Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді

Жұма, 10 Шілде 2020, 19:37:07

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Бейне байланыс режимінде өткен жиынға Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Үкімет мүшелері, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдардың және Ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиында сөйлеген сөзінде жыл басынан бері ұлттық экономиканың күрделі жағдайда дамып келе жатқанын атап өтіп, ел экономикасының жалпы 1,8% төмендегенін айтты. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі. Президенттің тапсырмасы бойынша коронавируспен күрес барысында шұғыл мәселелерді шешу үшін қосымша 150 миллиард теңге бөлінеді. Басты мақсат – коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату және науқастарды емдеу ісінде нақты нәтижелерге қол жеткізу. Полиция және санитарлық дәрігерлер карантин режимінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ толыққанды медициналық көмек көрсету және қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету де маңызды міндет.

«Денсаулық сақтау министрлігі басқару ісінде  бірқатар өрескел  қателіктер жіберді. Әкімдердің көпшілігі жұмысын тиісті деңгейде атқарған жоқ. Үкімет те бақыламады. Жіберілген қателіктер мен олқылықтарды анықтайтын арнайы комиссия құру қажет. Бұл комиссия қазіргі ортақ жұмысқа кедергі жасамай, тексеріс жүргізіп, маған ұсыныс беруі керек. Тергеу жүргізу қажет болатын болса, «СҚ Фармация» басшылығын жұмыстан босату керек. Соңғы кездері Міндетті медициналық сақтандыру қоры төңірегінде әңгіме көп. Аталған қорға байланысты түрлі қауесеттер мен өсек әңгімелер болмауы үшін оның басшылығына өзін сөзбен емес, іспен көрсететін адамды қою керек. Үкімет өз тарапынан қордың жұмысына талдау жасауға тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа «СҚ Фармация» ұйымының жұмысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің бар-жоғын тексеруді тапсырды.

Сонымен қатар Президент барлық өңірді тез арада дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керектігін, індет кезінде дәрі сату арқылы пайда тапқысы келгендерді қатаң жауапқа тарту қажеттігін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев мұның ұлттық қауіпсіздік мәселе екенін ескере отырып, мемлекеттік органдарға аса қажетті дәрі-дәрмектердің және медициналық бұйымдардың жеткілікті қорын қалыптастыруды міндеттеді.

«Қазақстанда дәрі мен медициналық бұйымдардың көптеген түрін өндіруді  жолға қоятын кез келді. Қашанға дейін импорттық дәрілерге тәуелді боламыз? Намысымыз қайда?» – деді Президент.

Мемлекет басшысы пандемияға қатысты барлық шешімдерді жедел қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрінің нұсқаулары мен талаптарын Үкіметтің өзге мүшелері мен әкімдер бірінші кезекте орындауы тиіс деді. Жиын барысында Президент Үкіметтің жалпы құрамына да ескерту жасады.

«Пандемия кезінде Денсаулық сақтау министрін ерекше мәртебеге және құзіретке ие деп есептеңіздер.  Министрлікке пандемиямен күрес жөніндегі күнделікті есептің және ақпараттың берілуін қамтамасыз етуді Үкімет пен әкімдіктерге тапсырамын. Қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсарады деп үміттенемін. Олай болмаған жағдайда, жалпы Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы пандемиямен күреске және экономикалық дағдарысты қайта қалпына келтіруге бөлінген қаржыға қатаң бақылау жасауды Есеп комитеті мен Президент Әкімшілігіне тапсырды. Үкімет мүшелері бірінші кезекте дағдарысқа қарсы қабылданған шешімдердің тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету керек. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкімет пен Ұлттық банкке аталған салаларды және ахуал қиындаған жағдайда халықты қолдау үшін қосымша шаралар әзірлеуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін іске қосылған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын сынға алды. Оның қаржыландырылуы 1 триллион теңгеге дейін жеткен.

«Аталған бағдарлама импортты алмастыру және жұмыспен қамту үшін маңызды бастама ретінде қолға алынған. Бірақ 1 жарым жыл ішінде бұл бағдарламаның шарттары 6 рет қаралды. Ал, жалпы бөлінген 200 миллиард теңгеден сәл ғана асатын қаржының тек бестен бірі ғана игерілген. Өңдеу өнеркәсібіндегі субьектілердің саны және халық тұтынатын тауарлар импортының үлесі бұрынғы деңгейде қалып отыр. Яғни, нақты мақсаттар мен міндеттемелерді айқындап алмай, ақша бөлеміз. Басқаша айтқанда, атаулары жақсы басқа бағдарламалар сияқты «қарапайым заттар экономикасының» да сәтсіздікке ұшырау қаупі туындады. Осыдан қорытынды шешім шығару керек», – деді Мемлекет басшысы.   

Президент 1 триллион теңге қаржы бөлінген Жұмыспен қамту жол картасының жүзеге асырылу барысында да көптеген мәселе бар екенін айтты.  

«Жоспарда көрсетілгендей 255 мың емес, 150 мыңға жуық адам ғана жұмысқа орналасты. Жобалардың дені, негізінен, жөндеу жұмыстарына бағытталған. Бұл бастамалар азаматтарды биылғы қазан айына дейін уақытша жұмыспен қамтамасыз етеді. Ары қарай не істейміз?» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдердің шұғыл түрде тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге кірісуі керек екенін айтты. Сондай-ақ жекелеген салықтардың мөлшерлемесн арттыру мәселесі бойынша өзінің пікірін білдірді.

«Үкіметте бюджеттің кіріс бөлігін арттыру мәселелесі талқыланып жатыр. Сондай-ақ жекелеген салық түрлерінің, оның ішінде корпоративтік табыс салығы мен қосымша құн салығының мөлшерлемелерін арттыру мәселелері қарастырылуда. Бюджетке түсетін қаржыны көбейтудің ең қарапайым тәсілі осы болғандықтан Үкіметті түсінуге болады. Бірақ экономиканы жандандыру керек деп, салықты ойланбай, біржақты арттыру онсыз да күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін. Сондықтан аталған мәселені барынша ақылға салып шешу қажет», – деді Президент.

Бюджет тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тиімсіз шығындарды қысқартқан жөн. Экономика үшін тиімділігі аз салықтық жеңілдіктердің есебінен қосымша резервтерді қарастыру ұсынылуда. Президент мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктер жобаларының жүзеге асырылу барысында мемлекеттің міндеттемелеріне,  сондай-ақ, мемлекеттік инфрақұрылымдық бағдарламалар аясында отандық өнімдердің үлесін сақтауға қатысты мәселе барын айтты.

«Аталған мемлекеттік бағдарламалардың жыл сайынғы қаржыландырылуы  2,8 триллион теңгеге жуық. Яғни, біздің экономикамызға 2,5 триллион теңге құйылуы тиіс. Мұның жұмыспен қамтуға және салыққа оң ықпалы болар еді. Ал, іс жүзінде мемлекеттік органдар мен бас мердігерлерде жоспарлаудың бірыңғай жүйесі, есептілік пен есепке алу, қатаң жауапкершілік жоқ. Отандық өнім жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысы көбінесе «көзбояушылықпен» жүргізіледі. Бизнес жоспарланған жұмыстың ауқымын, қажетті тауарлардың тізімін білмейді. Отандық өнімді есепке ала отырып  бекітілген жобалық-сметалық құжаттар бірнеше рет өзгеруі мүмкін. Соңында бәрібір шетелден сатып алынады», – деді Мемлекет басшысы.   

Пандемия елді азық-түлікпен қамтамасыз етудің әлсіз тұстарын көрсетіп берді. Халықтың табысы азайды, бірақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттай түсті.

2021 жылы Жер кодексінің кейбір нормаларына қойылған мораторий аяқталады. Мемлекет басшысы бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылдау қажеттігі туралы айтты.

«Негізгі мәселені айқындап алдық.  Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз. Бірақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін инвестиция мен технологияны тартуға тиіспіз. Осыған орай, жерді тиімді пайдалану мәселесін фермерлер қоғамдастығымен бірге кеңінен талқылау керек. Барлық ұсыныс жария түрде ашық талқылануға тиіс. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша Үкіметке Жер кодексіне түзетулер енгізуді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, пандемия цифрлық  экономиканың дамуына тың серпін беріп қана қоймай, ондағы елеулі кемшіліктер мен олқылықтарды көрсетті. Президент Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасындағы барлық кемшіліктерді түзетіп, жыл соңына дейін 250-ден астам тұрғыны бар елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды.

«Қашықтан оқыту әдісіне көшу ісі инфрақұрылым мен интернет сапасына қатысты елеулі мәселелердің бар екенін көрсетті. Мұғалімдердің 20 пайыздан астамы үйлерінде толыққанды Интернет пен компьютер жоқ болғандықтан, қашықтан тиімді оқыта алмады. Мектептердің балансындағы 400 мыңнан астам компьютердің  тек 40 пайызы ғана іске жарады. Бұл – әкімдіктер мен министрліктің жұмысының нәтижесі. Әкімдіктер  жаңа оқу жылына дереу дайындалып, мектептер мен жекелеген мұқтаж отбасыларды қажетті техникамен жабдықтауы тиіс. 1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталады. Министрліктің бұған толық дайын екеніне күмәнім бар», – деді Президент.

Мемлекет басшысы қазіргі таңда әрбір басшыдан шұғыл мәселелер мен тапсырмаларды барынша тиімді шешуді талап етт. Сондай-ақ Үкімет пен әкімдерді жауапкершіліктен қашпауға, бюрократияға жол бермеуге шақырды.

«Ашығын айтайын. Осы отырысқа дайындық барысында маған кейбір өңірлер мен мекемелердің бірінші басшыларын қызметтен босатуды, тіпті Үкіметті тарату туралы кеңес бергендер де болды. Қоғам мұндай қадамды жақсы қабылдайды, ұпай жинайсыз деді. Маған ұпай керек емес. Мен жауапты адамдарды тыңдауға дайынмын, бірақ жұртшылыққа жағу үшін ондай «ойынға» бармаймын. Кейбір әкімдерге сөгіс пен ескерту жасалған. Негізі, осындай жазаны басқа да  басшыларға беруге болады. Біз әлеуметтік-экономикалық дамудың аса күрделі кезеңінде тұрмыз. Үкімет пен әкімдерге одан әрі ушыға түсетін дағдарыстан шығу үшін тиімді әрі батыл іс-әрекеттер керек. Әлемдік экономиканың болжамы, ал Қазақстан – соның бір бөлігі. Бірақ, бұл резервтегі күштер пайдаланылмайды деген сөз емес», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент өз сөзінде ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылымдық реформалардың уақыты келгенін айтты. Яғни, Үкімет пен мемлекеттік органдар экономиканың беталысын халыққа қарай бұруы тиіс. Барлық белгілері айқындалған жаңа бағдар қажет.

«Дағдарыс біздің қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктерді, азаматтардың жергілікті және орталық билікке деген күмәні мен сенімсіздігін анық көрсетті. Біздің мемлекеттік аппарат және жалпы мемлекеттік басқару жүйесі уақыт талабына ілесе алмай отыр. Идеологиялық аппаратқа білім, тәжірибе, ой ұшқырлығы, батылдық жетіспейді. Мемлекеттік басқаруды қайта құру қажет. Бұл жергілікті өзін-өзі басқаруды едәуір күшейтуді қарастыратын саяси реформаның бөлшегі болмақ. Мұндай реформасыз біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін бере алмайтынымызға сенімдімін», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнайтын алдағы Жолдауында толығырақ тоқталмақ. Қазір жаңа міндеттерді сапалы орындау үшін кадрларды іріктеудің маңызы зор.

«Біздің жаңа бағыт өз міндеттерін адал атқаратын білімді, батыл, бастамашыл, іскер орындаушыларды қажет етеді. Бізде осындай азаматтар жеткілікті ме? Ал енді ойланып көріңіздер: осында отырған тұтас команда аталған талаптарға толық сай келе ме? Үкімет мүшелері мен әкімдер өздерінің мүмкіндіктерін шынайы бағалайды деп ойлаймын. Бізде өзіне сыни көзбен қарау қашанда қиындық тудырған, дегенмен, мемлекеттің пайдасына қарай шешім қабылдайды деп сенемін», – деп сөзін қорытындылады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінің толық мәтіні. 

 


Жаңалықтар тізбегі
12 Тамыз 2020, 18:46
Қазақстан мен БҰҰ 2021-2025 жылдарға арналған негіздемелік бағдарламаға қол қойды
12 Тамыз 2020, 16:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады
12 Тамыз 2020, 13:54
Электр желілерінің тозуы мен апаттылығын төмендету —  алдағы жылыту маусымында басымдыққа ие
11 Тамыз 2020, 20:34
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар кәсіпкерлік нысанын аралады
11 Тамыз 2020, 19:56
ВАК карантин шараларын кезең-кезеңмен алып тастауға дайындықты қарастырды
11 Тамыз 2020, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 11.08.2020
11 Тамыз 2020, 13:41
2020 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3%-ға өсті — ҚР ИИДМ
11 Тамыз 2020, 13:12
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығудың тәуліктік өсімі орта есеппен 2 есеге жуық азайды — ҚР ДСМ
11 Тамыз 2020, 12:44
2020 жылдың қаңтар-шілдесінде мұнай экспорты 42 млн тоннаны құрады — Энергетика министрлігі
11 Тамыз 2020, 10:35
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасының базалық салаларында оң динамика сақталуда
11 Тамыз 2020, 10:33
Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 2,5%-ға артты
11 Тамыз 2020, 10:13
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 20 мыңнан аса өтінім мақұлданды — Ұлттық Банк
11 Тамыз 2020, 09:53
Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 120%-ға орындалды — Е. Жамаубаев
11 Тамыз 2020, 09:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мемлекеттік комиссияның қарауына Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды
11 Тамыз 2020, 09:33
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша тауарлар өндірісі 2,1%-ға өсті — ҚР ҰЭМ
10 Тамыз 2020, 11:20
11 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Тамыз 2020, 08:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №72
08 Тамыз 2020, 16:23
А. Маминнің Ақкөл қаласына жұмыс сапары: «ақылды қалалар» мен ҚР ғарыштық байланыс жүйесін дамыту
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.