Қазақстанда 2014 жылы ағымдағы инвестициялық шығындар базасын түгендеу жүргізіледі, оның нәтижесінде экономикалық «тиімді емес» жобалар қысқартылады, деп хабарлады бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында экономика және бюджеттік жоспарлау комитетінің министрі Ерболат Досаев.

«2014 жылы ағымдағы және инвестициялық шығындар бойынша қалыптасқан базаларды түгендеуді жүргіземіз. Оның қортындысы бойынша тиімді емес бюджетке «ауыр жүк» болатын және экономикалық өсіммен, жұмыспен қамтуға ықпал етпейтін шығындар қысқартылады», - деді Е.Досаев.

Сонымен қатар, ол мемелкеттік органдардың, бюджеттік бағдарламалардың және бюджеттік өтінімідердің стратегиялық жоспарларының форматы өзгеретінін, мақсатты көрсеткіштерге жетпейтін әкімшілердің жауапкершілігі артады.

Оған қоса, жеке инсвестицияларды мемлекеттік орын баспайтындай бюджеттік инвестицияларды жоспарлау жүйесі қайта қаралады.

Осылайша, ведомство басшысы айтып кеткендей инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру кезеңінде сәйкес критерийлер бойынша жобаларды іріктеу жүргізіліп, оларды қаржыландыру сызбасы анықталады.