«ҚазАгро» холдингі реформалау нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша таза пайдаға шығуды жоспарлап отыр

ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2019 жылғы 15 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде «ҚазАгро» холдингі» ҰБХ» АҚ қызметінің тиімділігін реформалау және арттыру жөніндегі шаралар кешені қаралып, мақұлданды, сондай-ақ оның басшылығына нақты тапсырмалар берілді:

  • ҚазАгроны, оның еншілес компанияларының санын қысқарту, олардың арасында функциялардың қайталануын болдырмай, олардың функционалы бойынша нақты ара-жігін ажырату арқылы ықшам Холдингке айналдыру; 

  • Холдингтің басқару органдарына шетелдік сарапшыларды тарту;

  • штатты оңтайландыру және Холдингтің операциялық шығыстарын қысқарту жөніндегі жұмысты жалғастыру;

  • ауыл шаруашылығын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік қаражаттың тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету;

  • ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін тиімді несие өнімдерін әзірлеу, несие беру процесін барынша автоматтандыру және несие өтінімдерін қарау уақытын қысқарту.

ҚазАгро басшылығы Үкіметті еңбек өнімділігін және АӨК өнімін экспорттауды арттыруға, жеке инвестициялар мен инновациялық технологияларды тартуға, сондай-ақ ауылда жаңа бизнес бастамаларды дамытуға бағытталған 10 жылдық кезеңге арналған Холдинг стратегиясының жобасын әзірлеу туралы хабардар етті.

Несие қоржынының сапасын жақсарту және тоқтап тұрған жобаларды сауықтыру бойынша шаралар пакеті қабылданды. 

Реформалар нәтижесінде Холдинг қысқа мерзімде ықшам және тиімді қаржы институтына айналады. 

ҚазАгро өз қызметінің нәтижелілігін арттыруды және 2020 жылдың қорытындысы бойынша таза пайда алуды жоспарлап отыр.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу