Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысына қатысты

Жұма, 20 Желтоқсан 2019, 18:04:42

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері мемлекеттік орган өкілдерімен бірлесіп ауқымды жұмыс атқарғанын, қызу талқыланып, пікірталас туғызған көптеген ұсыныстар мен бастамалардың ескерілгенін атап өтті. Мемлекет басшысы Кеңестің басты мақсаты еліміздегі экономикалық және саяси мәселелер бойынша жүйелі, ұзақмерзімді, тиімді шаралар әзірлеу екенін айтты.

«Бұл демократияны нығайтуға және қоғамның билікке деген сенімін арттыруға үлкен серпін беретін жұмыс деп санаймын. Біздің тәжірибеміз халықаралық ұйымдар тарапынан жоғары бағаланып отыр. Көпшілік оны жауапты әрі сындарлы диалогтың үлгісі ретінде қабылдады. Ең бастысы, Ұлттық кеңес  қоғамның сенімін ақтай алатынын дәлелдеді. Мұның тағы бір маңызды қыры бар. Біз сындарлы диалог арқылы жаңа саяси мәдениеттің негізін қалыптастырып жатырмыз», – деді Президент.  

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде балама көзқарастан қорықпау процесі жүруде. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде Президенттің «Әртүрлі көзқарас – бір ұлт» формуласы тікелей іске асып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев біріктірілген шешімдердің негізінде реформаның алғашқы бөлігі дайындалғанын жеткізді. Сондай маңызды реформалардың бірі – жер мәселесі және ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану.

«Ауыл шаруашылық министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп 2020 жылдың 1 мамырына дейін барлық дайындық жұмыстарын аяқтауы және бірқатар аймақтардағы жерді космомониторингтеу жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыруы керек. Сонымен қатар жерді тиімді пайдалануды бақылауды күшейтудің басқа да шараларын қолға алуымыз қажет. Игерілмей жатқан жер учаскелеріне салынатын базалық салықты 10-нан 20 есеге дейін арттыруды ұсынамын. Бұдан бөлек игерілмей жатқан жерлерді мәжбүрлеп қайтарып алудың уақытын екі жылдан бір жылға дейін қысқарту қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекеттік құрылымның есеп беруі мен ашықтығы, бюджет қаржысының тиімді әрі ұтымды жұмсалуы – маңызды мәселенің бірі. Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімі бойынша, алдағы уақытта Есеп комитеті мемлекеттік органдар мен ұйымдарда жүргізген аудиторлық жұмыстарының қорытындыларын жариялайды, квазимемлекеттік сектордағы әлеуметтік маңызы бар мекемелердің директорлар кеңесінің құрамына азаматтық қоғам өкілдері кіреді, мемлекеттік кәсіпорындардың бәсекелестік нарыққа экономикалық тұрғыдан тартылуын азайту жұмыстары басталады. 

Сондай-ақ шет елден жұмыс күшін тартуға қатысты заң нормалары да өзгереді.

«2020 жылы шет елден келетін жұмыс күшіне берілетін квота айтарлықтай қысқарады. Енді ол шамамен 40 пайызға төмендейді, яғни 2019 жылы шет елдерден 49 мың жұмысшы келген болса, 2020 жылы ол 29 мыңға дейін азаяды. Екіншіден, 250-ден астам адам жұмыс істейтін, оның ішінде 30 адамнан аса шет ел жұмысшыларын тартатын кәсіпорындарда тұрақты тексеру жүргізіледі. Енді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалақының теңдей берілмеуі, әлеуметтік-тұрмыстық кикілжіңдер секілді тағы да басқа заң бұзушылықтарға дер кезінде үн қата алады, мұндай проблемалардың көбеюіне жол бермейді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы өз сөзінде бюджет қаржысының бөлінуі, сыртқы қарыз туралы мәліметтердің ашықтығы жөніндегі ақпараттың жариялы болуы маңызды екеніне тоқталды. Осыған байланысты 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін Ұлттық экономика министрлігіне, Қаржы министрлігіне және Ұлттық банкке сыртқы қарыздың Бірыңғай реестрін әзірлеуді тапсырды.

Көлеңкелі экономикаға және қаржының заңсыз айналымына қарсы күресу үшін Үкімет Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бизнес субъектілері бойынша ашық әрі біріктірілген мәліметтер базасын қалыптастырады.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік реформалар туралы айта келіп, көпбалалы  отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек мәселесі әлі де өзекті болып отыр деп санайды. Үкіметтің алдына ашық әрі әділ атаулы көмекпен қамтамасыз ету міндеті қойылды. Президент мемлекеттің тек мұқтаж жандарға ғана жәрдем беруі тиіс екенін айтты.

«Көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақыны дифференциалды, яғни айлық есептік көрсеткіштің 42,5 мың теңгеден 74 мың теңгеге дейінгі еселенген өлшемімен беру ұсынылады. Сонымен қатар жағдайы төмен отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет жасақталады. Мектеп жасына дейінгі балалар азық-түлікпен және ең қажетті деген құрал-жабдықтармен қамтылады. Оқушылар мектепте ыстық тамақты тегін ішеді, мектепке барып-қайту жолақысы, сондай-ақ, мектеп формасы мен оқу құралдары тегін болады», – деп мәлімдеді Президент.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар да назардан тыс қалмайды. Жұмыс берушілер оларды жұмысқа қабылдау үшін арнайы квота бөлуі тиіс. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс берушілердің міндетті 5 пайыздық зейнетақы жарнасын төлеуді енгізу мерзімін кейінге шегерді.

«Жұмыс берушілердің міндетті 5 пайыздық зейнетақы жарнасын төлеуге қатысты дау-дамай басылар емес. Мұны 2020 жылдың 1  қаңтарынан бастау көзделген болатын, алайда, әлі күнге дейін баршаға ортақ ұстаным жоқ. Сондықтан жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасын енгізу мерзімі 2023 жылға дейін шегерілді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазіргі саяси жүйені реформалау саласында да маңызды қадам жасалады. Президенттің пікірінше, заңды және қоғамдық тәртіпті бұзбайтын әрі рұқсат етілетін митингілерді ұйымдастыруда ескерту қағидатын енгізуді қолға алу керек.  

«Бұл – менің түбегейлі ұстанымым. Мұны заңнамалық тұрғыдан бекітетінімізді білесіздер. Қоғамдық санаға митинг өткізу мәдениетін сіңіретін уақыт келді. Қоғамға да, мемлекетке де өз ұстанымдарын ашық айтуға бейімделетін кез жетті. Бірақ митингі өткізу тек өз құқы емес, жауапкершілік екенін де түсінген жөн. Бүгінгі Ұлттық кеңестің отырысында Президенттің Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жоспарды орындау аясында бейбіт жиындар туралы жоба әзірленгенін айтқым келеді. Бұл жерде қазіргі заңға жәй өзгеріс енгізу емес, бейбіт жиынның барлық түрін өткізу, ұйымдастыру мәселелерін реттейтін концептуалды жаңа заң туралы сөз болып отыр. Үкімет заң жобасын Парламенттің қарауына енгізу керек», – деп тапсырды Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев тіркеу үшін партия мүшелері санының төменгі шегін екі есеге, яғни 40 мыңнан 20 мың адамға дейін азайтуға болады деп санайды. Сондай-ақ Президент партия қатарына сайланатын азаматтар тізімінде әйелдер мен жастар үшін міндетті 30 пайыздық квотаны енгізуді ұсынды. Бұдан бөлек заң шығару органындағы саяси азшылықтың құқығын бекітетін заңнамалық норма енгізілетін болады. Бұл әртүрлі партия өкілдерінің Парламенттегі кейбір комитеттерді басқаруына мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы құқық қорғаушылар белсенді көтерген мәселелерді шешу ісіне де тоқталды. Сыртқы істер министрлігіне Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пактіге және оның Екінші Факультативті хаттамасына қосылу рәсімдерін бастауды тапсырды. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 174 бабын ізгілендіру ұсынылды.  Қоғамда көптен бері талқыланып, қызу пікірталасқа түсіп келе жатқан тағы бір маңызды мәселе – Қылмыстық кодекстің жала жабу туралы 130-бабы.

«Аталған нормаға қатысты пікірталасты зерделей отырып, бірыңғай шешім қабылдаудың соншалықты күрделі екенін байқауға болады. Өйткені құқықтық, гуманитарлық, этикалық және халықаралық стандарттар сияқты барлық бағыттарды ескеру қажет. Аталған мәселенің қағидаттары мен ерекшеліктерін талдау нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 130-бабын қылмыстық деп танымау және оны Әкімшілік кодекске ауыстыру жөнінде шешім қабылдадым. Осы ретте басқа азаматтардың құқығына кепілдік беру, оларды жала жабудан және орынсыз айыптаудан қорғау үшін жауапкершіліктің жоғары шегін сақтау қажет», – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында демократия дегеніміз билік үшін де, азаматтар үшін де бөліну мен ыдырауға емес, даму мен жасампаздыққа қызмет етуге тиіс зор жауапкершілік екенін атап өтті. Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстан азаматтары тарихи миссиясын орындауы, яғни билік пен халықтың үйлесімді диалогы арқылы кез келген қиындықты қалай және қайтіп еңсеруге болатынын көрсетуі тиіс

Жиынды Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов жүргізіп отырды, сондай-ақ, Президенттің кеңесшісі – Ұлттық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері – Ерлан Саиров, Саясат Нұрбек және Мұхтар Тайжан сөз сөйледі.

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің толық мәтінімен мына жерден таныса аласыздар.


Жаңалықтар тізбегі
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.