Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Денсаулық сақтау министрлігі КВИ туралы: Қазақстанда емдеу мекемелерінде төсек-орындардың бос болмауы 6 есе төмендеді

Сәрсенбі, 09 Қыркүйек 2020, 11:59:20

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі эпидемиологиялық ахуал қаралды. Коронавирус инфекциясының таралуымен күрес бойынша ағымдағы жағдай және елімізде қабылданып жатқан шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады. 

Министр баяндағандай, қазіргі кезде коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға қол жеткізілді.  9 қыркүйекте COVID-19 нәтижесі оң болған 106 498 науқас тіркелді, соңғы тәулікте 73 адам тіркелді. 4 810 адам ем алуда, 100 042 адам ауруханадан шығарылды(94%), 1 646 адам қайтыс болды. 

Сонымен қатар, ҚР-да коронавирустық инфекцияның (ПТР-) 28 228 ықтимал жағдайы тіркелген. Қатаң шектеу шараларының арқасында 5 шілдеден бастап төсек-орындардың қамтылуы 6 есеге, оның ішінде реанимациялық төсек-орындардың бос болмауы 6,6 есеге, сондай-ақ КВИ қатысты жедел медициналық көмекті шақыру саны 5,5 есеге азайды.

Емханалар үйде қызмет көрсету форматына көшті, мобильді бригадалардың саны 7,6 есе өсті, бүгінде 3640 мобильді бригада құрылды және бүкіл ел бойынша  жұмыс істейді.

«Біздің еліміздегі, Еуропаның бірқатар елдеріндегі жағдайды тұрақтандыру аясында, тамыздың басынан бастап коронавирус инфекциясының Азияда таралуының күрт өсуі байқалады. Мысалы, аурудың өсуі Италияда, Австрияда, Испанияда, Германияда, Оңтүстік Кореяда, Түркияда байқалады. ТМД елдерінде аурушаңдықтың орташа өсімі 0,5% құрады, бұл Қазақстандағыдан 5 есе жоғары», — деді А. Цой.

ДДСҰ-ның пікірінше, елдердің Үкіметтері белсенді көшбасшылық рөлді алуы керек, ал адамдар шектеу шараларын сақтауы: маска киіп, жаппай іс-шараларға бармауы керек.

«ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейсустың айтуынша, "бұл соңғы пандемия емес. Тарих бізге аурудың өршуі  мен пандемияның өмірдің бір бөлігі екенін үйретеді". Швейцарияның Қоғамдық денсаулық сақтау Федералды басқармасы Қазақстанды одан қайтып оралғаннан кейін карантинді сақтау қажет елдер тізімінен шығарғанын атап өткен жөн. Бұл ретте, Швейцарияға басқа елдерден келген адамдар карантинге жіберіледі. Бұл елдердің тізімі 7 қыркүйекте жаңартылды. Бұл COVID-19-мен күресудің және Қазақстандағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырудың тактикасының дұрыс таңдалғанын  көрсетеді», — деді министр.

Аурудың таралуын болдырмау және елдегі эпидемиологиялық жағдайды сипаттайтын оң динамиканы сақтау мақсатында кейбір шектеу іс-шаралары мен демалыс күнгі локдаундар сақталуда.

Сондай-ақ, министрлік күзгі маусымға дайындықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда. Ел бойынша төсек-орындар саны ковидке арналған 54 178  төсек-орынды құрайды, бұл қолданыстағы 16 304 инфекциялық төсек-орын, 2 790 жаңа салынып жатқан нысан және басқа стационарлардағы 32 064 төсек-орын. Реанимациялық төсек-орын саны 2 981 құрайды.

2020 жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚР бойынша 19 066 инфекциялық төсек-орын жұмыс істейді, 15%-ы — қамтылған. Реанимациялық төсек-орын  14% қамтылған.

Қазіргі уақытта инфекциялық және провизорлық стационарларда 3 379 ӨЖЖ аппараты бар, қосымша тағы 2 619 бірлік сатып алынады, оның ішінде отандық өндірістің 1 500 аппараты бар. А. Цой мәлімдегендей, бүгінгі күні республикада 21 566 төсек-орын оттегімен қамтамасыз етілген, бұл ретте қосымша 9300 төсек-орынды қамтамасыз ету жоспарлануда, оның 6400-і жергілікті бюджет және демеушілік қаражат есебінен, 2900-ы республикалық бюджет қаражаты есебінен.

Жеткізу кестесіне сәйкес, қыркүйек айында 8600 апаратты және қазан айында қалған 700 аппаратты жеткізуді аяқтау жоспарлануда.

Жедел медициналық көмек қызметін 2020 жылы «ҚДБ-Лизинг» АҚ қаржы лизингі тетігі арқылы отандық өндірістің 1 167 санитарлық автокөлігімен жабдықтау жоспарлануда, жеткізуді ағымдағы жылдың қарашасына дейін аяқтау жоспарлануда.

МСАК мобильді бригадаларының жұмысы жалғасуда. Бүгінгі таңда республика бойынша 3640 мобильді топ жұмыс істейді, шілде айында олардың саны 1612 болған.

Ведомство басшысының айтуынша, ауыл тұрғындарының қолжетімділігін арттыру 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алу есебінен жүзеге асырылады. Өңірлерге ЖМК  ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін жеткізіледі деп күтілуде.

«Бүгінгі күні аудандық ауруханаларда 132 рентген аппараты бар. Қазірдің өзінде Шығыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды облыстары рентген аппараттарымен 100% қамтамасыз етілген. Аудандық ауруханаларды қосымша жарақтандыру үшін 11 өңірде қосымша 53 бірлік отандық өндірістің рентген аппараттарын сатып алу жоспарлануда. Сондай-ақ, қосымша 15 инфекциялық стационар ашылады. 3,1 мың төсек-орындық 13 модульдік жұқпалы аурулар ауруханасын салуды аяқтау жоспарлануда», — деді А. Цой.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар шұғыл шаралар қабылдады.

Бірінші: өңірлер пандемия кезінен бастап 14 млрд теңге сомасына 91 дәрі-дәрмектің атауы бойынша қосымша қажеттілік жариялады. 2020 жылдың 22 шілдесінен бастап бүкіл ел бойынша инфекциялық және провизорлық орталықтарда қор құрылды. Бірыңғай дистрибьютор 11,44 млрд теңге сомасына 91 атаулы дәрі-дәрмектіжөнелтті, ол дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сатып алынған  қосымша көлемі есебінен жедел толықтырылып отырады.

Екінші: дәрі-дәрмектердің азаймайтын екі айлық қорын қалыптастыру. Бірыңғай дистрибьютор стационарлардағы 60 000-ға жуық пациентті емдеу үшін8,2 млрд теңге сомасына 44 сұранысқа ие дәрі-дәрмек сатып алады. Бұл шара екінші толқында КВИ емдеу үшін дәрілік заттар бойынша резерв құруға және қажеттілік пен сырқаттанушылықты жоспарлаудағы проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

Үшіншісі: амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектер тізімі кеңейтілді. Жыл соңына дейін 1 млн адамды қамтитын дәрілік заттардың 5 атауын, қызуды түсіретін дәрілер мен антикоагулянттарды қамтитын COVID-19 нозологиясы енгізілді. Бұл шара инфекциялық және провизорлық орталықтардың жүктемесін жеңілдетуге, амбулаториялық деңгейде CОVID-19 жеңіл түрлерін емдеуге, халықтың дәрілік заттарды сатып алуға жұмсайтын шығындарын азайтуға, мемлекеттің стационарлық емдеуге жұмсайтын шығыстарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Төртінші: қазіргі уақытта зертханалық тестілеу қуаты зертханалар санын 80-ге дейін арттыру есебінен ел бойынша тәулігіне 40 000 тестке дейін жеткізілді. Қазір 11 өңірдегі 25 ветеринарлық зертхана тартылды, олар 20 мыңға жуық зерттеу жүргізді. 

 

«Кезекті толқынға дайындық мақсатында зертханалардың қуатын ағымдағы жылдың соңына дейін тәулігіне 63 мыңға дейін арттыру жоспарлануда. ЖРВИ мен тұмаудың маусымдық өсуі жақындап келеді. Ағымдағы эпидмаусымға Бірыңғай дистрибьютор "СҚ-Фармация" ЖШС тұмауға қарсы вакцинаның 2 199 990 дозасын сатып алды, бұл республиканың халқының 11%-ын қамтуға мүмкіндік береді», — деді А. Цой.

Министр сондай-ақ жүрек-қан тамыры жүйесі мен тыныс алу мүшелерінің созылмалы ауруларына шалдыққан адамдар, жиі ауыратын балалар, жүкті әйелдер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының балалары, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметін алушылар, медицина қызметкерлері вакцинациялауға жататынын еске салды.

«Әкімдерге ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы егуді бастау бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұдан басқа, ірі жұмыс берушілермен жұмыс берушілердің қаражаты есебінен кәсіпорын жұмыскерлерін тұмауға қарсы егумен қамту бойынша жұмыс жүргізу қажет. Бұл тұмауға қарсы вакцинациямен қамтуды 14%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді», — деді министр.

Елдің CОVID-19-ға қарсы вакцинаға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін вакцинациялауға жататын қауіп топтары анықталды: бұл 60 жастан асқан созылмалы аурулары бар адамдар, медицина қызметкерлері, педагогтар. Республика бойынша алдын ала саны 2 790 000 адамды құрайды, бұл барлық халықтың 15%-ын құрайды, екі дозалық күнтізбе бойынша 5 580 000 доза қажет болады.

Министрлік мынадай вакциналарды: ресейлік «Спутник V» вакцинасын, «AstraZeneca» компаниясының Оксфорд вакцинасын, қазақстандық вакцинаны және т. б. ықтимал сатып алу бойынша жұмыс жүргізуде.

«Біз елдегі және әрбір өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргіземіз. Өңірлерге бағытталған аурудың жағдайын бағалау және оның дамуын болжау әдістемесі жасалды. Енді әрбір өңір эпидемиологиялық жағдайды әр ауданға дейін, ол нашарлаған кезде жедел шаралар қабылдай отырып, өз бетінше бағалай алады», - деп түйіндеді А. Цой. 

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
30 Қазан 2020, 19:24
Барлық көрсеткіштер бойынша оң динамика — Ақмола облысы қалай дамуда
30 Қазан 2020, 16:57
А. Маминнің Ақмола облысына жұмыс сапары: инфрақұрылым, АӨК, өнеркәсіп және туризм
30 Қазан 2020, 16:46
Қазақстан Президенті Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевты қабылдады
30 Қазан 2020, 16:24
Е. Тоғжанов ШҚО-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында бірқатар шектеу шараларын қабылдауды тапсырды
30 Қазан 2020, 13:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы №714 Қаулысы
30 Қазан 2020, 13:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №706 Қаулысы
30 Қазан 2020, 13:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №713 Қаулысы
30 Қазан 2020, 09:37
Қазақстан Президенті Солтүстік экономикалық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық форумда сөз сөйледі
29 Қазан 2020, 23:13
Мемлекет басшысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезіне қатысты
29 Қазан 2020, 21:45
Шардара су қоймасын қайта жаңарту және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне қатысты депутаттық сауал
29 Қазан 2020, 21:14
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі электрондық аукциондарды ұйымдастыруға қатысты депутаттық сауал
29 Қазан 2020, 20:14
«Жоғары патогенді құс тұмауының» таралуына қатысты депутаттық сауал
29 Қазан 2020, 20:08
Алматы облысы Ұйғыр ауданының суару каналдары мен су қоймаларын жөндеуге қатысты депутаттық сауал
29 Қазан 2020, 19:52
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартиді қабылдады
29 Қазан 2020, 19:45
Құс тұмауының таралуына жол бермеуге қатысты депутаттық сауал
29 Қазан 2020, 19:14
Е. Тоғжанов Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының коронавирустың ықтимал толқынына дайындығымен танысты
29 Қазан 2020, 18:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қырғызстанның сыртқы істер министрі Р. Қазақбаевты қабылдады
29 Қазан 2020, 15:21
Ауылдарды интернетпен қамту, байланыс сапасын жақсарту және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру — Қазақстанда цифрландырудың дамуы
29 Қазан 2020, 14:59
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді
28 Қазан 2020, 16:07
Мұнай өндіру коэффициентін ұлғайту және шығындарын оңтайландыру — энергетика саласын цифрландыру бойынша қандай жұмыс атқарылуда
28 Қазан 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдады
28 Қазан 2020, 12:00
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
28 Қазан 2020, 11:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №698 Қаулысы
28 Қазан 2020, 10:54
Атырау облысына жұмыс сапары: Е. Тоғжанов өңірдің COVID-19 туындауы мүмкін екінші толқынына дайындығымен танысты
27 Қазан 2020, 21:40
Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары шейх Мансур бен Заид әл Нахаянмен кездесті
27 Қазан 2020, 20:21
Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен ұшып келу: ПТР-анықтаманың болуына қатысты қандай шектеу шаралары туралы білу керек
27 Қазан 2020, 18:48
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қабылдады
27 Қазан 2020, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 27.10.2020
27 Қазан 2020, 13:36
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында шектес салаларда 100 мыңға жуық жұмыс орны құрылады — ЕХӘҚМ
27 Қазан 2020, 12:36
2025 жылға дейін 87 ауылдық елді мекен таза ауыз сумен қамтылады — ЭГТРМ
27 Қазан 2020, 12:06
Қазақстанда халықты сумен жабдықтау қызметтерімен қамту 92,6%-ға дейін жеткізілді — ҚР ИИДМ
27 Қазан 2020, 10:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қазандағы №691 Қаулысы
27 Қазан 2020, 10:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 қазандағы №686 Қаулысы
27 Қазан 2020, 10:33
2021 жылы үш жаңа заң жобасын әзірлеу көзделіп отыр — Әділет министрлігі
27 Қазан 2020, 10:28
Азамат Әмірғалиев ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды
27 Қазан 2020, 10:22
Үкімет 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарын қарады
27 Қазан 2020, 10:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен АҚШ сауда министрі У. Росс Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесінің жұмысын бастап берді
27 Қазан 2020, 09:55
Премьер-Министр 2021 жылға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасын жаңартуды тапсырды
27 Қазан 2020, 09:50
Халықты таза ауыз сумен қамту мәселесі – Үкіметтің стратегиялық міндеті
26 Қазан 2020, 20:10
Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады
26 Қазан 2020, 19:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
26 Қазан 2020, 19:00
Президент Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады
26 Қазан 2020, 18:15
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
26 Қазан 2020, 17:14
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркияның қорғаныс министрі Х. Акарды қабылдады
26 Қазан 2020, 16:10
Азық-түлік бағасы, экспорттаушыларды қолдау және электрондық сауда нарығы — Қазақстанның сауда саласының дамуы
26 Қазан 2020, 15:13
27 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
26 Қазан 2020, 11:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы №679 Қаулысы
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.