2014 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімін әкелуге және өткізуге уақытша тыйым салынады, деп хабарлады Primеminister.kz сайтына ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Техникалық регламенттер мен азық-түлік қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша басқарма басшысы Әйгерім Садубаева. 

«ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2014 жылдың 11 мамырынан қаулысы бойынша 2014 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімін әкелуге және өткізуге уақытша тыйым салынды», - деді Ә.Садубаева.

Ведомство өкілі түсіндіріп өткендей, ШОБ субъектілерін тексеруді шектеумен байланысты алкогольді сауда орындарында өткізуді мониторингілеу ҰКП, кәсіпкерлік қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктер арқылы жүргізіледі.

«Бұл үшінші елдерден, сондай-ақ Ресей мен Белорусьтен өнімдер әкелуге шектеуге қатысты», - деп нақтылады Ә.Садубаева. 

Ведомство таратқан хабарламада көрсетілгендей, осы шара Италия, Франция, Шотландия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және басқа елдері өндірісінің Кеден одағының техникалық талаптарымен белгіленген талаптар және ұлттық заңнама талаптары бұзылып өткізілетін алкоголь өнімінің Қазақстан Республикасының тұтынушылық нарқындағы айналымының көптеген факторлары анықталуына байланысты қабылданды.

Осылайша, анықталған бұзушылықтар тізімінде - таңбалауда он сегіз жасқа дейінгі жастағы адамдарға қолдануды шектеу туралы қарсы көрсетілімдерге дұрыс нұсқау берілмеу; таңбалау кезінде алкоголь өнімінің дайындаушысының немесе импорттаушының атауына, орналасқан орнына қатысты ақпараттың болмауы; мәтінінде мазмұнымен танысуға мүмкіндік болмайтын заттаңбасындағы зақымдалған таңбалау және нақты таңбаланбау, сондай-ақ мемлекеттік тілдегі ақпараттың болмауы немесе толық болмауы.