27 Тамыз 2019, 17:30
Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы бойынша жоспарлары баяндалды. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Б. Сағынтаев Елбасына партияның қалалық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысының нәтижелері жөнінде мәлімет берді.
«Nur Otan» Төрағасы Президент пен партияның сайлауалды тұғырнамасының, сондай-ақ съездерде қабылданған шешімдердің сапалы орындалуын қадағалауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президенті партия алаңында азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылы үшін жағдай жасаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Сондай-ақ, кездесу барысында «Nur Otan» фракциясының қалалық мәслихаттағы рөлін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейту және «Jas Otan» жастар қанатының белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу