Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты

Жұма, 18 Қыркүйек 2020, 22:27:41

Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Каспий теңізінің жағалауындағы туристік хабты дамыту жобасы таныстырылды. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті ‒ Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесуде Елбасы отандық туризм индустриясын дамытудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Қазақстанның бірегей табиғатымен қатар қасиетті жерлері, мәдени және тарихи орындары, Ұлы Жібек жолының бойындағы нысандары, археологиялық ескерткіштері бар екенін айта келе, елімізде демалыстың кез келген түрін дамытуға мүмкіндік бар екенін атап өтті.

«Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында туристік әлеуетке талдау жасалып, маңызды нысандар мен өңірлер анықталды. Іріктеу кезінде олардың туристік тартымдылығына басымдық берілді. Үздік өңірлер қатарына Алакөл, Балқаш көлдері, Щучинск-Бурабай курорттық аймағы, Түркістанмен бірге Маңғыстау да енді», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Каспий теңізінің жағасында алғаш рет барлық қызмет түрі қамтылған отбасылық демалыс кешенінің құрылысына шетелдік инвестор тарту аймақ үшін маңызды оқиғаға айналды.

Жиында «Rixos» қонақ үй желісінің басқарма төрағасы Ф.Таминдже бес жұлдызды люкс класындағы Rixos Water World Aktau қонақ үйін дамыту жобасын таныстырды. Сондай-ақ қазақстандық және шетелдік инвесторларды тарту арқылы туристік кластерді кеңейту жоспарларымен бөлісті.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл Каспийде ауқымды халықаралық туристік хаб құру жолындағы алғашқы қадам екенін, алдағы уақытта осында қазақстандықтармен бірге шетелдік қонақтар да өте қолайлы уақыт өткізе алатынын атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті Каспий жағалауындағы курорттық аймақта жаңа жұмыс орындарының құрылуы ерекше маңызға ие екенін айтты. Шара барысында өңірдің туризм саласын дамыту 50 мыңға жуық жұмыс орнымен қамтуға мүмкіндік беретіні, сондай-ақ жобаны іске асыру үшін шамамен 2 миллиард доллар инвестиция тартылатындығы атап өтілді.

«Тәуелсіздік жылдары біз біраз шаруа атқардық. Бұрын ешкім танымаған Қазақстан қазір әлем картасында лайықты орын алып отыр. Біз жаңа елорда салдық. Бүгінде ол басқа облыс орталықтары мен өңірлерді дамытудың үлгісіне айналды. Мен барлық мұсылмандардың қасиетті мекені – Түркістан қаласына баруды жоспарлап отырмын. Қазақ хандығының ежелгі астанасы болған шаһар қазіргі уақытта түрленіп, туристік әлеуеті артып келеді», — деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев туризмді мақсатты түрде дамытуға бағытталған қадамдар тек жекелеген аймақтардың ғана емес, бүкіл республиканың экономикасына оң серпін беретінін атап өтті.

Жиын соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Rixos Water World Aktau» қонақ үйі кешенін аралады.

Сондай-ақ іс-шараға онлайн-конференция форматында отандық және шетелдік инвесторлар қатысты. Олардың қатарында – ACCOR компаниясының Еуропа, Таяу шығыс және Африка аймағындағы люкс класындағы қонақ үйлерді дамыту жөніндегі бірінші вице-президент Ф. Боден, ÖG Holding басқарма төрағасы О. Гюр, «BI Group» құрылыс холдингі директорлар кеңесінің төрағасы А. Рахымбаев, «Базис-А» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы А. Белович бар.


Жаңалықтар тізбегі
28 Қазан 2020, 16:07
Мұнай өндіру коэффициентін ұлғайту және шығындарын оңтайландыру — энергетика саласын цифрландыру бойынша қандай жұмыс атқарылуда
28 Қазан 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдады
28 Қазан 2020, 12:00
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
28 Қазан 2020, 11:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №698 Қаулысы
28 Қазан 2020, 10:54
Атырау облысына жұмыс сапары: Е. Тоғжанов өңірдің COVID-19 туындауы мүмкін екінші толқынына дайындығымен танысты
27 Қазан 2020, 21:40
Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары шейх Мансур бен Заид әл Нахаянмен кездесті
27 Қазан 2020, 20:21
Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен ұшып келу: ПТР-анықтаманың болуына қатысты қандай шектеу шаралары туралы білу керек
27 Қазан 2020, 18:48
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қабылдады
27 Қазан 2020, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 27.10.2020
27 Қазан 2020, 13:36
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында шектес салаларда 100 мыңға жуық жұмыс орны құрылады — ЕХӘҚМ
27 Қазан 2020, 12:36
2025 жылға дейін 87 ауылдық елді мекен таза ауыз сумен қамтылады — ЭГТРМ
27 Қазан 2020, 12:06
Қазақстанда халықты сумен жабдықтау қызметтерімен қамту 92,6%-ға дейін жеткізілді — ҚР ИИДМ
27 Қазан 2020, 10:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қазандағы №691 Қаулысы
27 Қазан 2020, 10:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 қазандағы №686 Қаулысы
27 Қазан 2020, 10:33
2021 жылы үш жаңа заң жобасын әзірлеу көзделіп отыр — Әділет министрлігі
27 Қазан 2020, 10:28
Азамат Әмірғалиев ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды
27 Қазан 2020, 10:22
Үкімет 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарын қарады
27 Қазан 2020, 10:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен АҚШ сауда министрі У. Росс Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесінің жұмысын бастап берді
27 Қазан 2020, 09:55
Премьер-Министр 2021 жылға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасын жаңартуды тапсырды
27 Қазан 2020, 09:50
Халықты таза ауыз сумен қамту мәселесі – Үкіметтің стратегиялық міндеті
26 Қазан 2020, 20:10
Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады
26 Қазан 2020, 19:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
26 Қазан 2020, 19:00
Президент Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады
26 Қазан 2020, 18:15
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
26 Қазан 2020, 17:14
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркияның қорғаныс министрі Х. Акарды қабылдады
26 Қазан 2020, 16:10
Азық-түлік бағасы, экспорттаушыларды қолдау және электрондық сауда нарығы — Қазақстанның сауда саласының дамуы
26 Қазан 2020, 15:13
27 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
26 Қазан 2020, 11:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы №679 Қаулысы
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.