Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Волонтерлік қозғалысқа 50 мыңнан астам адам тартылған — Ә. Ғалымовамен сұхбат

Сенбі, 18 Қаңтар 2020, 11:37:26

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша 2020 жыл Қазақстанда Волонтерлер жылы деп жарияланды. Мемлекет басшысы волонтерлікті ұлттық деңгейде ғана емес, әр қала мен ауылда да дамыту қажеттігін атап өтті. Волонтерлік қозғалысты дамыту және қазақстандық волонтерлердің мәртебесі мен беделін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова айтып берді.

— 2020 жыл Қазақстандағы волонтерлер жылы деп жарияланғаны белгілі. Волонтерлікті мемлекеттік деңгейде мойындаудың алдында қандай жұмыс атқарылды?

— «100 қадам» Ұлт жоспары аясында 2016 жылы волонтерлер қызметі туралы арнайы заң қабылданды. Бұл заң алғаш рет елімізде волонтерліктің тұрақты, жүйелі дамуының іргетасын қалады деуге болады. Осы сәттен бастап волонтерлік бастамалар заңнамалық негіз бен орнықты дамуға ие болды. Волонтерлік ұйымдардың өздері атап өткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзіне өтініш білдірген бірқатар волонтерлік ұйымдардың бастамасын қолдап, тұрақты даму мақсатында Волонтерлер жылын жариялау туралы идеяны қолдады.

 

— Бүгінде Қазақстанда волонтерлер қозғалысы қалай дамуда? Өткен жылдың қорытындысы қандай? Қандай жобаларды ерекшелеп айтуға болады?

— Жалпы, статистиканы қарайтын болсақ, волонтерлер қозғалысы қазіргі таңда Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Егер 2017 жылы 100-ге жуық ұйым белсенді әрекет етсе, бүгінгі таңда 200-ден астам ұйым өздерінің волонтерлік қызметін жүзеге асыруда. Бұдан өзге, жекелеген бастамашылық топтар бар екенін атап өту қажет. Жалпы, біздің мәліметтеріміз бойынша, волонтерлер қозғалысына 50 мыңнан астам адам тартылған.

Мен бірнеше жылдар бойы тоқтамай жұмыс істеп келе жатқан тұрақты жобаларды атап өткім келеді. Олардың бірі — Ақпейілділер клубы (Клуб добряков). Ол еліміздің барлық өңірінде — әрбір қалада, әрбір елді мекенде жұмыс істейді. Ерікті жастар күнделікті мезеттік көмекті қажет ететін адамдарға көмектеседі. Волонтерлер жылдам бірігіп, қандай көмек қажет екенін анықтап, азаматтардың белгілі бір санаттарына көмектеседі.

Сондай-ақ бүгінгі таңда 2 мыңнан астам адамды қамтитын «28 петель» клубын атап өткім келеді. Еліміздің барлық аймақтарында Клуб бөлімшелері бар. Оған қоса, бұл қозғалыс басқа елдерге де — Әзербайжан, Ресей, Балтық жағалауы елдерінде таралған. Салмағы 500 грамм және одан жоғары шала туған балаларға арналған 130 мыңнан астам киім жиынтығы тоқылды. Бұл Клуб әлеуметтік, жас айырмашылығы, демографиялық мәртебесі әр түрлі адамдардың басын қосады. Шала туған балаларға арналған киімдерді тоқитын тек әйел адамдар емес, ер азаматтар да бар.

Біз желілік құрылым деп атайтын Клуб бар. Бұл — жоғалған адамдарды іздеумен айналысатын «Көшбасшы» (Лидер) ұйымы. Бөлімшелері Өскемен мен Нұр-Сұлтан қалаларында бар.

Сонымен қатар, «Мен — алматылықпын» (Я — алматинец) қозғалысын атап өткім келеді. Арыс қаласында қайғылы оқиға орын алған кезде, дәл осы волонтерлер ұйымы алғашқылардың бірі болып үн қатып, Арыс тұрғындарына алғашқы көмекті дәл осы қозғалыс көрсетті.

Сондай-ақ мен еліміз бойынша 80-нен астам волонтерлік ұйымды біріктіретін Ұлттық волонтерлер желісі ұйымын атап өткім келеді. Олардың да бірқатар қызықты жобалары бар. Атап айтқанда, өте маңызды және салмақты «Жеңіс» жобасы. Бұл – Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмек көрсету.

 

— Еліміздегі волонтерлер қозғалысы қандай бағыттар бойынша дамитын болады?

— Біз волонтерлікті дамыту бойынша жеті негізгі бағытты іріктеп алдық. Бұл – білім беру, медициналық, экологиялық волонтерлік, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға тәлімгерлік, техногендік апаттарды, төтенше жағдайларды жою кезіндегі еріктілік, қарт адамдарға, арнайы күтім көрсетілетін мекемелерде жүрген адамдарға, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсету, сондай-ақ рухани-мәдени және тарихи құндылықтарды сақтау бойынша волонтерлік.

Біз білім беру волонтерлігі аясында барлық өңірлерден еріктілер ауылдық жерлерге шығып, ауыл мектептерінің балаларына пәндер бойынша олимпиадаларға дайындалуға, ҰБТ-ны сәтті тапсыруға және межелік бақылауларда жақсы көрсеткіш көрсетуге көмектесетін болады деп болжаймыз. Волонтерлер компьютерлік технологиялар, роботты техника және басқа да инновациялық бағыттар бойынша жаңа дағдыларды үйрете алады. Біз «Біргеміз. Білім» жобасы аясында әрбір өңірде ауыл мектептерінің 1000 оқушысынан — барлығы 14 мың оқушы еріктілер тарапынан осы көмекпен қамтылатын болады, олар білім деңгейін арттыруға көмектеседі.

Медициналық волонтерлер аясында еріктілер хоспистерде де, онкологиялық орталықтарда да жұмыс істейтін болады. Мәселен, бізде Атырау қаласынан Арман Қасымов мұнай кәсіпорнында вахталық әдіспен жұмыс істей отырып, бос уақытында (екі апта, ол еңбек вахтасында емес) жедел медициналық жәрдем бригадасының құрамында жұмыс істеп көмектескені сияқты жақсы фактілер бар. Ол медицина қызметкерлеріне де, азаматтарға да көмектеседі. Осындай мысалдарды насихаттап, баршаға көрсетіп, халықты волонтерлік қызметке тартатын боламыз.

Сондай-ақ біз өте бір ауқымды бағытты көріп отырмыз — бұл техногендік апаттарды, төтенше жағдайларды жою кезіндегі еріктілік. Егер мұндай жағдайлар орын алса, азаматтарымыз, волонтерларымыз табиғи апат немесе техногенді апатқа жұмылдырылып, қарсы тұруға дайын болады.

Біз үшін тағы бір маңызды бағыт – «Қамқор». Осы бағыт аясында еріктілер қарт адамдарға, арнайы күтім жасалатын мекемелерде жатқан адамдарға, ерекше қажеттіліктері бар жандарға көмектесетін болады.

Қазіргі таңда Қазақстанда экологиялық волонтерлік, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға тәлімгерлік — «Біргеміз. Сабақтастық» жобасы белсенді дамып келеді. Сондай-ақ рухани-мәдени және тарихи құндылықтарды сақтау жөніндегі «Асыл мұра» бағыты қарқынды дамитын болады.

 

— Мемлекет басшысы еріктілерді даярлаудың білім беру орталықтарын ашу, әлеуметтік желілерде волонтерлік инфрақұрылымын құру қажеттігін атап өтті. Осы бағыттар бойынша қандай жұмыстарды атқару жоспарланып отыр?

