03 Желтоқсан 2019, 10:41
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралды.
Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек баяндама жасады.
ӨД МБ іске асыру елде урбанизация деңгейін 2025 жылға қарай кемінде 62%-ға жеткізуге мүмкіндік береді, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, көлік, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымын, жалпы, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартады.
2025 жылға дейін ӨД МБ қаржыландырудың жалпы көлемі 1,3 трлн теңгені құрайды. Басымдықтар ретінде дамыту анықталды:
«ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан - 2050” стратегиясында және “Nur Otan” партиясының филиалдарымен жақында өткен кеңейтілген отырыста еліміздегі қалалық тұрғындар үлесін 2050 жылға қарай 70%-ға дейін жеткізу қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елді урбанизациялаудың маңыздылығын атап өтіп, көші-қон үрдістерін басқару бойынша пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды», - деді А. Мамин.
Үкімет басшысы урбанизацияның адамдардың табысы мен өмір сүру сапасын арттыруда аса маңызды екенін айтты. Соңғы бес жылда Қазақстандағы ірі қалалардың тұрғындарының саны 15%-ға артты. Қазір Қазақстанда қала тұрғындарының үлесі 58,2% құрайды.
«Біз кенттену процесін айқын басқарылатын үрдіске айналдыруға ұмтылудамыз, сондықтан қалаларды дамытудың салмақталған саясатын одан әрі де жүргізу қажет. Бұл ретте біздің басты міндетіміз - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, қалалыққа жуықтайтын инфрақұрылым құру. Мұндай мысалдар бізде бар», - деді А. Мамин.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу