Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мемлекет басшысы Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесті

Сәрсенбі, 15 Қаңтар 2020, 15:13:38

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуге резервке енген 300 адам шақырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы іс-шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Президенттік кадр резервін құру туралы бастама өзінің сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі болғанын атап өтті.

«Сіздердің әрқайсысыңыз жоғары кәсіби біліктіліктеріңізді көрсетіп, мемлекет игілігі үшін адал қызмет етуге ниетті екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Сондықтан сіздермен кездесіп, еліміздегі өзекті мәселелер бойынша пікірлеріңізді тыңдап, кадр резервіне енген азаматтардың алдында тұрған міндеттер жөнінде өз ойымды білдіру үшін баршаңызды «Ақордаға» арнайы шақырып отырмын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдарында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен елімізде мемлекеттік басқарудың жүйесі қалыптасқанын айтты. Бұл жүйе талай қиын кезеңдерде өзінің тиімділігін бірнеше рет дәлелдеді.

Қазақстан Президенті қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, мемлекеттік аппарат жұмысына жаңа әдістерді енгізу қажет деп санайды.

«Барлық жаңалықтың ортақ мақсаты – халыққа жақын болу. Шын мәнінде, біз мемлекет қызметінің сервистік моделі жайында әңгіме қозғап отырмыз. Қазақстанға қоғамның талап-тілегіне дұрыс, тиімді және әділетті жауап беретін мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі керек», — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқаруды реформалау жайында айта келіп, биылғы жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің саны біртіндеп қысқаратынын, үнемделген қаражат тиімді жұмыс істейтін қызметкерлерді материалдық тұрғыдан ынталандыруға жұмсалатынын атап өтті.

«Қазақстан халқына арналған Жолдауда айтқанымдай, 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілердің, сонымен қатар ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын 25 пайызға қысқарту көзделіп отыр. Әрине, бұл біржақты жасалмайды, олардың атқаратын қызметін қайта қарап, яғни, мемлекеттік органдардың қызметіне жатпайтын міндеттерді аутсорсинг пен азаматтық қоғам өкілдеріне жүктей отырып қысқартамыз», — деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы өз баяндамасында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі үш қағидатына, атап айтқанда, ашықтық, инклюзивтілік және азаматтардың сұраныстарына жедел жауап беру мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Қазақстан азаматтары шенеуніктерді қоғамға қатысты барлық шешімдерді билік дәліздерінде қабылдайтын қандай да бір таңдаулы топ ретінде қарамауы керек. Шенеуніктер қолжетімді болуы қажет. Мемлекеттік қызметші халықтың ортасында халық үшін жұмыс істейтін халықтың бір бөлігі деуден еш жалықпаймын!», — деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Президенттік кадр резервінің әрбір мүшесінен елді дамытуға тың серпін беретін жаңа идея мен нәтижелі жұмыс күтетінін жеткізді.

«Алдағы уақытта сіздерді мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға жауапты қызметке жібереміз. Қазірдің өзінде резервке өткен елу бес азамат жаңа қызметке тағайындалды», — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл резервтегі 100 адамды жауапты қызметке тағайындауды, алдағы жылдарда кадрлық резервтің әлеуетін толық пайдалануды жоспарлап отырғанын айтты.

Қазақстан Президенті елімізде жүргізілетін ауқымды трансформациялар нақты салалардағы, өңірлердегі, қалалар мен ауылдардағы кішкентай өзгерістерден басталатынын атап өтіп, жастарды атқаратын қызметіне қарамай мемлекетті жаңғырту процесіне өз үлестерін қосуға шақырды.

«Бүгінгі жас буынның, оның ішінде сіздер де билікке келетін уақыт алыс емес. Сіздер мемлекетті басқару тізгінін алуға дайын болып, тиісті білім мен білікті меңгерулеріңіз қажет. Жастарымыз ел дамуының жаңа тарихи кезеңіне дайын болуы керек. Білім мен білік өршілдіктен биік тұруы тиіс», — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін еліміздің барлық жастарына арнай отырып, жаңару үдерісі өзінің ішкі саясаттағы басым бағыттарының бірі екенін айтты.

«Кадр резервін жасақтау жұмыстары мұнымен тоқтап қалмайды, жалғаса береді. Оның қатарына ынталы және лайықты жастар кіреді», — деді Президент.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы кадр резервіне кірген жастардың өздеріне жүктелген міндеттерді лайықты атқаратынына сенімді екенін тағы да қайталап айтты.

Шара барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова, Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері – «Астана» халықаралық қаржы орталығы Биржасының қаржы директоры Ренат Бектұров, Жапонияның ұлттық саяси зерттеулер институтының докторанты Зүлфия Сүлейменова, «Eurasia Blockchain Fintech Group Limited» компаниясының бас директоры Тілектес Адамбеков, «Өскемен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қамқоршылық және қорғаншылық органы, балалардың құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі Юлия Овечкина және «BTS Digital» ЖШС білім беру орталығының консультанты Олжас Сәкенов сөз сөйледі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінің толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.


Жаңалықтар тізбегі
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
15 Қыркүйек 2020, 09:44
Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 1 трлн теңге болатын 206 жоба іске қосылады
15 Қыркүйек 2020, 09:29
2020 жылдың 8 айында Индустрияландыру картасы бойынша 4,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды — ҚР ИИДМ
14 Қыркүйек 2020, 19:23
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады
14 Қыркүйек 2020, 18:42
Ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады
14 Қыркүйек 2020, 11:55
Қазақстанда Индустрия 4.0 енгізу немесе «ақылды» зауыттар карантин мен әлемдік пандемия кезеңінде өз жұмыстарын қалай атқарды
14 Қыркүйек 2020, 11:12
15 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Қыркүйек 2020, 10:51
ЕЭК Кеңесінің отырысында еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қаралды
13 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №77
11 Қыркүйек 2020, 16:18
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
11 Қыркүйек 2020, 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді таныстырды
10 Қыркүйек 2020, 23:02
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды
10 Қыркүйек 2020, 19:20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды
10 Қыркүйек 2020, 18:59
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
10 Қыркүйек 2020, 17:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 Қаулысы
10 Қыркүйек 2020, 17:06
Қашықтан білім беру, мектептердегі эпидемиологиялық ахуал, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету — Қазақстанда оқу үдерісі қалай ұйымдастырылған
10 Қыркүйек 2020, 13:12
Қазақстанда электронды өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 жылда 8,5 есе өседі
09 Қыркүйек 2020, 20:31
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:36
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:23
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 16:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №560 Қаулысы
09 Қыркүйек 2020, 15:06
Роман Скляр жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
09 Қыркүйек 2020, 12:50
ҚР Үкіметінің отырысы, 09.09.2020
09 Қыркүйек 2020, 11:59
Денсаулық сақтау министрлігі КВИ туралы: Қазақстанда емдеу мекемелерінде төсек-орындардың бос болмауы 6 есе төмендеді
09 Қыркүйек 2020, 11:31
2020 жылдың 8 айында азық-түлік өнімдері өндірісі 3,6%-ға артты — ҚР АШМ
09 Қыркүйек 2020, 11:21
Қазақстанның ішкі нарығы өзімізде өндірілген мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген — Н. Ноғаев
09 Қыркүйек 2020, 11:19
Қазақстанда контейнерлерді жалпы транзиттік тасымалдау көлемі 37%-ға артты — ИИДМ
09 Қыркүйек 2020, 11:02
Қабылданған шаралар еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырды – ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 
09 Қыркүйек 2020, 10:54
Биыл 8 айдың қорытындысы бойынша ҚР экономикасының негізгі салаларында оң динамика сақталып отыр  
09 Қыркүйек 2020, 10:53
Үкімет Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 10:25
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 604 қарыз берілді — Ұлттық банк
09 Қыркүйек 2020, 10:20
2020 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 5,5 трлн теңге кіріс түсті — Қаржы министрлігі
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.