— Министрлік «Qazvolunteer.kz» платформасын құрды. Бұл платформа волонтерлік ұйымдар мен жобаларды іздестіруді жеңілдету үшін құрылған. Яғни, ерікті болғысы келетін кез келген адам осы платформаға тіркеле алады. Волонтерлік ұйымдар, органдар немесе мекемелер жобаға қандай да бір бағыт бойынша волонтерді шақыра алады. Волонтер өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындаған жағдайда оны шақырған орган волонтердің жұмысын бағалай алады. Әрі қарай, еріктінің портретіне қарай отырып, кез келген басқа ұйым бұрынғы тәжірибесі мен бұрынғы волонтерлік ұйымның бағасын ескере отырып, оны басқа жобаларға шақыра алады.

 

— Қазақстандық волонтердің портретін суреттей аласыз ба? Оның бойында қандай негізгі қасиеттер болуы керек?

— Волонтерлер – бұл тек жастар деген таптаурынды сейілтетін шығармын. Бүгінгі таңда, біздің мәліметтерімізше, еріктілер – бұл 35-40 жастағы өте белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлға. Кәсіби тәжірибесі, жұмыс орны, білімі бар. Волонтерлер – бұл ең алдымен өз тағдырына, өз өлкесінің тағдырына, жалпы қоршаған ортасына немқұрайлы қарамайтын жандар. Әрине, волонтерлер – бұл мейірімді, қайырымды адамдар, сөзбен емес, іспен жақындарына, қоғамға көмек көрсетуге, қоршаған ортаны, өз елін жақсы жаққа қарай өзгертуге дайын азаматтар.

 

— Елімізде іс-шараларға өз еркімен қатысатын қанша волонтер бар? Болашақта Қазақстанда еріктілер қозғалысын қанша адам қамти алады?

— Әрине, жекелеген іс-шараларға көптеген адамдар тартылуы мүмкін. Мысалы, Экспо-2017 көрмесіне шамамен 7 мың волонтер тартылды. Біз сандарға жұмыс істемейміз. Біз үшін волонтерліктің жүйелі және тұрақты дамуына ықпал ету маңызды. Волонтерлер тұрақтылығы дегеніміз не? Бұл – адамның белгілі бір уақытты, бір-екі сағатын апта сайын волонтерлік қызметке бөлуі. Көптеген адамдарды жұмылдыруға болады. Мәселен, волонтерлік ұйымдардың өздері 6 жыл ішінде Ақпейілділер клубы (Клуб добряков) 300 мыңға дейін еріктіні тартқанын айтады. Дегенмен, бұл ретте тұрақты еріктілер, яғни тұрақты негізде волонтерлер қызметін жүзеге асыратындар саны шамамен 10 мың адам. Жалпы, біз Қазақстанда волонтерліктің болашағы зор екенін және азаматтардың мәселелерді шешу үшін бірігуге, өз тәжірибесімен, уақытымен, дағдыларымен бөлісуге дайын болған кезде позитивті жұмылдыру деңгейі өте жоғары екенін көріп отырмыз. Қазір қоғамда осындай жоғары сұраныс бар. Оған қоса, егер мемлекет тарапынан тиісті жағдайлар жасалатын болса, біз волонтерліктің осындай үлкен келешегі болады деп ойлаймыз. Біз қазір ең жақсы мысалдар мен тәжірибелерді көтермелеу, көпшілікке көрсету, волонтерлік қызмет тәжірибесін тарату түрінде моральдық ынталандыруға жағдай жасап жатырмыз.

Айта кетерлігі, бағыттардың бірі – корпоративтік волонтерлікті дамытатын боламыз. Бұл бизнес-ортадағы волонтерлік. Ол қазірдің өзінде қазақстандық компанияларда, шетелдік қатысумен жұмыс істейтін компанияларда бар. Біз аталған жақсы тәжірибені қазақстандық бизнес-компаниялар шағын және орта бизнеске көрсетсе екен дейміз. Бизнестің волонтерлік бастамамен қоғам үшін қандай пайдалы дағдыларды енгізе, көмектесе алатынын көрсеткіміз келеді.

 

— Халық арасында волонтерлік бастамалар қалай ынталандырылатын болады? Қандай жоспарларды байқадыңыз? Ерікті студенттер қандай сыйақыға ие бола алады?

— Бірнеше аспекті бар. Волонтердің еңбегі – ақысыз еңбек. Сонымен қатар, біз волонтерлік мүлдем ақшаны қажет етпейді деген аңызды сейілткіміз келеді. Алайда, еріктілер немесе волонтерлік ұйымдар жұмсаған шығындарға қаражат қажет. Белгіленген жерге бару үшін белгілі-бір қаражат қажет. Волонтерлік қызмет шеңберінде осындай шығындар болады. Егер біз жануарларға арналған панадағы волонтерлік еңбек туралы айтатын болсақ, мұнда жануарлар үшін азық қажет.

Іздеушілер үшін коммуникация құралдары – рациялар, көлік құралдары, тану киімдері — кеудешелер қажет. Сонымен қатар, әр өңірде өткізілетін «Жаңа бастама» байқауы ұйымдастырылады. Әр өңірден 10-ға жуық волонтерлік бастамалар іріктеліп алынады, олар моральдық және материалдық жағынан ынталандырылады. Материалдық тұрғыдан — волонтерге немесе волонтерлік ұйымға қажетті әр түрлі шығыстарға арналған шығындар ынталандырылады. Біз мұндай көтермелеу волонтерлер ұйымы, бастамалар немесе еріктілер үшін шамамен 1 млн теңгені құрайды деп күтеміз. Жұмыс жақын арада ұйымдастырылады.

Волонтерлермен қарым-қатынас орнатқан кезде, біз олардан қандай көтермелеу, ынталандыру түрі олар үшін маңызды екенін сұраймыз. Біз үшін жағымды жаңалық және тосын сый болғаны волонтерлердің оларға моральдық ынталандыру және көтермелеу, оларды байқап, назар аударып, олар туралы адамдарға көбірек жеткізу маңызды екенін айтқаны болды. Сондықтан біз жыл қорытындысы бойынша ынталандыру мақсатында «Жылдың үздік волонтері» сыйлығын белгілеуді жоспарлап отырмыз.

Бір жыл аясында біз, сондай-ақ, өзіміздің волонтерлік ұйымдар тәжірибемен алмасып, қазақстандық тәжірибе туралы айтуы үшін шетелге ірі сұхбат алаңдарына, волонтерлік конференцияларға шыға алуы үшін бірнеше мүмкіндіктерді қарастырмақшымыз. Мысалы, ағымдағы жылдың шілде айында Нью-Йоркте волонтерлік мәселелері бойынша үлкен жаһандық техникалық кеңес өтеді деп жоспарланып отыр. Біз Қазақстан өзінің волонтерлік қызметінің тәжірибесін таныстырады деп болжап отырмыз және бірқатар волонтерлік ұйымдардың да осындай ірі жобаларға қатысқанын қалаймыз. Сонымен қатар, биыл Дубайда Экспо-2020 үлкен көрмесі ұйымдастырылады. Қазір олар әлемнің барлық елдерінен еріктілерді шақырып жатыр. Менің ойымша, Қазақстанда Экспо ұйымдастыру тәжірибесі мол еліміздің еріктілері мұнда елеулі сегмент болады.

 

— Волонтерлік қызметтің рөлін арттыру бойынша қандай шаралар қолға алынуда? Волонтерлікті орта статистикалық қазақстандық үшін қалай тартымды етуге болады?

— ҚР Білім және ғылым министрлігі өткен жылы біздің министрлікпен бірлесіп әлеуметтік студенттік несие жобасын іске қосты. Волонтерлік қызметке тартылған, белсенді араласатын күндізгі оқу формасындағы жоғары оқу орындарының студенттеріне әлеуметтік студенттік кредиттің мынадай түрлері ұсынылады: 1) 20 сағаттық қызметі үшін 20 000 теңгеге кредит; 2) 50 сағат қызметі үшін 50 000 теңгеге кредит. Студент стипендияға үстеме ақы түрінде немесе егер ол ақылы негізде оқып жатса, осы студенттік ваучер немесе өз оқуын төлеуге кредит беру түрінде ынталандырылуы мүмкін. Бұл студенттер біздің «Qazvolunteer.kz» платформасына тіркелуі қажет. «Психология», «Педагогика» мамандықтарының студенттері бес әлеуметтік бағыт бойынша қызмет көрсете алады, олар — әлеуметтік педагог, девиантты мінез-құлықты балаларға көмек көрсететін педагог, репетиторлық қызмет көрсететін волонтерлер, бос уақытты ұйымдастырушылар ынталандырылуы мүмкін. Бұл жыл осындай негізгі месседжбен — жақсы істер жылы ретінде өтеді. Бұл шағын ғана іс болуы мүмкін. Дегенмен, шағын істерден бір үлкен іс қалыптасады. Біз осы жыл ішінде адамдар бірігіп, ынтымақтасып, бір-біріне сеніп, ақ пейілмен, өздерінің нақты, шағын істерімен өз өлкесіне, өз Отанына деген сүйіспеншілігін көрсеткенін қалаймыз. Бұл жыл барлық бастамалар үшін өте жақсы жыл және жалпы алғанда, алға басып келе жатқан игі істердің дамуының тиімді жолы деп ойлаймын. Мен жақсы істер жалғасын табарына сенімдімін. Осы жылы барлық игі істер біздің белсенді, мейірімді азаматтар, волонтерлік ұйымдардың арқасында геометриялық прогрессияда өсетін болады деп үміттенемін.

 

— Сұхбатқа қатысқаны үшін алғыс айтамыз!


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
05 Маусым 2020, 17:29
Аты аңызға айналған Алматының апортын жаңғырту: кәсіпкерлерді қолдау және алма бақтарын ұлғайту қалай жүргізілуде
05 Маусым 2020, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 маусымдағы №346 Қаулысы
05 Маусым 2020, 16:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 маусымдағы №344 Қаулысы
05 Маусым 2020, 16:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 02 маусымдағы №342 Қаулысы
05 Маусым 2020, 12:53
Айдын Ашуев ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 17:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді
04 Маусым 2020, 17:16
Қашықтан оқыту, 1 сыныпқа онлайн қабылдау, Абай атындағы мектептер желісін құру — былтырғы оқу жылындағы жаңашылдықтар қандай
04 Маусым 2020, 15:42
Қазақстан Президенті Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізді
04 Маусым 2020, 13:00
А. Мамин: инвестициялар тарту — экономикалық өсімді қалпына келтірудің негізгі драйверлерінің бірі 
04 Маусым 2020, 12:15
Ерлан Байтұқбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 10:15
Бірқатар өңірлердің әкімдіктеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылауды күшейту тапсырылды
04 Маусым 2020, 08:55
Серік Шәпкенов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 08:41
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
03 Маусым 2020, 21:56
2020 жылғы 4 айдағы АӨК қорытындысы: қуаттылығын арттыру, дақылдар алқабын ұлғайту және цифрландыру
03 Маусым 2020, 21:34
Жаңа кәсіпорындар, жолдар салу, баспанамен қамтамасыз ету — Қазақстанда өнеркәсіп саласының дамуы
03 Маусым 2020, 19:15
Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед әл-Джабермен кездесті
03 Маусым 2020, 19:00
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
03 Маусым 2020, 18:24
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады
03 Маусым 2020, 16:24
Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.