Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Тұрғын үй құрылысын қазақстандық өнімдермен қамту 87% құрайды — ҚР ИИДМ

Сенбі, 10 Тамыз 2019, 16:41:37

 

Құрылыс саласы ел экономикасының басым салаларының бірі. Аталған бағытты дамыту, ірі нысандарды салу мыңдаған жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, экономикалық өсуге және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етеді. Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Алмаз Ыдырысов Қазақстанның құрылыс саласының дамуы туралы айтып берді.

— Алмаз Серікболұлы, жарты жылдықтың қорытындысы бойынша құрылыс саласы еліміздің ЖІӨ-нің қанша бөлігін алады?

— Құрылыстың ЖІӨ-дегі үлесі 2018 жылдың қорытындысы бойынша 5,5% құрады, жарты жылдықтың қорытындысы бойынша — 4%. 2018 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 3,8 трлн теңгеге орындалды, бұл 2017 жылғы деңгейден 4,6%-ға жоғары. Осы жылдың жарты жылдығының қорытындысына сәйкес көлем 1,4 трлн теңгеге орындалды. Әсіресе тұрғын үй құрылысының оң қарқыны аса байқалады. Егер 2014 жылы біз 7,5 млн шаршы метр тапсырсақ, 2018 жылы 12,5 млн шаршы метр берілді. Биыл бұл көлемді арттырып, оны 13 млн-нан астам шаршы метрге жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Жалпы алғанда, өсім келешегі мен бұған қажетті барлық алғышарттар бар. Құрылыс саласын, атап айтқанда тұрғын үй құрылысын ынталандыруға және дамытуға арналған арнайы әзірленген бағдарламалар бар. Бұл қарқынды арттыруға мүмкіндік беретін барлық ынталандырушы факторлар қарастырылған «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы» бағдарламалары бар.

— Білікті мамандарға қатысты айтар болсақ: елімізде құрылыс саласының мамандары жеткілікті ме? Мамандарды даярлау сапасын жақсарту үшін қандай шаралар қолданылып жатыр?

— Бұл салада 620 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Құрылыстағы оң динамика сәйкесінше білікті мамандарға қажеттілікті тудырады. Бүгінгі таңда саланың цифрландыру, жаһандану және жаңа технологияларды енгізу жағдайында ілгерілеп келе жатқандығын ескерсек, қазіргі заманның жаңа сын-қатерлері, АT-технологиялардағы жаңа бағыттар пайда болуда. Осы тұрғыдан әрдайым кадрларға деген сұраныс болады.

Мамандарды қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды ынталандыру үшін салада заңнамалық деңгейде қайта даярлауды жүргізу тетіктері енгізілуде. Құрылысшылар мен жобалаушылар туралы айтар болсақ, онда лицензия аясында басшылық, инженерлік-техникалық құрамға және негізгі персоналға олар жеткілікті түрде біліктілікті болып, қажетті нормативтік базаны білуі үшін оқыту сабақтарын өткізетін аттестациялық орталықтар құрылған.

Нормативтік база үнемі жетілдіріліп отыратындықтан, институт кадрларды қайта даярлау мен біліктілікті арттыру шараларын жүргізіп отырады. 2015 жылдан бастап Еурокодтар бойынша сәулет-құрылыс бағытындағы оқу орындарының инженерлік-техникалық қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамы оқытылады. Сонымен, 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде 430 жобалық және құрылыс-монтаж ұйымдарының 1000-нан астам маманы оқытылды.

Сонымен қатар, Еурокодтарды оқытудың 15 орталығы жұмыс істейді, оларда жыл сайын орта есеппен 800-ге жуық маман оқытылады. Оқытылған мамандардың жалпы санының 90%-ы — жобалаушы инженерлер, 1,2%-ы — ЖОО оқытушылары, қалған 8,8%-ы — сәулетшілер, инженерлік-техникалық жұмысшылар.

Біліктілікті арттыру үшін жеке құрылымдардағы бәсекелестікті көздейтін өзін-өзі реттеу тетігі енгізілуде. Бұл ұйымдардың өздері саланы реттейтіндігін, сол арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттырып, тиісті талаптарды қойып, мамандардың біліктілігіне жоғары сұранысты арттыруды білдіреді. Біз өзін-өзі реттеуді 2020 жылы енгізуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде Сараптамалық ұйымдар палатасы жұмыс істеп жатыр, бұл жұмыс кадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау аясында жүзеге асырылады. Егер осы салада оң тәжірибе болса, онда құрылыстың басқа да салаларын (жобалау, қадағалау) өзін-өзі реттеу формасына көшіруіміз мүмкін.

Еурокодтар бойынша оқыту бүгінде ЖОО-ларда енгізілгенін айта кету керек. BIM технологиялары да оқу бағдарламаларында қарастырылған. Құрылыс және жобалау процесінің барлық қатысушыларымен тұрақты негізде семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу тәжірибеге енген.

— Қазіргі таңда Қазақстанның мегаполистері мен өңірлерінде тұрғын үй құрылысы қалай дамып жатыр?

—  Еліміздегі тұрғын үй құрылысының қарқыны жыл сайынғы өсудің оң қарқынын сақтап тұр. 2019 жылы 13,1 млн шаршы метр салып, пайдалануға беру жоспарланған, оның 5,7 млн шаршы метрі осы жылдың бірінші жарты жылдығында пайдалануға берілді, бұл жылдық жоспардың жартысына жуығы (немесе 43,5%). Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің артуы республиканың 10 облысында жалғасуда. Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көшбасшылар — Түркістан, Қызылорда, Алматы, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Павлодар облыстары.

Құрылыстың көлемі бойынша Қызылорда, Қарағанды, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Павлодар облыстары және Алматы қаласы көш бастап тұр.

Сонымен бірге 4 өңірде көрсеткіштердің төмендеуі байқалады:

Нұр-Сұлтанда Назарбаев Университетінің нысандары мен көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысының аяқталуына байланысты жұмыс көлемі азайды.

Шымкентте құрылыс жұмыстарының төмендеуі трансформатор зауытының құрылысы бойынша жұмыстардың азаюына, Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жұмыстардың аяқталуына, жолдар мен көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына байланысты болды.

Маңғыстау облысында автожолдарды реконструкциялау және Құрық портында өндірістік кешендер салу жұмыстарының аяқталуына байланысты құрылыс жұмыстарының көлемі азайды.

— Тұрғын үй нарығындағы бағалар туралы айтып берсеңіз, оларды төмендету үшін қандай шаралар қолданылып жатыр?

Солтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығы кешенінің, «Теннис орталығы» мен көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысының аяқталуына байланысты құрылыс жұмыстарының көлемі 1,1%-ға төмендеді.

— Алдымен нарықтың өзі сұраныс пен ұсынысқа байланысты бағаларды белгілейтінін атап өтейік. Мемлекеттік бағдарламалар аясында, оның ішінде мемлекеттік қаражаттың қатысуымен тұрғын үй берілетін болса, әрине, онда ынталандырушы факторлар қарастырылады. Айталық, мемлекет инженерлік инфрақұрылым жүргізу міндетін өзіне алады. Сонымен бірге, бұл шаршы метрдің бағасына әсер етеді, қосымша жер телімі қарастырылады, бұл құрылыс салушы үшін бағаның төмендеуіне әкеледі. Сонымен қатар, бағдарламада республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны белгіленеді, оларды әкімдіктер сақтайды және қажет болған жағдайда жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландырады.

Жалпы алғанда, құнын азайту үшін Министрлік отандық үй құрылысы комбинаттарын қолдау, тиісті үлгілік жобаларды әзірлеу, жаңа технологиялық материалдарды пайдалану, сондай-ақ құрылыс кезінде отандық өндірісті дамыту секілді бірқатар шараларды қарастырады. Сайып келгенде, мұның бәрі бір шаршы метрдің бағасының төмендеуінен көрінеді. Барлық осы ынталандырушы факторлар бар және олар жұмыс істейді.

— Бүгінде құрылыс нысандарының және жалпы құрылыс процесінің сапасы қандай жағдайда? Салынған тұрғын үйдің сапасын кім тексереді?

— Сапа, ең алдымен, құрылыс компаниясының өзіне байланысты, ал оның біліктілігі рұқсат құжаттары алғаннан бастап тексеріледі - бұл лицензиялар. Мердігер компанияның біліктілігін арттыру үшін лицензиялар үш санатқа бөлінді және әр лицензиатқа қойылатын талаптар қарастырылған. Құрылыс жұмыстарын тікелей білікті мамандар орындап жатқанына көз жеткізу үшін құрылысшыларды аттестациялау және оқытудың тиісті талаптары бар. Құрылыстың сапасын тексеру бойынша техникалық және авторлық қадағалау қызметтеріне жауапкершілік қарастырылған. Құрылыс процесінің барлық қатысушылары үшін барлық қылмыстық, әкімшілік жауапкершілік шаралары қарастырылған. Мұның бәрі заңмен қарастырылған, дегенмен, соған қарамастан құрылыс сапасына қатысты бірқатар шешілмеген мәселелер бар, көбінесе бұл құрылысшылардың, сондай-ақ бақылаушы қызметкерлердің жұмысқа деген немқұрайлығына байланысты. Осы сын-тегеуріндерді азайту үшін біз құрылыс процесінің айқындығын толық қамтамасыз ету үшін ақпараттық жүйені құрып жатырмыз.

