Куала-Лумпурда Халықаралық олимпиада комитетінің 128-ші сессиясы қарсаңында Қазақстанның Премьер-Министрі, Алматы-2022 өтінім ұйымдастыру комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов халықаралық жаңалық агенттіктері мен бизнес басылымдардың тілшілерімен кездесті, оның ішінде Associated Press, Reuters, Agency France Press, Around The Rings, Inside The Games, сондай-ақ AIPS Халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығының президенті Джанни Мерло бар.


Естеріңізге салсақ, 31 шілдеде Малайзия астанасында Халықаралық олимпиада комитеті өзінің кезекті сессиясында 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізетін қаланы анықтайды. Олимпиада өткізуге Алматы және Пекин үміткер.

Қазақстанда қысқы Олимпиада ойындарын өткізудің жалпы көрінісі мен бірегейлігіне қатысты сауалға жауап берген Кәрім Мәсімов Алматы – биіктігі 4000 метр, шын қары бар таулармен қоршалған қысқы спорт түрлеріне арналған қала екендігін айтып өтті. Оған қоса, Алматыда жинақы орналасқан қажетті спорттық нысандардың 70%-ы бар, ол Тәртіп-2020-ға толық сәйкес келетін үнемді және тұрақты көріністі ұсынады.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдері қала инфрақұрылымын дамыту, автокөлік жолдарын жаңғырту және кеңейтуге қатысты сауалдар қойды.

Кәрім Мәсімов Алматыда қысқы Олимпиада өткізу Ойындардан тәуелсіз жоспарланған инфрақұрылымдық жобаларға катализатор болатынын баса айтты.

Оның айтуынша, Алматы-2022 тұжырымдамасы ең жинақы болып табылады, барлық нысандар Олимпиада ауылынан 30 км радиуста, орташа алғанда 30-45 минуттық жолда орналасқан. Олар Олимпиада ауылының айналасында «жұлдыз» бейнесінде алты түрлі бағытта орналасады, бұл көлік ағымдарын бөлуге, сәйкесінше қозғалыс қиындығынан құтылуға мүмкіндік береді. 

Бұдан өзге, кездесу барысында Ойындарды қаржыландыруға, қоршаған орта жағдайын жақсартуға қатысты және басқа да мәселелер қозғалды.