Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мемлекет басшысы Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысты

Жұма, 06 Желтоқсан 2019, 23:20:35

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Берлин еуразиялық клубы өз маңыздылығын дәлелдегенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Аталған диалог алаңы Қазақстан мен Германия, Қазақстан мен Еуропа қатынастарының әлеуметтік-саяси және экономикалық мәселелерін кең ауқымда талқылауға зор мүмкіндік береді. Бұл – еліміздің Еуропадағы алғашқы жобасы. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында мұндай институттың рөлі арта түседі деп санаймыз», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, соңғы үш жыл ішінде әлемдегі геосаяси, геоэкономикалық ахуал елеулі өзгерістерге ұшырады. Санкциялар мен сауда-саттық шектеулер дәстүрлі дипломатиялық құралдарды жиі алмастыра бастады.  

«Әлемдік экономика елдер мен өңірлердің дамуында диспропорция, технологиялық теңсіздік, қаржы жүйесіндегі әлсіздік сияқты «созылмалы дертке»         тап болуда. Осындай күрделі жағдайда еліміздің сыртқы экономикалық және сауда саясаты ашық, прагмативті және қарапайым. Қазақстан әртүрлі бірлестіктермен, елдермен және компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастық орнату үшін ашық болып қала береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтарына тоқталып, Еуропа одағымен қарым-қатынастарға баса мән беретінін айтты.  

«Біз Еуропада болып жатқан оқиғаларды мұқият қадағалап отырамыз, Еуропа көшбасшыларымен тұрақты түрде сындарлы диалог орнаттық. Қазақстан Еуропа одағының Орталық Азия өңіріне қатысты жаңа ұстанымдарына қолдау көрсете береді. Біздің Еуропамен ықпалдастығымыз, негізінен, Германиямен арадағы экономикалық, тарихи, мәдени байланыстар бойынша ерекшеленеді», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы форум қатысушыларының назарын Қазақстанның қарқынды өсіп келе жатқан инвестициялық әлеуетіне аударды.  

«Біздің көрші елдермен тығыз интеграциямыз іргелес нарықтарға шығуға қолайлы жағдай жасайды. Бүгінде 500 миллионнан астам адам бізбен шекаралас көрші елдерде тұрады. Еуразиялық экономикалық одақ аясында еңбек қозғалысы, қаржылық қызмет көрсету, капитал және сауда секілді төрт еркіндік бойынша басымдыққа ие болғымыз келеді. Орталық Азиядағы жақын көршілерімізбен тығыз ынтымақтастығымызды жалғастыра береміз. Сондықтан Қазақстанда жұмыс істеп жатқан неміс компаниялары үшін қосымша нарыққа шығуға мүмкіндік ашылады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Үкімет ауыл шаруашылығына, жаңа технологиялар мен цифрлық қызметтер көрсету салаларына неміс инвестициясын тарту ісіне қолдау көрсетуге әзір.

«Біз «Цифрлық Қазақстан» арнайы мемлекеттік бағдарламасын қабылдадық. Германиядағы Фраунгофер институты осы стратегиялық бағдарламаны әзірлеуге қатысты. Өңіріміздегі барлық стартаптарға қолдау көрсету мақсатында Астана-хаб және ІТ-университет аштық. 3 жылдан кейін еліміздің ІТ саласында дарындылар пулы қалыптасады деп үміттенеміз. Жалпы, біз цифрландыру саласында үкіметтік құрылымдар деңгейінде де, жеке компаниялар деңгейінде де ынтымақтастық орнатуға дайынбыз», – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияны Қазақстанның стратегиялық серіктесі екенін тағы да атап өтіп, еліміздегі неміс бизнесіне тиісті жағдай жасайтынын айтты.

«Біз сіздерге барынша жеңілдіктер жасауға дайынбыз. Соның ішінде арнайы экономикалық аймақтарда салықтан босату, инфрақұрылым ұсыну және басқа да жеңілдіктер бар. Мен «Қазақинвест» пен Қазақстанның тікелей инвестициялар қорына Германия инвесторларымен ынтымақтастық жасайтын арнайы офис ашу жөнінде тапсырма бердім», – деді Мемлекет басшысы.

