Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2020 жылы барлық ақшалай есеп айырысулар онлайн кассаны қолданумен жүргізілуге міндетті — З. Шындалимен сұхбат 

Дүйсенбі, 30 Желтоқсан 2019, 16:12:29

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды күшейтіп, салық төлеуден жалтаруға қарсы күресті жандандыруды міндеттеді. Аталған тапсырмаларды іске асыру мақсатында Үкімет пен бейінді министрліктер бірқатар кешенді шараларды жүргізуде. Солардың бірі — кассалық аппараттарды сандық жүйеге өткізу. PrimeMinister.kz берген сұхбатында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті директорының міндетін атқарушы Заңғар Шындали Қазақстанда онлайн бақылау-кассалық машиналарды енгізу, сондай-ақ аталған бастаманың мақсаттары мен пайдасы туралы айтып берді. 

— 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Салық кодексіне сәйкес елімізде барлық ақшалай есеп айрылысулар онлайн режимде жүргізілуге міндетті. Осы жылдың соңына дейін онлайн-бақылау кассалық машиналары толық қолданысқа енеді деп жоспарланған болатын. Жалпы, тапсырма қаншалықты орындалды?

— Тапсырманы орындадық, 2019 жылдың соңына дейін бүкіл онлайн-бақылау кассалық машиналарын онлайнға көшіру тапсырмасы орындалды. Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер, бірыңғай жер салығын төлеушілер шаруа қожалықтары келесі жылдан бастап бақылау-кассалық машиналарды тек ақшалай есеп айырысуларда қолдануға міндетті. 

 

— Нақты статистика бойынша бүгінгі күні қолданыстағы кассалық аппараттардың қаншасы онлайн режимде жұмыс істейді? Онлайн жүйеге өтпегендердің саны қанша? Жалпы, өту рәсімі қашан аяқталады?

— Жалпы, ҚР аумағында 640 мың бақылау-кассалық машиналары тіркелген. Олардың 97% немесе 620 мыңы — онлайн кассалық машиналар (ОКМ). Салық төлеушілер саны бойынша айтар болсақ, 480 мың салық төлеуші ақшалай есеп айырысу кезінде онлайн кассаларды қолдануға көшті. 

— Онлай кассалық машиналарына көшу талаптары кімдерге қолданылмайды?

— Жалпыға бірдей интернет желілері жоқ жерлерде салық төлеушілер онлайн кассаларды қолдануға міндетті емес, бірақ олар қарапайым кассалық машиналарды қолдануға міндетті. Жалпы алғанда, жеке тұлғалар, екінші деңгейлі банктер, халықаралық тасымалдарды жүзеге асырушы тасымалдаушылар және ақшалай есеп айырысуды мүлдем қолданбайтын салық төлеушілер онлайн бақылау-кассалық машиналарды қолданудан босатылады. Бұл жерде ақшалай есеп айырысу дегеніміз қолма-қол ақша және төлем карталарын қолдану арқылы жасалатын төлемдер екенін нақтылау қажет. Мұндай жағдайларда бақылау-кассалық машиналарын қолдану қажет. Қалғандарында қажет емес.

 

— Дәстүрлі аппараттардан жаңартылған аппараттарға көшудің тиімділігі қандай? Кәсіпкерлер үшін қандай артықшылықтары бар? Онлайн бақылау кассалық аппараттарын енгізген кәсіпкерлік субъектілері бүгінгі күнде қандай нәтижелер көрсетті?

— Онлайн, онлайн емес кассалық машиналар деп жатырмыз, бұлардың мақсаттарының бәрі бірдей — ақша айналымдарын бекіту. Онлайн касса ақша айналымын бекітіп, салықтық органдардың базасына мәліметтерді жібереді. Бүгінгі таңда біз 3 млрд-тан астам түбіртекті көріп отырмыз және салықтық есептілік кезеңін күтпей-ақ, ақша аударымының сомасын көріп жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, салық есептілігі жарты жылда немесе бір жыл ішінде бір рет жасалады. Артықшылықтары — салық төлеуші салық органдарына бармай-ақ, онлайн кассаны тіркей алады, яғни оған ақшалай есеп айырысу кітабын толтырудың, сондай-ақ, онлайн кассаға пломба қоюдың қажеті жоқ. Ол мұның барлығын қашықтықтан және фискалдық оператордың сайтында жасай алады. Яғни, біз осылайша салық органдарымен байланысты азайтамыз. Кәсіпкер үшін басты артықшылығы — егер оның 2-3-тен артық кассасы болса, ол барлық төлемдер мен операцияларды қашықтықтан көреді. Ол бұл кассаларды салық органдарына келмей-ақ қашықтықтан өзі ала алады. Барлық аралық, қорытынды, күнделікті есептерді көре алады, онлайн шығарып ала алады.

 

— Онлайн бақылау-кассалық машиналарын қолданатын кәсіпкерлер үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған?

