Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі

Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2020, 21:04:43

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 75-сессиясында өткен жалпысаяси дебаттарында бейне байланыс форматында сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-жылдығы аумалы-төкпелі әрі күрделі сын-қатерлерге толы кезеңде өтіп жатқанын атап өтті. Президенттің пікірінше, қазіргі кезеңдегі ең басты проблема – жаһандық экономикаға орасан зор зиянын тигізген COVID-19 пандемиясы. Бұл індеттің ауыртпалығынан әлем халқы зардап шегуде.

«Адамзат тарихындағы осындай нәубетке қарсы тұрып, бізді ауыр індеттен қорғау үшін алғы шепте болған дәрігерлерге барша отандастарымның атынан шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Мемлекет басшысы.  

Қазақстан Президенті сауда протекционизмі мен саяси ұлтшылдықтың белең алуы халықаралық ынтымақтастыққа кері әсер етіп, «жаһандық тоқыраудың» күшейе түсуіне алып келді деп санайды. Бұл жағдай орнықты дамудың келешегіне нұқсан келтіріп, миллиардтаған адамның жарқын әлемге деген үмітін үзді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа әлем» парадигмасын құруға байланысты ортақ адамгершілік парызды атқару мәселесін ойлануға шақырып, қазіргі таңда адамзат үшін маңызды тарихи өзгеріс жасайтын кез келді деген пікір білдірді.

Мемлекет басшысы табысты жаһандық ықпалдастыққа қатысты өз формуласын ұсынған қазақтың ұлы ақыны, данышпан Абай Құнанбайұлының нақыл сөздерінен қазақ тілінде үзінді келтірді. Бұл ерекше есте қалатын сәт болды.

«"Адамзатқа не керек: сүймек, сезбек, кейімек, қарекет қылмақ, жүгірмек, ақылмен ойлап сөйлемек". Ақынның бұл ой-пікірінің мәнін «өзара үйлесімге қол жеткізу үшін адамзатқа сүйіспеншілік, рақымшылық, батыл әрекеттер және байыптылық керек» деп түсінуге болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, халықаралық қоғамдастық пандемиямен күреске  бұдан да көп күш жұмсауы керек.

Ең алдымен, оның айтуынша, денсаулық сақтау ісінің қуатты жаһандық жүйесін құру мақсатында дамыған елдер мен БҰҰ агенттіктерінің уақытылы және үйлесімді қолдауы арқылы дамушы елдердегі ұлттық институттар мен медициналық мекемелерді жаңғыртуға басымдық беру қажет.

Қазақстан Президенті коронавирус індетіне қарсы вакцина әзірлеу мәселесін саясиландыруға жол бермеуді айтты. Осы ретте, жаһандық деңгейдегі вакцина өндірісіне және оны жеткізу барысында логистикалық тасымалдың тиімділігіне септігін тигізетін инвестиция және сауда жөніндегі жан-жақты халықаралық келісімге келу қажет екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, сондай-ақ, пандемияның алдын алу және оған қарсы күрес саласында жекелеген мемлекеттердің әлеуетін арттыру мақсатында Халықаралық медициналық-санитарлық ережелерді қайта қарау қажет деп санайды.

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ аясында Аурулар мен биологиялық қауіпсіздікті бақылау жөніндегі өңірлік орталықтар желісін құру идеясын мұқият зерттеуді ұсынды. Президент осындай орталықтың бірін Қазақстан аумағына орналастыруға дайын екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы биологиялық қаруға бақылау жасайтын жүйе әзірлеп, оны іске қосудың өзектілігін атап өтіп,  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің алдында есеп беретін арнайы орган – Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құруды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік экономиканы қайта қалпына келтірудің перспективаларына қатысты өзінің ой-пікірін ортаға салды. Президент БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің әлемдік экономиканың 10%-ын құрайтын ынталандыру жөніндегі шаралар топтамасын жүзеге асыру қажет деген  үндеуіне қосылатынын жеткізді. Сонымен қатар оның пандемияға қарсы күрес баршаға бірдей және мол мүмкіндік жасауға бағытталған Жаңа ғаламдық келісім әзірлеу керек деген пікірін қолдады.

Президент 2030 жылға дейінгі орнықты дамудың күн тәртібін жүзеге асыру мәселелеріне де арнайы тоқталды. Мемлекет басшысының пікірінше, әлемдегі аштықты толық жою аталған бағыттың басты мақсаты саналады.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бастамасымен құрылған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының ауқымды халықаралық гуманитарлық науқан өткізу үшін азық-түлік қорларын құруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлады. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бүкіл әлем халқының ынтымақтастығына серпін берген волонтерлік қозғалыстың қосқан үлесін атап өтті.

«Еріктілердің айрықша рөлінің белгісі ретінде БҰҰ-ға Даму мақсатында волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялауды ұсынамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ядролық қаруды таратпау және қарусыздану дағдарысының жалғасып жатқанына тоқталып, барлық мүше мемлекеттер адамзатты ядролық апаттан құтқаруға бағытталған қажетті әрі кезек күттірмес барлық шараны қабылдау туралы Қазақстанның ядролық держава саналатын елдерге жолдаған үндеуін қолдайтынына үміттенетінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев «ядролық бестікке» кіретін елдерді Ядролық қарудан таза аймақтар туралы шарттың тиісті хаттамаларын, соның ішінде Семей шартын ратификациялауға шақырды.  

Мемлекет басшысы экология мәселелеріне, әсіресе, климаттың өзгеруіне қатысты проблемаға назар аударды. Оның пікірінше, бұл жағдай басқа қатерлер үшін «қозғаушы күш» қызметін атқарады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазба отынына аса қатты тәуелділікке және Климат жөніндегі Париж келісіміндегі мақсаттарға қол жеткізудің ұзаққа созылуына қарамастан, Қазақстанның көміртексіз экономиканы дамытуға қолдау көрсете беретінін жеткізді.   

«Біз экономиканы және кәсіпорындарды жаңғырту есебінен 2030 жылға қарай парниктік газдардың қалдықтарын 15%-ға азайтамыз. Сонымен қатар алдағы бес жыл ішінде елімізде екі миллиардтан астам ағаш көшеттерін отырғызуды жоспарлап отырмыз», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы көпжақты институттар арасындағы өзара сенімді қалпына келтіру және дәйекті түрді нығайту арқылы ғана қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге болатынын мәлімдеді.

«Бүгінде мемлекеттердің бір-біріне деген сенімі жоғалып барады. Бұл халықаралық қатынастардың дамуына кері әсерін тигізеді. БҰҰ Жарғысының негізгі мақсаттары мен қағидаттарына бейілділік таныту – біздің ортақ моральдық міндетіміз», – деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық терроризмге қарсы тұру үшін үлкен альянс құру қажеттігіне тағы да назар аударып, барлық мемлекетті Терроризмнен ада әлемге қол жеткізу тәртібі Кодексіне қосылуға шақырды.

Мемлекет басшысы жаһандық сын-қатерлер мен қауіптердің себебі туралы айта келіп, оның барлығы мемлекеттік басқару жүйелеріндегі нақты мәселелердің салдары деген пікір білдірді.

«Халықаралық тиімді шараларды және ұлттық деңгейдегі қуатты күш-жігерді үйлестіру арқылы ғана адамдардың бойындағы үміт отын жағып, шын мәнінде әділетті әрі жаһандық әлемге қол жеткізуге болады», – деді Президент.

Осы ретте Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық жағынан қуатты, демократиялық тұрғыдан дамыған және әрбір азаматтың қажеттілігін қанағаттандыруға мән беретін «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруға ниетті екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту мәселесіне арнайы тоқталып, өркендеген, қуатты және біртұтас Орталық Азия өңірлік және жаһандық тараптардың мүдделеріне сай келетініне сенім білдірді.

Қазақстан Президенті трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында Өңірлік су және энергетикалық консорциум құруды ұсынды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Орталық Азияны дамыту бағытындағы күн тәртібін үйлестіру үшін Алматы қаласындағы Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның өңірлік орталығын институтқа айналдыруға ниетті екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жалпысаяси дебаттарындағы сөзін аяқтай келе, Қазақстан барлық ұлтты жарқын әрі бақытты болашаққа бастайтын БҰҰ-ның тұрақты мүшесі болып қала беретінін айтты.

Президенттің сөйлеген сөзінің толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.


Жаңалықтар тізбегі
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:37
Ибрагим Күлшімбаев ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 17:02
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Қазан 2020, 13:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 13.10.2020
13 Қазан 2020, 13:14
Болжамды нақтылаудың негізгі міндеті дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету және СOVID-19 бойынша алдын алу шараларын қабылдау болды — Ә. Смайылов
13 Қазан 2020, 13:01
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 16,6%-ға өсті — Б. Атамқұлов
13 Қазан 2020, 11:35
Мемлекеттік бюджет шығыстары 99,5%-ға атқарылды — Қаржы министрлігі
13 Қазан 2020, 11:13
Ұлттық банк қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін іске қосты
13 Қазан 2020, 10:22
Биыл 9 айда Қазақстанда денсаулық сақтауға салынған инвестиция 85,7%-ға артты — ҚР ҰЭМ
13 Қазан 2020, 09:49
Биылғы қыркүйекте нақты сектордың өсуімен қатар қызмет көрсету саласында белсенділік қалпына келе бастады — А. Мамин
12 Қазан 2020, 17:03
Өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу — Ю. Ильин ТЖМ жұмысы туралы айтып берді
12 Қазан 2020, 16:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №648 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №647 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №643 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:34
А. Маминнің Әбу-Даби қаласына сапары: ҚР мен БАӘ $6,1 млрд құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыруға келісті 
12 Қазан 2020, 12:44
13 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2020, 18:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №81
09 Қазан 2020, 19:23
Заңға енгізілген түзетулер, электронды әмиянға әлеуметтік төлемдер және зейнетақы жинақтарын пайдалану — Еңбек министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын қалай жүзеге асыруда
09 Қазан 2020, 16:57
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ЕАЭО-ның бәсекеге қабілеттілігін нығайту бастамасын көтерді 
08 Қазан 2020, 19:06
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресейдің ірі компанияларының басшылығымен бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
08 Қазан 2020, 18:44
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады
08 Қазан 2020, 18:42
Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады
08 Қазан 2020, 17:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №638 Қаулысы
08 Қазан 2020, 15:57
Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиынына қатысты
08 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №641 Қаулысы
08 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №633 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.