жобаларын несиелендіру бойынша Ұлттық банк бағдарламасы шеңберінде берілетін қарыздарға Даму Қорының кепілдігін пайдаланатын болады.

Банктер мен микроқаржы ұйымдары несиелері бойынша төлемдердің мерзімін ұзартатын салалардың тізбесі кеңейтілді.

«Арнайы салық режимінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер үшін бухгалтерлік және салық есептерін жүргізу жеңілдетілетін болады. Жеке кәсіпкерлердің жалдамалы қызметкерлері мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жүктемені төмендету және міндетті төлемдерді төлеуді оңайлату мәселесі пысықталуда», — деді Р. Дәленов.

Салық органдарына салық есептілігін алдын ала декларациялау міндеті жүктелетін болады, бұл бизнеске әкімшілік ауыртпалықты азайтады. Қазақстандық кәсіпкерлердің АХҚО инфрақұрылымын пайдалануға қолжетімділігі кеңейтіледі. 

 

Жұмыспен қамту, білім беру және денсаулық сақтауды қолдау шаралары

Еңбек нарығындағы жағдайды жедел жақсарту мақсатында жұмыссыз мәртебесін алу үшін тіркеуді оңайлату шаралары қабылданады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру кезінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты тартуға және шағын және орта бизнесті кеңейтуге баса назар аударылатын болады. Білім беруде қашықтан оқыту әдістемесі жетілдірілетін болады. Оқулықтар мен әдістемелік құралдар цифрлық форматта қолжетімді болады», — деді ұлттық экономика министрі.

Денсаулық сақтау саласында шаралар азаматтардың денсаулығын сақтауға және қорғауға бағытталған. Осы жылдың соңына дейін Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес құрылатын болады. Оған беделді ғалымдар мен сарапшылар тартылады. Ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту бойынша шаралар қабылданатын болады. Бұл материалдық-техникалық базаны нығайту арқылы жүзеге асырылады.

«Бұл шаралар экономика салаларына кешенді қолдау көрсетуге бағытталған. Жалпы аталған шаралардың құралдары салықтық ынталандыруды, реттеуші саясатты жетілдіруді, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды, жеңілдетілген несие беруді, инфрақұрылымды дамытуды, сондай-ақ отандық өндірушілерді одан әрі қолдауды қамтиды», — деді Р. Дәленов.

Қазақстанның Ет-сүт одағы қауымдастығының басқарма төрағасы Иван Сауэр 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды қолдап, Жоспарда бұрын-соңды болмаған, ойластырылған шаралар ұсынылғанын атап өтті.

«Біздің құжаттың материалдарында “пилот” деген сөздің пайда болғаны ұнайды, яғни біз бүкіл республика үшін жаппай хабар таратудан өттік. Бұл басқа қателерді болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар шағын, орта және ірі бизнес санаттары бойынша емес, “табысты» санаты бойынша қолдау қажет. Тек табыстыларға қолдау көрсету керек, ешқандай қолдау көмектесе алмайтындарды көтермелеуді тоқтату керек. Тек тиімділерін анықтап, оларға өз өндірісін одан әрі дамытуға көмектесу керек және сол кезде нәтиже бірден айқын көрінеді», — деді И. Сауэр.

«Қазақстан кәсіпкерлері форумы» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов Жоспарда шағын және орта бизнес тұрғысынан өте маңызды іс-шаралар жасалғанын атап өтті.

«Біз апта сайын Шағын және орта бизнес комитеті, “Атамекен” ҰКП, кәсіпкерлер форумы аясында ұлттық экономика министрімен бірлесіп отырыс өткіземіз. Бұл салық блогына қатысты көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Мұндай форма бізде айлар, кейбірі жылдар бойы шешімі табылмаған мәселелерді шешуге және оларды Үкімет қабылдаған пакеттерге шығаруға жол ашты», — деді Р. Баталов.

Қазақстан машина жасаушылары одағының төрағасы Мейрам Пішембаев өз кезегінде бұл Жоспардың еліміз үшін өте маңызды жоба екенін атап өтті. Бизнес Жоспарда көрсетілген барлық шараларды толық қолдайды. Олар өте өзекті.

«Біз үшін кәсіпорындарды қолдау жөніндегі шешімдер өте маңызды, соған байланысты біз аталған бағдарламаны бірлесіп іске асырамыз. Бұл өндірісті қалпына келтіруге жақсы әсер етеді. Заңнамаға инвестициялық қолдау бойынша өзгерістер енгізудің маңыздылығын атап өткім келеді. Жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған шарттар шеңберінде қазақстандық қамту 80%-дан кем болмауы тиіс. Бұл халықты жұмыспен қамту үшін жақсы серпін береді», — деді М. Пішембаев.

 «KazakhmysCopper» басқарма төрағасы Бақтияр Қырықпышев атап өткендей, бүгінгі таңда халықтың жұмыспен қамтылуын сақтау аса маңызды мәселе болып отыр. Металл бағасы 20%-ға төмендеді.

«Алдымызда белгілі бір сын-қатерлер тұр, логистика бойынша проблемалар бар. Осыған байланысты аталған сала үшін Жоспарды іске асыру өте маңызды болмақ. Осы шараларды қолдау қажет. Әлеуметтік қолдау шараларын жалғастырып жатырмыз. Басқару аппаратының 70%-ы қашықтан жұмыс істейді, қалғандары санитарлық шараларды сақтай отырып қалыпты тәртіпте жұмыс істейді. Жұмыспен қамту үшін меморандумға қол қойылды. Ең төменгі жалақы 140 мың теңгеге дейін жеткізілді. Қаражат бөлінді», — деді Б. Қырықпышев.

«Атамекен» ҰКП Төрағасы Абылай Мырзахметовтың айтуынша, мамыр айының басында Премьер-Министрдің және барлық мүдделі тараптардың қатысуымен кәсіпкерлікті қолдаудың барлық мәселелері қаралды. Көптеген мәселелер Кешенді жоспарда шешімін тапты.

«Тарихта алғаш рет микробизнеске назар аударылды. Қазақстандық бизнестің 70%-дан астамы – микробизнес. Алғаш рет микробизнеске үлкен материалдық қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті қолдауға үлкен көңіл бөлінді. Жергілікті қамту үлесін 70%-ға арттыру бойынша міндет қойылды. Бұл бизнес үшін үлкен демеу болады деп есептеймін», — деп атап өтті А. Мырзахметов.


 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
12 Шілде 2020, 11:41
Ерхат Есқалиев «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды
10 Шілде 2020, 21:35
Б. Шәріп «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметінен босатылды
10 Шілде 2020, 20:32
Атырау облысына жұмыс сапары: Е. Тоғжанов аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты шұғыл жиын өткізді
10 Шілде 2020, 19:37
Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
10 Шілде 2020, 15:07
Үкімет 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарды
09 Шілде 2020, 20:45
Форвардтық сатып алу, егіс жағдайы және азық-түлік тауарларының қоры — Қазақстанның агроөнеркәсіп саласын дамыту
09 Шілде 2020, 16:13
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстауда
08 Шілде 2020, 19:25
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау
08 Шілде 2020, 18:30
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.