Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлік жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлікті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.

Отырысқа ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері мен «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері және Мәжіліс депутаттары қатысты.

Отырыс барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нысаналы мақсатын өзгерту және жерді пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиян келтірмеу мәселесі қаралды.

Талқыланған мәселелерді қорытындылай келе, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен ортақ ұстанымды әзірлей отырып, аталған мәселелерді одан әрі зерделеуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу