Қазақстанда туризм саласын дамыту туралы сұхбат: шетелдіктерді не қызықтырады және қай өңір экотуризм бойынша көш басында

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында туризмнің, әсіресе, эко және этнотуризмнің дамуына экономиканың маңызды саласы ретінде ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы «Kazakh Tourism» ҰК АҚ төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында айтып берді. 

— Қайрат Серікұлы, туристік саланың жалпы беталыстары қандай? Қазақстанның осы күн тәртібіндегі орны қандай? Биыл қандай жаһандық өзгерістер болды?

— Әлем де үздіксіз дамып жатыр. Туризм көптеген елдерде басымдықты сала. 2030 жылы 1,8 млрд адам ағымы күтіліп отыр. Осынша адам халықаралық шекаралардан өтетін болады. Қазақстанда ол әлі де болса енді басталуда. Әлем Қазақстанда демалу мүмкіндіктері жайлы енді ғана біліп жатыр. Еліміз бағыт ретінде бұрыннан бәріне белгілі, бірақ бұл жерде туризмнің алуан түрлері бойынша қандай мүмкіндіктердің бар екенін, оның ішінде эко және этнотуризм туралы әлем енді біліп жатыр. Бізде динамика жақсы. Орта есеппен 10% деңгейіндегі келушілер туризмі бойынша біз жыл сайын өсіп келеміз. Соңғы 5-6 жылда ішкі туризм бойынша да оң динамика бар — 10-15% деңгейінде. Біздің азаматтарымыз барынша көбірек Қазақстандағы демалыс орындарын таңдауда. Өзінің бір демалысын Қазақстанда өткізуге ниетті адамадар саны көп. Шетелге жылына үш рет шыға алатын адамдар бар, бірақ олар кемінде бір демалысын Қазақстанда өткізеді. 

Туризм түрлері бойынша беталыстар туралы айтатын болсақ, әлемде этнографиялық және саяхатшылық туризм кеңінен танымал болып келеді. Егер эко және этнотуризм әрқашан қызықты болса, аdventure-туризмге сұраныс жыл сайын 46%-ға дейін артуда. 

 

— Эко- және этнотуризм бойынша, жеткілікті дамыған, шетелдік келушілер арасында барынша сұранысқа ие қандай бағыттарды атап өте аласыз?

— Экотуризмнің бүгінде аса дамыған өңірі — Алматы өңірі. Бұл өңір әзір әрі ең көп туристерді қабылдайтын өңір. «Алматы облысының алтын алқасы» туры бар. Оны Жетісу деп те атайды. Тур Ұлттық парктерді, Көлсай көлін, Қайыңды көлін, Шарын шатқалын, Іле Алатау Ұлттық паркін қамтиды. Сондықтан мұнда туристер көптеп келеді. Щучинск–Бурабай курорттық аймағының әлеуеті зор. Бурабайға бүгінде туристер көптеп тартылады. Мұны экотуризм деуге келмейді. Бірақ оның элементтері бар — адамдар табиғатта демалу үшін, атқа мініп, қымыз ішу үшін келеді. 

Шығыс Қазақстан облысының әлеуеті тым жоғары. Бірақ тұру орындары барлық жерлерде жасақталмағандықтан, бұл өңірде дамуды енді бастады. Жуырда ғана Қатон-қарағайдан келдім. Онда Ұлттық парк бар. Әсем табиғат, пантамен емделу, балмен емделу… Әлеуеті өте зор. Адамдарды қабылдайтын 60 шағын үйлер бар. Олардың жалпы әлеуеті 10 мың туристке дейін қамти алады. Мақсат қойған — алдағы 5-10 жылда 10 есеге арттыру. Жеке бастамалар қолға алынады, Туризмді тұрақты дамыту қоры құрылады. Мұндай бастамалармен бизнес, қоғам мен мемлекет кез келген туризм түрін дамыта алады деп ойлаймын. 

Экотуризмді дамыту бойынша тағы зор әлеует Маңғыстау облысында бар. Онда аdventure-туризмге (саяхатшылық туризмге) басымдық беріледі. Қазір әлемде эко- және аdventure туризм қосарланған беталыстар байқалуда. Себебі аdventure табиғатқа соншалық зиян келтірмейді, сондықтан эок- және саяхатшылық туризм бізде де дамитын болады. 

