Қайта құрылған Өңірлік хаб қызметі шеңберінде ҚР Мемлекеттік басқару академиясының өңір елдерінің мемлекеттік қызметкерлерін оқыту жүргізіледі, деп хабарлады бүгін Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің басшысы Әлихан Байменов.



«Келешекте хаб шеңберінде Мемлекеттік басқару академиясының өңірдің мемлекеттік қызметкерлерін оқытуға гранттар бөлу көзделген. Бағдарлама авторласы мен серіктесі БҰҰ Даму бағдарламасы болып табылады»,- деді Ә.Байменов.

Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта Академия базасында Тәжікстан мен Өзбекстаннан келген мемлекеттік қызметкерлер оқытылып жатқанын атап өтті.  




Агенттік басшысының сөзіне сүйенсек, БҰҰДБ жобаны алғашқы қаржыландыру мен дайындық іс-шараларын өткізуді қосқанда жан-жақты қолдау көрсетеді, БҰҰДБ-ның қолдауы арқасында Өңірлік хабтың Хатшылығы құрылған. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада мемлекеттік қызмет саласында Өңірлік хабтың құрылтай мәслихаты өтті. 

Мемлекеттік қызмет саласындағы аталған хаб мемлекеттік қызмет саласында ТМД елдері мен Орта Азиядағы үздіксіз тәжірибе және білім алмасуға арналған көп жақты алаң болуы тиіс.

Айта кету керек, мемлекеттік қызмет саласында жаңа институт құру ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің және БҰҰДБ-ның бастамасы болып табылады, Астанада мемлекеттік қызмет саласында  Өңірлік хаб құру идеясына Мемлекет басшысы қолдау көрсетті. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Өңірлік хаб қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.