— ОБКМ санын көбейту үшін және кәсіпкерлерге оларды жедел түрде қостырту үшін 2019 жылы сатып алынған бақылау-кассалық машиналарының сомасының 50%-ын мемлекеттің қайтаратыны туралы норма әрекет етіп тұрды. Аталған норма тек осы жылы ғана жұмыс істейді. Сондықтан, патент негізінде арнайы салық режимін қолданушы салық төлеушілерге, сондай-ақ, бірыңғай жер салығын төлеушілерге және 50% жеңілдікпен кассаларды сатып алғысы келетіндерге биыл алуға кеңес береміз, келер жылы мұндай мүмкіндік болмайды.

 

— Жалпы процесс туралы толығырақ айтып беріңізші. Кәсіпкер неден бастау керек? Аппараттарды өз қаражатына сатып ала ма? Қандай қосымшалар мен сайттарды пайдалана алады?

— Кәсіпкерлер алдымен салық органдарында жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелуі керек. Одан кейін ол кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығынан бақылау-кассалық машиналарды сатып алады немесе қосымшасын жүктеп алады, себебі цифрландыру дәстүрлі темір бақылау-кассалық машиналарынан бақылау-кассалық машиналарына көшуге мүмкіндік берді. Қосымшаны компьютер, ноутбук, планшет немесе смартфон арқылы пайдалануға болады. Сатып алғаннан кейін ол бақылау-кассалық машинаны фискалды деректер операторының сайтында тіркейді. Келісімшартқа қол қояды, онда фискалдық деректер операторы салық органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты береді. Әрі қарай, әрбір операция үшін түбіртек алуы керек. 

Бүгінде бізде 85 модельден астам бақылау-кассалық машиналары мемлекеттік тізімге енген, яғни, қайсысы ыңғайлы екенін өздері таңдай алады. Бағалары тегіннен басталып, 1000-3000 теңгеден жоғары. 

 

— Бізде маусымдық, яғни жылдың белгілі бір мезгілінде ғана жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілері үшін абоненттік төлем қандай болмақ? Аталған кәсіпкерлер жыл бойы онлайн кассалық аппараттар үшін абоненттік төлем жасауға міндеттеле ме?

— Мәселен, кассалық машинаны тек бір айда ғана қолданатын болса, сол уақытқа ғана ақы төлейді. Қазіргі таңда 1500 теңге ғана төлейді, соның бір айын ғана төлеп, өзінің келісімшартын тоқтатып, қажет уақытында қоса алады. 

 

— Онлайн кассалық аппараттар салық жүйесіне қаншалықты әсер етеді?

— Онлайн кассалық аппараттар — көлеңкелі экономикамен күрестің бір құрылғысы. Зерттеулерге сәйкес, көлеңкелі экономиканың басым бөлігі сауда-саттықта, қолма қол ақша жүретін жерде болғандықтан, қолма қол ақшаны фискалды етіп жасаудың арқасында көлеңкелі экономика көлемін азайтуға болады. Көлеңкелі экономикамен тек мемлекет емес, тұтынушылар да күресуі керек. Олар өздерінің заңдық түбіртектерін талап етуі тиіс. Осы мақсатта жыл сайын соңғы бес жылда біз чек алуға ынталандыратын акциялар өткізіп жүрміз. Келесі жылы кэш-бэк жүйесін іске асырғымыз келеді, онда тұтынушы әрбір чектен бонус алып, оны салықты төлеуге жұмсай алатын болады. 


— Сұхбат бергеніңізге рақмет! 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
15 Қыркүйек 2020, 09:44
Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 1 трлн теңге болатын 206 жоба іске қосылады
15 Қыркүйек 2020, 09:29
2020 жылдың 8 айында Индустрияландыру картасы бойынша 4,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды — ҚР ИИДМ
14 Қыркүйек 2020, 19:23
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады
14 Қыркүйек 2020, 18:42
Ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады
14 Қыркүйек 2020, 11:55
Қазақстанда Индустрия 4.0 енгізу немесе «ақылды» зауыттар карантин мен әлемдік пандемия кезеңінде өз жұмыстарын қалай атқарды
14 Қыркүйек 2020, 11:12
15 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Қыркүйек 2020, 10:51
ЕЭК Кеңесінің отырысында еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қаралды
13 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №77
11 Қыркүйек 2020, 16:18
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
11 Қыркүйек 2020, 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді таныстырды
10 Қыркүйек 2020, 23:02
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды
10 Қыркүйек 2020, 19:20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды
10 Қыркүйек 2020, 18:59
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
10 Қыркүйек 2020, 17:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 Қаулысы
10 Қыркүйек 2020, 17:06
Қашықтан білім беру, мектептердегі эпидемиологиялық ахуал, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету — Қазақстанда оқу үдерісі қалай ұйымдастырылған
10 Қыркүйек 2020, 13:12
Қазақстанда электронды өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 жылда 8,5 есе өседі
09 Қыркүйек 2020, 20:31
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:36
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:23
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.