 

— Эко- және этнотуризммен белсенді айналысқысы келетін жеке компаниялар, бизнесмендер не істеуі керек? Оларға қойылатын қандай да бір критерийлер бар ма, инфрақұрылымы қандай болуы керек? 

— Қазір бұл ұғымдар астасып, араласып кеткен, экотуризм де, этнотуризм де. Егер бұрын экотуризм туралы келген соң түнемейтін, немесе шатырларда түнейтін, сол жерлердегі қоқыстарды жинайтын т.б. адамдар деп ойлайтын болса, қазір экотуризм — бұл табиғатқа зиянын тигізбейтін немесе септігін тигізетін кез келген туризм түрі. Яғни адамдар міндетті түрлде шатырларда тұрмайды, олар қонақ үйлерде де тұра алады. Олар сонымен қатар эколодждарда да (экотехнологиялар негізінде құрылған экологиялық тіршілік кеңістігі) тұра алады. Олар сонымен қатар табиғатқа зиянын тигізбейтін әрі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын икемді қонақ үйлер болуы мүмкін. Әлемде далада немесе орманда туристерді қабылдап қана қоймай, жаңартылатын энергия саласында ең үздік тәжірибелерді қолданатын эколодж тұратын мысалдар өте көп. 

 

— Өңірлерге оралсақ, Алматы облысы туризмді дамыту бойынша көшбасшы екенін біз жақсы білеміз. Алакөл көлінде өткен жылы 1,3 млн-нан аса келуші болған. Демалушылар саны жазғы маусымда көп болатынын ескерсек, биылғы жылға алдын-ала қорытындылар бар ма? 

— Демалу маусымы екі айға созылады. Сондықтан бұл кезеңде Алматы облысы жағынан да, Шығыс Қазақстан облысы жағынан да демалушылар ағымы көп. Мен демалушылар ағымы сол деңгейде қалады деп ойлаймын. Қазір біз мәліметтерді күтіп отырмыз. бірақ алдын ала мәліметтер бойынша жазғы маусымы біткен соң демалушылар ағымы артқанын айта аламыз. 

 

— Түрлі әлеуметтік сауалнамалар нәтижелері адамдардың жақсы инфрақұрылым іздеп елден тысқары кететінін көрсетті. Бізде кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы туристік дестинацияға қатысты толығырақ айтып бере аласыз ба?

— Иә, кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біздің 10 басымдықты аумақта шоғырлануымызды қарастыратын мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Бұл аумақтар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан басқа, біздің Ұлттық парктеріміздің көпшілігін, Бурабай, Баянауыл, Шарын, Маңғыстауды қамтиды. Осы 10 аумақ барынша дамитын болады. Мемлекет ол жерлерге инфрақұрылымды дамытуға қаржы бағыттайтын болады, бұл өз кезегінде жеке бизнес пен инвестицияларды тартады. Қонақ үйлер дами бастайды. 

 

— Инфрақұрылымды дамытумен бүгінде кім айналысады? Бұл – жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде ме немесе сіздердің бастамаларыңыз бойынша қолға алына ма? 

— Қазір бұл құзырет Мәдениет және спорт министрлігінде азырақ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде көбірек. Және жергілікті атқарушы органдардың құзыреті бар. Республикалық маңызы бар жолдардың басым бөлігі Қазавтожол есебінен жөнделіп, салынады. Жергілікті көрнекті орындарға апаратын жергілікті маңызы бар жолдар әкімдіктердің жауапкершілігінде. Және жергілікті маңызы бар жолдардағы кез келген басқа жергілікті инфрақұрылым әкімдіктер мен ол табиғаты қорғалатын аймақта орналасқан болса, Ұлттық парктердің құзыретінде. 

 

— Қазір инфрақұрылым стандарттары қандай? Халықаралық стандарттардың дамуын ескерумен сіздер заңнамалық сипаттағы қандай да бір өзгерістерге бастама білдіріп отырсыздар ма?

— Бүгінде жол бойы сервисі бойынша стандарттар бар. Олар бірнеше күн бұрын әзірленді және осы стандарттарға біртіндеп көшу қолға алынған. Өкінішке орай, жол бойы сервисінің барлық пункттері бұл стандарттарға сай келмейді, бірақ осы бағытта жұмыстар атқарылуда. Стандарттар өте көп. Қонақ үйлер бойынша да, кемпингтер бойынша да. Бірақ мәселе көптеген стандарттардың ұсынымдық сипатта болуында. Қазір біз стандарттарды нақты ұстану мүмкіндігін пысықтап жатырмыз. Бұл жұмыстар қазір Мәжілістің қарауында жатқан заң жобасының аясында да жүргізіліп жатыр. Тіпті Премьер-Министр Кеңсесінің жобалық офисі аясында да. 

