Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жағдайында шетел автокөліктерін әкелу кезінде кедендік салық азайтылатын болады,-деп хабарлады Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов ОКҚ брифингінде.


«Кедендік салық белгілі бір дәрежеде төмендетіледі, ол ауыспалы кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Қазір бізде жеңіл автокөліктерге жылдан-жылға төмендетіліп отырған 30 пайыз көлеміндегі импорттық тұғыр бар,-деді Т.Жақсылықов.
Оның айтуынша, салық Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін 3 жылдан соң елеулі түрде азайтылатын болады. 

                   

Ведомство басшысының орынбасары атап көрсеткендей, ДСҰ-ға өту жағдайында қазақстан тауарларының ұйымға мүше елдері рыноктарына жетімділігі шарттары айрықша жеңілдейтін болады. Тараптарға Қазақстанның ДСҰ-ға өту жағдайындағы және жергілікті мазмұн мәселелеріне қатысты тарифтік сәйкестікке байланысты мәселелерді талқылау қалады.

«Бұл мәселелер де аяқталуға жақын, келісім жасаушы елдермен оларды қай бағытта шешу керектігі туралы ортақ түсінік бар. Бұл алдымен біз сауда жасау жағдайында кемсітушіксіз, жайлы режимдерді пайдаланатын боламыз. Сондай-ақ бұның біздің тауарларды сол елдердің аумағы үсімен өткізу жағдайына да қатысы бар»,-деді ол.