Германия бизнесінің еліміздегі жобаларын іске асыруға «Бәйтерек» холдингі мен Қазақстан даму банкі қолдау көрсететін болады.

«Бұл еліміздің инвестициялық жүйесі үшін жаңа шара болып саналады. Біз бұған дейін ешқандай елге мұндай жағдай жасаған емеспіз. Осы бастама дұрыс ұйымдастырылған жағдайда Үкімет пен инвесторлар мұны тиімді жұмыс істейтін тетікке айналдырады деп  сенемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Берлиндегі АХІСА конгресс-орталығында өткен іс-шараға ГФР үкіметінің жоғары лауазымды қызметкерлері, сарапшылар, журналистер және неміс бизнесінің 250-ден астам өкілі қатысты.


Жаңалықтар тізбегі
03 Сәуір 2020, 13:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №160 Қаулысы
03 Сәуір 2020, 13:17
Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды, Шымкентте карантин енгізілді
02 Сәуір 2020, 20:40
Растаушы құжаттарды тапсырмай төлемді кейінге шегеру - төтенше жағдай кезінде тұрғындар мен бизнеске қандай қолдау көрсетіледі?
02 Сәуір 2020, 15:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №153 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №152 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №147 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №126 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №124 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №123 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №122 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:52
Қазақстан Республикасы Үкіметініңі 2020 жылғы 16 наурыздағы №116 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №115 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 11:51
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру 7 мың жобаны қамтиды — ҚР ЕХӘҚМ 
02 Сәуір 2020, 10:42
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыруға жұмсалатын шығындар 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылады — ҚР Қаржы министрлігі 
02 Сәуір 2020, 10:20
Үкімет азаматтар мен бизнесті қолдаудың қосымша шараларын қабылдады
02 Сәуір 2020, 10:13
ШОБ биылғы 1 қазанға дейін салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылады — ҚР ҰЭМ
01 Сәуір 2020, 20:17
Шарттар өзгертілді — қазақстандықтар 42 500 теңге мен «азық-түлік жиынтығын» қалай алады 
01 Сәуір 2020, 10:32
2 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
31 Наурыз 2020, 21:40
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі
30 Наурыз 2020, 16:55
Коронавируспен күресуге тартылған медицина қызметкерлеріне төленетін үстеме ақы көлемі бекітілді
30 Наурыз 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №54
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 наурыздағы №154 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысы
28 Наурыз 2020, 12:15
Машина жасау саласындағы бір жұмыс орны іргелес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады
28 Наурыз 2020, 11:56
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов Қостанайда жаңа автомобиль модельдерінің бірлескен өндірісін ашты
27 Наурыз 2020, 13:01
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Наурыз 2020, 08:30
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырады
26 Наурыз 2020, 18:42
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті
25 Наурыз 2020, 16:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды
24 Наурыз 2020, 22:41
ҚР Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті
24 Наурыз 2020, 15:11
Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды
24 Наурыз 2020, 14:34
«Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланды
23 Наурыз 2020, 13:36
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі
22 Наурыз 2020, 13:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №53
21 Наурыз 2020, 16:09
Қ. Тоқаев коронавируспен күрес жұмыстарын үйлестіру және мониторинг жасау жөніндегі Шұғыл әрекет ету орталығына барды
21 Наурыз 2020, 14:50
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
21 Наурыз 2020, 12:34
Асқар Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:06
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:01
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 08:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
21 Наурыз 2020, 08:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 Қаулысы
20 Наурыз 2020, 17:52
А. Мамин әкімдерге ірі кәсіпорындармен және ШОБ-пен бірлесіп жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды
20 Наурыз 2020, 12:00
Карантин енгізу қазақстандықтарды барлық қажетті өнімдермен қамтамасыз етуді шектемейді — Е. Тоғжанов
20 Наурыз 2020, 11:53
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшірілді
20 Наурыз 2020, 11:29
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
20 Наурыз 2020, 09:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді 
20 Наурыз 2020, 07:55
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.