 

— Туризм – біздің еліміз үшін дамып жатқан жаңа бір сала. Отандық бизнес бұл салаға қаншалықты белсене қатысады? Құрылып жатқан жаңа жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер бар ма? Бұл салада кадрлар даярлау қалай жүргізілуде? Қазір туризм мамандығы бойынша оқып жатқан, бірақ кейін қайда жұмысқа тұратынын білмей жүрген студенттер өте көп….

— Қазір біз 100 жобаның дамуын қадағалап отырмыз, оның жартысы келесі жылдың соңына қарай аяқталатын болады. Бұл - түрлі кемпингтер, орналасу орындары, парктер. Жұмыстар мемлекеттік бағдарлама қабылданғанға дейін басталған болатын. Бұл жобалардың енгізілуі 2 жыл ішінде қосымша 6-7 мың тұрақты жұмыс орнын ашқызады. Егер жалпы сала бойынша айтатын болсақ, бүгінде тікелей жұмыспен қамтуда 120 мың адам қамтылған, қонақ үйлерді, турфирмалар мен орналастыру саласын алсақ. Егер біз көлік, мәдениет, орналастыру саласын қарастыратын кеңейтілген тізімді алсақ, онда біз 300 мыңға жуық адам жұмыс істейтінін айтамыз. Мемлекеттік бағдарлама аяқталған соң біз 70 мыңға жуық жаңа тұрақты жұмыс орнын қосуды жоспарлап отырмыз, сөз 2025 жыл туралы. Жаңа инвестициялардың келуі есебінен жаңа нысандар салынып, жаңа жұмыс орындары құрылатын болады. 

Бізде бірнеше ЖОО-да кадрлар даярлануда. Биыл туризм және қонақжайлылық бойынша халықаралық ЖОО тіркеліп, жуырда іске қосылатын болды. Жастар үшін перспективалар зор. Егер бұрын адамдар туризмге қандай да бір пайдасы немесе емтихандарын тапсыру жеңіл болғандықтан түссе, қазір біз саналы таңдауды көріп отырмыз. Жастар келіп, саланың динамикалы дамып жатқанын, шетелдіктер ағымын, халықаралық іс-шараларды көреді. Адамдар көбірек келіп, саланың маманы болуды қалайды. 

 

— Бүгінде шағын және орта бизнестің жеңілдіктері мен артықшылықтары қандай? Жаңа турагенттіктер тұрғысынан аталған бағыттар қалай дамитын болады, заңнамалық өзгерістер бола ма? 

— Жалпы, мемлекет саясаты да, біздің тілегіміз де — шағын және орта бизнестің құрауыштарын ұлғайту. Туризм саласына бизнестің қатысуы шағын және орта бизнес деңгейінде. Ірі бизнес бірлі-жарым, үлкен инвестициялар келетін жағдайлар көп емес. Шағын, орта және ірі бизнестің бірқатар артықшылықтары бар. Мәселен, ірі бизнесте тау шаңғысы курорттарын салу, жол бойы сервисі желілерін, қонақүйлер ашу және т. б. үшін 10 жылға дейін салықтан, кеден бажынан босатылу, жер телімі түрінде грант алу секілді артықшылықтар алуға болады. Сондай-ақ, «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бар. Онда шағын және орта бизнес кемпингтер, қонақ үйлер, тақырыптық парктер, тау шаңғысы курорттарын ашуға жеңілдікті пайыздық мөлшерлемемен қаржыландыруға ие бола алады. Туристификация картасына кірген аумақтарға, мемлекеттік бағдарлама аясында біз таңдаған топ-10 аумаққа басымдық беріледі.

 

— Kazakh Tourism құрылымында немесе Министрлікте кәсіпкерлермен өзара іс-қимыл орнатқан орган бар ма?

— Біздің компания құрылымында жеке дивизион жоқ. Сондықтан бұл жұымс тікелей жергілікті жерлерде жүргізіліп жатыр. Әкімдіктер кәсіпкерлерге «Даму» бағдарламасының аясында көмектеседі. Олар «Атамекен» ҰКП өңірлік өкілдері де. Негізі, өңірлерде кәсіпкерлермен жұмыс істейтіндер жетерлік. Бұл ретте біз де ашықпыз. Бізге де жүгінеді, біз кеңес беріп, бағыттаймыз. Біздің бұл жердегі міндетіміз - бизнес үшін жағдайлар жасау. Одан соң бизнес қолданыстағы құралдар бойынша жүгініп, қажетті көмекті ала алады. 

