Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады

Сәрсенбі, 21 Қазан 2020, 17:27:03

Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс форматында «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Кездесу барысында «Шеврон» компаниясының Қазақстанмен арадағы өзара іс-қимылдардың перспективасы, әлі жалғасып жатқан COVID-19 пандемиясы жағдайында көмірсутегі секторындағы бірқатар жобаны іске асыру мәселелері, сондай-ақ, әлемдік энергетика нарығының ахуалы талқыланды.

Мемлекет басшысы «Шеврон» компаниясымен ынтымақтастықты және оның Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

«Шеврон» компаниясы Теңіз және Қарашығанақ мұнай-газ секторындағы ірі жобаларды іске асыруда сенімді серіктес ретінде еліміздің энергетика нарығында өте белсенді қызмет атқаруда. Өкінішке қарай, коронавирус пандемиясы мұнай және газ индустриясына кері әсері етіп, мұнайға деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе теңдікті бұзды және оның бағасын төмендетті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент 2022 жылға қарай Теңіз кен орнындағы өндіріс қуатын кеңейту жөніндегі жобаларды уақытылы іске қосу Қазақстан үшін маңызды екенін айтты. Мемлекет басшысы компанияның жобаны іске асыру қызметін құптап, бірқатар міндеттердің мерзімінен бұрын орындалып жатқанын атап өтті. 

Сонымен қатар коронавирус пандемиясына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы коронавирус инфекциясын жаппай жұқтырудың алдын алу бойынша жоғары деңгейде үйлестірілген жұмысы және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырғаны үшін «Теңізшевройл» компаниясына ризашылығын білдірді. Президент Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігіне жалпы құны 20 миллион АҚШ доллары болатын медициналық бұйымдарды, дәрі-дәрмектер мен қорғаныш құралдарын бергені, шетелдік дәрігерлер мен эпидемиологтардың елімізге келуін ұйымдастырғаны, сондай-ақ, Құлсары қаласында 200 орындық инфекциялық аурухана құрылысын қаржыландырғаны үшін Майкл Уиртке алғыс айтты.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Теңіздегі жобаларды іске асыруда қазақстандық үлесті қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды. Бұл ретте, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру барысында Жергілікті үлес қорын құру жағын қарастыруды ұсынды.

Мемлекет басшысы Қарашығанақ мұнай кен орнын игеру мәселелеріне тоқталып, аталған жобаны уақытылы іске асыруды қамтамасыз ету және жылына мұнай өндіру көлемін 10-11 миллион тонна мөлшерінде ұстап тұру қажеттігін атап өтті.

Майкл Уирт 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Нұр-Сұлтан және Нью-Йорк қалаларында әңгімелескен сәттерін еске алып, кездесуге тағы да мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

«Біздің көп жылғы әріптестігімізді жоғары бағалаймын. Қазақстан – біз үшін ерекше ел және компаниямыздың жұмысындағы аса маңызды бағыт. Сондықтан біз Қазақстанның энергетика саласындағы, атап айтқанда, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарындағы өзара іс-қимылдарды жалғастыруға ниеттіміз. Қазақстан – мұнай-газ ресурстары бар керемет ел және біз түрлі жобаларды іске асыруда еліңіздің сенімді серіктесі болғанымызға қуаныштымыз», – деді «Шеврон» компаниясының атқарушы директоры.

 


Жаңалықтар тізбегі
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
23 Қараша 2020, 14:30
24 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2020, 14:21
Сенат депутаттарының шағын және орта бизнесті дамыту туралы сауалы
23 Қараша 2020, 13:46
Үкімет отандық бизнестің қызметінің жағдайын жақсарту шараларын қарастыруда
22 Қараша 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87
21 Қараша 2020, 16:38
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
20 Қараша 2020, 18:25
Асқар Жамбакин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды
20 Қараша 2020, 16:09
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 13:40
Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда
19 Қараша 2020, 20:20
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:49
Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады
19 Қараша 2020, 18:48
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
19 Қараша 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
19 Қараша 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы
18 Қараша 2020, 21:19
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
18 Қараша 2020, 16:22
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
18 Қараша 2020, 14:44
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
17 Қараша 2020, 19:37
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында COVID-19 таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылдады  
17 Қараша 2020, 18:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №760 Қаулысы
17 Қараша 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №758 Қаулысы
17 Қараша 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады
17 Қараша 2020, 13:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 17.11.2020
17 Қараша 2020, 13:29
Сатып алушы мобильді қосымша арқылы тауардың заңдылығын тексере алады — Е. Жамаубаев
17 Қараша 2020, 13:03
Қазақстан бірқатар тауарларды міндетті таңбалауды енгізуде — Б. Сұлтанов
17 Қараша 2020, 11:34
Қазақстан «цифрлық» жұмыспен қамту орталықтарының және сырттай мүгедектікті белгілеу форматына көшуде — ҚР ЕХӘҚМ
17 Қараша 2020, 11:19
Жыл соңына дейін онлайн режимінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 90%-ға дейін жеткізіледі — ЦДИАӨМ
17 Қараша 2020, 10:02
Үкімет тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелерін қарады
17 Қараша 2020, 09:48
2021 жылы қағаз анықтамаларды толығымен алып тастауымыз керек — А. Мамин
17 Қараша 2020, 08:50
Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді
16 Қараша 2020, 18:46
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңес өткізді
16 Қараша 2020, 17:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 қарашадағы №752 Қаулысы
16 Қараша 2020, 11:08
17 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
15 Қараша 2020, 09:56
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №86
14 Қараша 2020, 12:56
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елордада тұрғын үй құрылысының барысын тексерді
13 Қараша 2020, 23:00
Елбасының төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті
13 Қараша 2020, 10:43
БҚО-ға ресми сапар: Роман Скляр бірқатар индустриялық нысандарды тексерді
13 Қараша 2020, 10:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 қарашадағы №746 Қаулысы
13 Қараша 2020, 10:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 қарашадағы №745 Қаулысы
12 Қараша 2020, 12:33
А. Мамин ҚР-дағы Азия даму банкінің жаңа директоры Н. Маннапбековті қабылдады
11 Қараша 2020, 17:52
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті
10 Қараша 2020, 18:51
Академиялық еркіндік, оңтайландыру және саралау — қазақстандық ЖОО-лар қалай дамуда
10 Қараша 2020, 15:12
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
10 Қараша 2020, 14:33
Биыл 10 айда мұнай және конденсат өндіру көлемі 71,6 млн тоннаны немесе жоспардан 100% құрады — Н. Ноғаев
10 Қараша 2020, 12:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 10.11.2020
10 Қараша 2020, 12:25
10 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция 7,5%-ға ұлғайды — С. Омаров
10 Қараша 2020, 12:19
Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша елімізде 94 мыңнан аса баспана пайдалануға берілді — Б. Атамқұлов
10 Қараша 2020, 12:09
Мейіржан Юсупов ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.