Е. Жамаубаев кәсіпкерлік қызмет мәселесі бойынша кеңес өткізді 

Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары  – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеуді енгізу, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін автоматтандыру, көлік саласындағы бизнестің проблемалық мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Отырыс барысында Ұлттық экономика министрлігінің өкілі кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеу саясатын іске асыру барысы туралы баяндады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тәуекелдерді бағалау критерийлері мен матрицасын әзірлеуді ескере отырып, мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыруға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайлы хабарлады. Сондай-ақ көлік саласындағы түйткілді проблемалар талқыланды.

Талқылауды қорытындылай келе, Ерұлан Жамаубаев мүдделі мемлекеттік органдарға Жоспарға сәйкес реттеу актілерін талдауды аяқтауды, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және салалық тәуекелдер матрицасын әзірлеу бойынша жұмысты жеделдетуді және көлік саласындағы бизнес өкілдері көтерген проблемалық мәселелерді қарауды, оларды шешу жолдарын табуды тапсырды.  

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу