«NIF$50K» инновациялық бизнес-жоспарлар республикалық байқауы аясында 400-ге жуық өтінім жинау жоспарланған, деп хабарлады бүгін «ҰТРА» АҚ инновациялық белсенділікті ынталандыру орталығы директоры Бауыржан Жанатұлы.


«Байқау басынан бері біз 270 өтініш жинадық. Жоспар бойынша ай соңына дейін тағы 400 өтінім қабылданады», - деді Б. Жанатұлы.

Республикалық «NIF$50K» инновациялық бизнес жоспарлар байқауы ҚР ИЖТМ қолдауымен және «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ көмегімен «ҰТРА» АҚ ұйымдастырды.

2014 жылдың 23 маусымында «Инновациялық автобус» Астанадан Қазақстанның әр өңіріне сапарға аттанды. Ондағы мақсат инновациялық жобаларды іздеу. Автобус Петропавл, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Орал қалаларында болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, инноваторлармен кездесу деңгейі өткен уақыттармен салыстырғанда айтарлықтай даму үстінде. Әсіресе Атырау, Орал, Талдықорған, Ақтөбе, Павлодар қаласы өнертапқыштары үлкен белсенділікке ие.

«Өткен жылмен салыстырғанда өңірде инновациялық белсенділік байқалады. Инноваторлар, кәсіпкерлер саны да артып келеді. Нақты сұрақтар қойып, үлкен қызығушылыққа ие», - дейді Б.Жанатұлы.