Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр

Дүйсенбі, 03 Тамыз 2020, 14:10:37

2020 жылғы қаңтарда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі түбегейлі жаңа сервис — видеобанкингті іске қосты. Клиент оның көмегімен банк менеджерімен бейне байланыс арқылы байланысып, қашықтан кеңес ала алады. Бұл туралы PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

Л. Ибрагимованың айтуынша, төтенше жағдай режимі басталғаннан бері Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің алдында онлайн-режимде қызмет көрсетуді жалғастыру міндеті тұр.

«Біз Қазақстанның барлық іскерлік белсенділігі соқтығысқан проблемаларға тап болдық. Наурыз айының соңында, карантиндік шаралар қабылданады деп жарияланған кезде және кейбір қалалардың санитарлық дәрігерлері біздің филиалдарымызға жұмыс істеуге тыйым салған кезде біз кейбір функцияларды онлайн режимге көшірдік», — деді ол.

Осы қиын-қыстау кезеңде сұранысқа аса ие қызметтердің бірі осы жылдың қаңтар айында іске қосылған видеобанкинг болды. Жаңа сервистің іске қосылуымен бірге жаңа мамандық — видеобанкир пайда болды.

«Сайттан бейне қоңырау жасағанда, сіз филиалға келген кезде жасайтындай операцияларды орындайсыз. Сізге қарама-қарсы видеобанкир отырады. Сіз өзіңізді таныстырған кезде бірнеше минут ішінде жүйе бірнеше фотосурет пен биометриялық сәйкестендіру жасайды», — деді ТҚЖБ басқарма төрайымы.

Биометриялық сәйкестендіру — бұл адам тұлғасын бет бейнесі, саусақ ізі немесе дауысы арқылы тануға мүмкіндік беретін технология. Жүйе шығындарды азайтады, клиенттерге қызмет көрсету уақытын қысқартады, алаяқтардан қорғайды, бизнес-процестерді оңтайландырады және кірісті арттырады. Мұндай технологиялар біртіндеп бүкіл әлем бойынша — АҚШ, Еуропа, Қытай, Жапония, Таяу Шығыс және Латын Америкасы елдерінде әртүрлі салаларды қамтып келеді. Бүгінгі таңда биометриялық технологияларды енгізу енді стартаптарға арналған сәнді тренд пен «ойыншықтар» емес, экономиканың әртүрлі салаларын дамытудың міндетті шарты болып табылады.

Адам тұлғасын анықтағаннан кейін банк операторлары операцияларды орындауға кіріседі. Қазіргі уақытта видеобанкинг арқылы екінші депозитті ашу, шарттық соманы өзгерту, басқа банктерге басқа шоттарға ақшаны аудару, депозитті онлайн шегеру және т. б. секілді ТҚЖБ қызметтері қолжетімді.

Биыл тамыз айында тағы да бірқатар қызметтер қолжетімді болады, атап айтсақ: шартты толық бұзу, депозиттерді біріктіру, онлайн-сақтандыру. Сонымен қатар Л. Ибрагимованың айтуынша, болашақта тіпті алғашқы депозитті ашуды онлайн форматқа ауыстыру жоспарланып отыр.

«Ол тұтастай жаңа онлайн-қызмет болады. Сіз аталған депозитті банктің филиалына келместен, онлайн режимінде аша аласыз. Біз бұл өте дұрыс шешім болады деп ойлаймыз. Бұл пандемиямен күресудің маңызды шарасы, мұнда адамды тікелей байланысқа шақырмаймыз, филиалдарымызда адамдардың көптеп жиналуын шектейміз», — деді ол.

Сонымен қатар Банктің филиалдық жүйесі қарыз беру процесіне шоғырландырылатын болады. Бұл қарыз беру кезінде туындайтын көптеген шектеулерге байланысты. Мысалы, бағалаушыны шақыру, мәмілені нотариалды растау және т. б. Алайда, Л. Ибрагимованың айтуынша, бұл мәселеде де банк онлайн-форматқа көшу мүмкіндігін қарастыруда және келесі жылы Қазақстанда онлайн-ипотека пайда болуы мүмкін.

«Бүгінде заңнамалық бастамалардың шағын топтамасын дайындап, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, Ұлттық банкпен мәселені талқылап жатырмыз. Үкіметке кейбір заңдарға өзгерістер енгізуді ұсынғымыз келеді, бұл Қазақстанда толыққанды онлайн-ипотека құруға мүмкіндік береді, онда сіз үйден шықпай-ақ, өз үйіңізге несие ресімдей аласыз», — деп хабарлады Л. Ибрагимова.

Оның айтуынша, қазір бұл ішінара жүзеге асырылған. Банкте алдын ала саралау қарастырылған. Мұнда клиент өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасының көмегімен өтінімге қол қояды, ал банк өз кезегінде оның төлем қабілеттілігін Бірінші кредиттік бюроның, зейнетақы қорының деректері бойынша бағалайды және соңында берілуі мүмкін ең жоғары соманы көрсете отырып, сертификат береді.

«Біз бұл онлайн-сервисті кепіл шартын ресімдеуге, меншік құқығын ресімдеуге дейін енгізгіміз келеді. Үйден шықпай-ақ, ипотека алу мүмкіндігін қарастырамыз. Бұл үлкен міндет. Менің ойымша, жыл соңына дейін заңнамалық бастамаларды тағы да талқылаймыз. Келесі жылдың басында, Отбасы банкі болатын уақытта, біз оны толығымен енгіземіз», — деп хабарлады ТҚЖБ басқарма төрайымы Л. Ибрагимова.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.