«Е-Құрылыс» деп аталатын бағдарламалық өнімді жасау идеясы бар. Бұл құрылыс жұмыстарының бүкіл процесі. Ол онлайн режимінде және көпшілікке ашық болады және тиісті автоматтандырумен жүргізілетін болады. Біз жобаны цифрландыру аясында жүзеге асырып жатырмыз. Ол іске қосылғаннан кейін барлық жасырын жұмыстар блокчейнде жазылады және оны оңай көруге болады. Біріншіден, бұл сапаны жақсартады, сонымен қатар құрылыс жұмыстары кезінде орындаушылардың жауапкершілігін арттырады. Нұр-Сұлтан қаласында пилоттық жоба іске қосылды. Осы жобаны сынақтан өткізгеннен кейін біз нормативтік-құқықтық актілерге тиісті түзетулер енгізіп, содан кейін оны бүкіл ел бойынша жүйелі түрде іске қосатын боламыз.

— Құрылыстағы инновациялық технологияларды дамытуды ынталандыру үшін сіздің тараптан қандай шаралар қабылданып жатыр?

Біз қазір құрылыс саласын цифрландыруға үлкен назар аударып жатырмыз. 2020 жылдан бастап біз барлық техникалық нысандар Ақпараттық модельдеу технологиясында жобалануы керек деп болжап отырмыз. Біз сараптамадан өтіп, тікелей жобалауға  мүмкіндік беретін бірқатар нормативтік құжаттарды енгіздік. Ірі корпорациялар мен жеке құрылыс салушылар бұл жұмысты бастап, көше бастады. Бұл уақыт талабы. Бұл технология қажет, ол тәуекелдерді, кемшіліктерді азайтады және жобалау процесін жеңілдетеді. Құрылыс тұрғысынан цифрландыру аясында электрондық атқарушы құжаттарды жүргізуді енгізіп жатырмыз. Бұл да жаңа технологияларды енгізу шараларының бірі. Көптеген жаңа материалдар мен техникалық және технологиялық процестер қолданылып жатыр. Ол үшін тиісті технологиялық карта, баға жасалуда. Біз жыл сайын кем дегенде 50 технологиялық картаны әзірлейміз.

— Отандық құрылыс материалдарының көлемін ұлғайту үшін қандай жұмыстар атқарылуда?

— Біз соңғы екі жыл ішінде НҚА-ге ынталандыру мақсатында бірқатар өзгерістер енгіздік. Біріншіден, біз барлық мемлекеттік нысандарды жобалау кезінде қазақстандық қамтуды барынша қолдануды міндеттедік, бұл нақты орындалып жатыр. Екіншіден, сметалық құжаттама жасалып жатқан кезде жобалаушы сметада әр материалдың шыққан елін міндетті түрде көрсетуі тиісті норманы енгіздік. Бізде заңнамалық түрде отандық тауар өндірушілердің тізілімі қарастырылған. Біздің жергілікті нормативтік базамыз осы тізілімге толығымен кіріктірілген. Біз орындалған жұмыс актілеріне өзгерістер енгіздік, соған сәйкес мердігер мен тапсырыс беруші арасында есеп айырысу жүзеге асырылды. Егер материал Қазақстанда өндірілмеген болса, онда ол атқарушы құжаттамада жазылады.

Тиісінше, осы шаралардың барлығын бақылау үшін, әр өңірден «Атамекен» ҰКП жанынан комиссиялар құрылды. Қабылданған шаралар жобалардағы қазақстандық қамту үлесінің жыл сайынғы өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. 2016 жылы қазақстандық қамту үлесі 71% құраса, 2017 жылы – 72%, 2018 жылы – 77% құрады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 2022 жылға дейін тұрғын үй құрылысында қазақстандық қамту үлесін 90%-ға дейін арттыру міндетін қойды. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 87% құрайды. Құрылыс материалдарының көпшілігі — қазақстандық. Мәселен, Ақтөбе облысында тұрғын үйдегі қазақстандық құрам 90 пайызға жетті. Бұған жергілікті өндірістің құрылыс өнімдерін шығаратын жаңа кәсіпорындардың ашылуы ықпал етуде. Мемлекет отандық өндірушіге үлкен көңіл бөледі және барлық жағдайды жасайды.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
19 Мамыр 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №302 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 15:22
Жыл басынан бері 118 мың адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты — Б. Нұрымбетов
19 Мамыр 2020, 14:08
Р. Дәленов: Кешенді жоспардың басты мақсаты тұрғындарды жұмыспен қамту
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.