Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Б. Сапарбаев шетелдіктерге рұқсат беруді бақылауды күшейтуді тапсырды

Дүйсенбі, 13 Қаңтар 2020, 20:08:14

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте сыртқы еңбек көші-қонын реттеу мәселелері қаралды. Оған мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, шетелдік кәсіпорындардың басшылары, сондай-ақ, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің басшылары қатысты. 

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың берген мәліметіне сәйкес, осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 19,1 мың рұқсат берілді. Олардың құрылымында 77%-ын басшылар мен білікті мамандар құрайды. Еңбек мигранттарының негізгі келетін елдері – Қытай, Өзбекстан, Түркия, Үндістан және Ұлыбритания. 2019 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс берушілер 8,2 млрд теңге көлемінде салық алымын төледі. Кадрлардағы қазақстандық қамту 96% деңгейінде қамтамасыз етілген.

30-дан астам шетелдік маман жұмыс істейтін 95 кәсіпорынды тексеру барысында еңбек және көші-қон заңнамаларын бұзудың 1008 фактісі, оның ішінде жергілікті және шетелдік жұмысшыларға еңбекақы төлеуде 479 сәйкес келмеушілік анықталды.

Сондай-ақ, заң бұзушылықтардың қатарында — еңбек жағдайлары мен санитарлық-тұрмыстық жағдайлар бойынша кемсітушілік, шетелдік жұмысшылардың білімдерінің өздерінің атқарып жүрген лауазымдарына сәйкес келмеуі, рұқсатқа сәйкес келмейтін мамандық бойынша жұмысты орындау және басқалары бар.

«98 млн теңгеден астам сомаға 397 әкімшілік іс қозғалды. 361 шетелдік жұмысшының жалақысы қазақстандық жұмысшы деңгейіне дейін төмендетілді, ал 4 қазақстандық жұмысшы үшін жалақы шетелдік жұмысшы алатын ақы деңгейіне дейін көтерілді. 703 рұқсат қайтарып алынды, 507 шетелдік жұмысшы елден шығарылды», —  деді Біржан Нұрымбетов.

Ол мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеу және азайту, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру тәртібін күшейту мақсатында министрлік бірқатар шараларды қабылдап жатқанын атап өтті.

Атап айтқанда, жұмыс берушілердің жұмысшыларға теңдей санитарлық-құқықтық жағдайларды қамтамасыз ету міндеті заңнамалық тұрғыдан енгізіледі. Жыл сайын 30-дан аса шетелдік жұмыскерді тартатын, жұмысшыларының саны 250 адамнан астам болатын кәсіпорындарды жыл сайынғы жоспарлы тексерулермен қамту көзделген. 2020 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға квота 48,7 мыңнан 29,3 мыңға дейін қысқартылды. 4 санат бойынша жұмыскерлерге рұқсат беру тек ішкі нарықта жұмыскерлер болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, жұмыс берушілер заңнамалық негізде 3-4 санаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық кадрлармен алмастыруға міндеттеледі. 

Өз кезегінде, ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров өткен жылы 531 еңбек рұқсатнамалары берілгенін атап өтті (жұмыс берушілердің – жеке тұлғалардың жұмысын ІІМ квотасы бойынша атқару). Еңбек мигранттарының негізгі бөлігі жөндеу жұмыстарымен немесе құрылыспен айналысады, бала күтуші, аспаз және басқа да үй жұмыстары қызметтерін ұсынады. Бюджетке 6,5 млрд теңге төленді.  

«Талдау көрсеткендей, ТМД елдерінің азаматтарының заңсыз еңбекпен айналысуына көбіне Қазақстанға келудің және мұнда болудың жеңілдетілген тәртібі ықпал еткен. Олардың біздің елімізде болу кезеңіне уақыт жағынан ешқандай шектеу қойылмаған, себебі, мерзімі өткен соң шетелдіктер бірден шығып, қайтадан Қазақстанға кірген. Осыған байланысты заңнамаға өзгерістер енгізілді. Енді визасыз режимде келетін шетелдік азаматтар Қазақстанда жарты жыл ішінде 90 күннен артық бола алмайды», — деді А. Заппаров.

Сонымен қатар, көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістер аясында еңбек мигранттарынан әр ай сайын 2 АЕК-тен 4 АЕК-ке дейінгі мөлшерде табыс салығы бойынша алдын-ала төлемдерді арттыру мәселесі талқылануда. 

Кеңесті қорытындылаған Бердібек Сапарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, еңбек министрлігіне және жергілікті атқарушы органдарға шетелдіктерге рұқсат беруді бақылауды күшейту тапсырылды. 

«Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселесі өте маңызды мәселе. Біздің ең маңызды міндетіміз – ішкі еңбек нарығын қорғау. Бұл бағыттағы алғашқы қадамды біз жасадық, сөйтіп, шетелдік жұмыс күшіне квотаны 40%-ға – 29 мыңға дейін төмендеттік», — деді ол.

Вице-премьер сонымен қатар еңбек мигранттарының санының артуына назар аударды, олардың басым бөлігі жұмысшы мамандықтарына тартылған. Оның пікірінше, мұндай жұмыс орындарында жергілікті кадрлар жұмыс істей алады. 

«Тексерістер кезінде анықталған фактілер нақты жойылуы тиіс. Инженер болып жұмыс істеуге рұқсат алып, шын мәнісінде аспаз болып қызмет етіп жүрген мысалдар бар. Оған қоса, жалақыны инженер ретінде алады. Осындай кәсіпорындардың басшыларына қатысты қатаң шаралар қабылдау қажет. Жұмыс берушілер мынаны түсінуі керек: егер олар Қазақстанда жұмыс істегісі келсе, заңдарды бұзуға жол бермеуі тиіс. Қазақстандық және шетелдік жұмыскерлер үшін жалақы мөлшері де, еңбек шарттары да, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар да бірдей болуы қажет. Алалау болмауы керек», — деп түйіндеді Б. Сапарбаев.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.