 

— Соңғы кездері біз ұлттық туристік өнім туралы жиі естіп жүрміз. Сіз біздің көрермендерімізге оның не екенін, қалай дамуы керектігін түсіндіріп бере аласыз ба? Қазақстандық туристік өнімді әлемдік нарықта ілгерлету үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

— Ұлттық туристік өнім деп қазір ұсынылып жүрген аса ерекше туристік өнімдер ұғынылады. Біз мұнда төрт негізгі бағытқа назар аударамыз: экотуризм, этнотуризм, еntertainment (ойын-сауық), ивенттер. Бұл бағыттарды біз төрт Е тұжырымдамасына біріктіреміз. Осы тұжырымдама аясында біз барлық бар өнімдерді қамтуға тырысамыз. Жеріміз үлкен, ландшафтары әр түрлі, климаттық ерекшеліктері бар болғандықтан, таңдау да үлкен, мәдени алуандылық зор. Біздің елімізде 130 ұлт өкілі тұрып жатқандықтан, ас мәзірі, тілдер т.б. бойынша бұл ауқымды бағыт. Бұл сан алуандықтан шағын бір бағытты таңдап, оған бағытталу өте қиын. Сондықтан біз 4 бағытты таңдадық. Экотуризм туралы айтатын болсақ, бұлар біздің Ұлттық парктер, аdventure-туризм. Егер этника туралы айтатын болсақ, кеиіз үйлерде тұру, бүокітпен аңшылыққа шығу, гастрономиялық туризм. Біздің қолымызда бар өнім басқаларынан ерекшеленетін болады деп санаймыз. Ол суббрендтер айналасында шоғырланған. Қазақстан - бұл алманың, қызғалдақтың отаны, Жібек жолы, жылқы малы алғаш рет қолға үйретілген мекен. Осы тұрғыда ұлттық туристік өнім дамитын болады. Бұл өнімді жетілдіріп, ілгерлету керек. 

 

— Қайрат Серікұлы, соңғы уақыттарда тарихи жерлерді аңызға айналдыру туралы көп айтылып жүр. Мысалы, Түркістан қаласы Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бүкіл түркі әлемінің тарихи-мәдени ортасы ретінде дамытылуда. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Бұл нысанға жыл сайын қанша турист келетіні туралы болжам бар ма? 

— Бүгінде Түркістан облысына, тікелей Түркістан қаласына көп көңіл бөлініп отыр. Келесі жылы әуежайды іске қосу жоспарланған. Бұл басты даму драйвері болады. Түркістандағы бүгінгі келушілер ағымы Шымкент қаласынан есебінен орын алуда. Көптеген туристер күндіз келушілер немесе киелі орындарға бағыт алғандар. Негізгі міндет - адамдар Түркістанға түнеуге келіп, бірнеше күнге қалып, қаржыларын осында жұмсап, кәдесыйлар алуына, мейрамханаларға баруына жағдай жасау. Ол үшін қазір база құрылып жатыр. Әуежайдан басқа, қонақ үйлер салынуда, бұдан соң тұрақты темір жол және атвобус қатынасын жолға қою қажет. Түркістан мен Шымкент қалалары қандай жағдайда да бірге дамитынын бұл жерде түсіну қажет. Сондықтан мұнда үлкен ішкі нарық бар. Шымкентте бизнес туризм бойынша ағым қалыптасқан. Түркістан - белгілі болса да, жаңа жер. Сол себепті осы екі қалада бірге жұмыс істеп, бірыңғай маркетинг бағдарламасын, бірыңғай инфрақұрылымдық даму жоспарын жасау керек. Жалпы, түркі тілдес дүниеде, ислам әлемінің басқа елдерінің арасында әлеует зор. Мысалы, бұл өнім Малайзия, Индонезияда өте қызығушылық тудырады. 

 

— Маңызды сұрақтардың бірі – туристік дестинациялардың қолжетімділігі. Қазақстанның аса танымал жерлеріне жетудің көлік шығындарын жеңілдету, визалық алым, қонақ үй тарифтерін реттеу бойынша басқа ведомстволармен (ҚР ИИДМ, ҚР СІМ, ҚТЖ) қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? 

— Қазіргі уақытта туристік компаниялар қалыптасқан ортада жұмыс істейді. Олардың басты міндеті – ең аз шығындармен және үлкен жайлылықпен туристік ағым құру. Сонымен қатар, пайда табу. Мемлекет әлеуметтік маңызы бар қалаларға рейстерді субсидиялаумен көмектеседі. Сонымен қатар, біз дамытқымыз келетін топ-10 дестинацияға субсидияланған рейстер ұлғайтылатын болады. Әуежайлары бар өңірлер. Алакөл туралы айтар болсақ, бұл – Үшарал, Үржар. Қазіргі уақытта Баянауылда да әуежай іске қосылуда. Осы негізгі бағыттар бойынша рейстер субсидияланады. Сонымен қатар, қазір балалар үшін ата-аналарымен тегін саяхаттауға мүмкіндік беретін Kids Go Free жаңа жүйесі пайда болды. Мұнда мемлекет субсидиялайды. Бұл жағдайда қайтарым бар, біріншіден, балалардың тегін ұшатындығын ескере отырып, көптеген адамдар ел ішінде демалғанды жөн көреді. Тиісінше, ақша экономикада қалады. Қазір тетік пысықталуда. Келесі маусымда біз бұл бағдарламаны іске қосамыз деп ойлаймын.

 

— Kids Go Free тек белгілі-бір нақты бағыттар бойынша ғана қолжетімді бола ма?

— Бұл нақты маусымдағы – балалар каникулы кезіндегі нақты бағыттар .

 

— Алда келе жатқан қыс маусымына қарсы бізде тау шаңғысы туризмі қалай дамып жатқаны туралы айтып берсеңіз? 

— Тау шаңғысы туризмі бізде Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында дамыған. Қазақстан тұрғындары қатарынан да, шетелдіктер тарапынан да келушілерді байқаймыз. Бір айта кетерлігі, қыс мезгілі болмайтын елдердің тұрғындары көбірек қызығушылық танытады. Малайзиядан, Үндістаннан келеді. Бүгінде визасыз режим тағы 12 елмен ашылды. Бұл Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Филиппины, Индонезия, Таяу Шығыс елдері, Сауд Арабиясы, Катар, БАӘ. Бұл қар мүлдем жаумайтын елдер. Сондықтан бұл ағым одан әрі артады деп ойлаймын, дегенмен кеңейту керек, себебі, бүгінгі әрекет етіп тұрған курорттар, әсіресе Шымбұлақта, маусым кезінде адам ағыны тым көп болып, мүмкіндіктері жетпей жатады. Алматыда тау шаңғысы курортын кеңейту туралы бастама бар. Бұл — Түрген шатқалы және т. б. Осы ағын сақталған жағдайда, және қысқы туризмнің осы түріне қызығушылық артып жатқан кезде, сондай-ақ бизнеске көмекті жалғастырған жағдайда бұл туризм түрі тек Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында ғана емес, басқа өңірлерде де дамитын болады деп ойлаймын. Қазақстаның оңтүстігінде, Түркістан облысында үлкен әлеует бар. 

 

— Сіздің компанияңыз шетелдік және отандық туристердің артықшылықтарына талдау жасайтын шығар. Туризм саласында жұмыс көрсеткіштерін ұлғайтқысы келетін біздің отандық компанияларымызға қандай кеңес бере аласыз? Туристерді қалайша көптеп тартуға болады?

Біріншіден, шетелдік клиенттермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру қажет. Сата алу, аңыз құрастыру, туристік өнім туралы ақпаратты дұрыс ұсына алу қажет. Көпшілікке айтатын жақсы кеңес – онлайн шығу қажет. Біз өзіміздің талдауымызды жасадық, оның нәтижесі бойынша анықтағанымыз, өздерінің турларын сатуға болатын онлайн-алаңы, жыл бойына істейтін жүйелі турлары бар туроператорлар жоқтың қасы. Бәрі үшін сататын агрегаторды құру талпыныстары бар. Өкінішке орай, туроператорлардың барлығы аталған онлайн алаңмен жұмыс істей алмайды. Барлығы онлайн қызмет етсе деген ниет бар. Жеке сайтта ғана сатумен айналыспен, мүмкін болған барлық халықаралық алаңдарға тіркелу қажет. 

— Сұхбат бергеніңізге рақмет! 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу