Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік (МЖС) принципін қолдану сферасын кеңейтетін және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының МЖС жобаларына қатысуына мүмкіндік беретін заң жобасы Қазақстанда әзірленді, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев «МЖС жобалары арқылы инфрақұрылымға жеке сектор инвестицияларын тарту» форумында. 

«МЖС әрі қарай қалыптасуы үшін қазіргі уақытта халықаралық қаржы ұйымдарының, бизнес және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің белсенді қатысуымен «Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік туралы» Заң жобасы әзірленді», - деді Е.Досаев. 

Сондай-ақ, оның айтуынша, құжат квазимемлекеттік субъектілердің мемлекеттік серіктес өкілі, сондай-ақ қаржыландырушы ұйым ретінде МЖС қатысу формасын анықтауға мүмкіндік береді. 

«Осылайша, қаржы ұйымдары, ұлттық салалық операторлар (ҚТЖ, КЕГОК, Қазақтелеком) және  ауқымды материалды және әкімшілік ресурстарға ие басқа да квазимемлекеттік сектор субъектілері  МЖС қатысушыларының шеңбері айтарлықтай кеңейеді», - деп атап өтті министр.