Қазақстан Қырғызстанға 1 мың автобус экспорттайды

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы – Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровтың қатысуымен Қырғызстанның Қазақстанда шығарылған автокөлік құралдарын сатып алуы туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Қырғыз Республикасының экономика және коммерция министрі Данияр Амангелдиев, Бішкек қаласының мэрі Айбек Джунушалиев және «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев қол қойды.

Меморандум 2022 жылы Қырғызстанға лизинг шартымен Қазақстанда шығарылған Yutong маркалы 1 мың бірлік электрлі, газ және дизельмен жүретін автобустарды және 100 бірлік арнайы техниканы жеткізуді көздейді. Бұл ретте автобустар жолаушылар көлігі қозғалысын диспетчерлендірудің электрондық жүйесімен және ONAY PAY жол ақысын төлеудің автоматты жүйесімен жарақтандырылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу