Қ. Көшербаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылсын», — делінген хабарламада.  

Осыған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болған Б. Ә. Сағынтаев Мемлекет басшысының Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу