Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді

Бұл туралы Тұңғыш Президент - Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жоғары сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады. 

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру бойынша қабылданған шаралар жайында ақпарат берілді.

«Nur Otan» партиясының төрағасы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады. 

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне білім және ғылым саласының қазіргі ахуалы және «Nur Otan» партиясының  сайлауалды бағдарламасының ғылымды дамыту мен жастар тәрбиесі бағыттарын жүзеге асыру жоспарлары туралы баяндалды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу