Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Б. Сапарбаев әлеуметтік салада орын алатын өзгерістер туралы айтып берді

Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2019, 14:43:31

Үкіметтің баспасөз орталығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы және 2020 жылға қойылған басымдықты міндеттер туралы айтып берді. 

Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет мүшелері еліміздегі барлық өңірлердің, оның ішінде аудан орталықтары мен шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездескенін атап өтті. Барлығы 500-ден аса кездесу өткізілді, азаматтардан 70 ұсыныс келіп түсті, 2500 сұрақ бойынша жауап және түсінік берілді. 

«Бұл кездесулердің басты міндеті жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бойынша қабылданып жатқан бағдарламаларды түсіндіру болды. Қазақстандықтарды көбіне-көп әлеуметтік мәселелер – жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау мәселелері толғандырады. Біз, әрине, барлық қойылған сұрақтарға жазбаша түрде де, ауызша да толыққанды жауап бердік», — деді Б. Сапарбаев.

Тұрғындардың табысын арттыру

Вице-премьер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 42500 теңгені құрайтынын атап өтті. Бүгінгі таңда мұндай жалақыны 1,3 млн-ға жуық адам алады. Сонымен қатар, биыл 1,5 млн мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің еңбекақысы көтерілді. Елбасының тапсырмасы бойынша кәсіпорындардың басшылары да өздерінің төмен жалақы алатын жұмыскерлерінің еңбекақысын 32%-ға көтерді. Осылайша, 2019 жылы төмен жалақы алатын 1,2 млн қазақстандықтың еңбекақылары өсті. 

Борыш жүктемесін азайту шараларымен 565 мыңға жуық қазақстандық қамтылды. Бұл мақсатқа бюджеттен 115 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, барлық қазақстандықтардың айыппұлдары мен өсімпұлдарын есептен шығару бойынша тапсырма берілді. Осы шарамен 1,2 млн-ға жуық адам қамтылды, олардың 33,6 млрд теңге сомасына айыппұлдары мен өсімпұлдары кешірілді. 

Алдағы жылы 500 мың мұғалімнің жалақысы 25%-ға артады, 215 мың дәрігер мен мейірбикенің жалақысы тиісінше 30% және 20%-ға көбейеді. 34 мың мәдениет, өнер және мұрағат қызметкерлерінің, сондай-ақ 25 мың әлеуметтік қызметкердің жалақысы 30%-ға артады. 

2,2 млн қазақстандықтың зейнетақысы 7%-ға, мемлекеттік жәрдемақы 5%-ға индексацияланады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан үш әлеуметтік төлем түрі бойынша 132 мың алушы үшін жәрдемақы кемінде 30%-ға  өседі. 

2019 жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 1,6 млн қазақстандық қамтылды, оның ішінде 1,1 млн — балалар. Ел бюджетінен 245 млрд теңге бөлінді. 

«Сонымен қатар, Үкіметке берілген тапсырма жергілікті билік органдарымен пысықталды, олар қосымша қолдау шараларын көрсететін болды. Соның нәтижесінде, 2,2 млн жуық қазақстандық 128 млрд теңге сомасына қосымша әлеуметтік қолдаумен қамтылды», — деді вице-премьер.

Бұдан басқа, табысын жасырумен, масылдықтың артуымен т. б. байланысты АӘК қате есептеу мәселелері шешілді. Үкімет заң жобасын әзірледі, оны бүгінде Парламент мақұлдады.

«Бұл жердегі ең басты мәселе — көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар төленеді, бұл ретте мұндай отбасылардың табыстары ескерілмейді. АӘК бұрын қалай төленсе, солай сақталады. Жаңа көмек түрі — кепілдендірілген әлеуметтік пакет», — деді Б. Сапарбаев.

Қазақстандықтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету

Үш жылдан бері Қазақстанда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Оның басты мақсаты — еңбекке орналасуда қазақстандықтарға көмек көрсету. Яғни, оқыту, белгілі бір мамандықтар бойынша дағдыларды игеру, гранттар мен төмен пайызбен шағын несиелер ұсыну. 

Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуда қолдау және кәсіпкерлікті дамыту шараларымен 623 мың адам қамтылды, оның ішінде 416 мың адам еңбекке орналастырылды, 131 мың адам оқытылды, 46 мың грант пен шағын несие берілді, оңтүстіктен солтүстікке 9 мың адам көшірілді. А. ж. 11 айда бағдарламаны іске асыруға бюджеттен 176 млрд теңге бағытталды. 

Келесі жылдан бастап «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында өзгерістер күтілуде. Мәселен, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша жүргізіледі, «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жаңа тетіктері енгізіледі. 

Сондай-ақ, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты аясында Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстары, Нұр-Сұлтан қаласы секілді еңбекке жарамды адамдары мол аймақтан Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан тәрізді еңбек күші аз аймақтарға азаматтарды көшіру көзделген. Биыл еліміздің оңтүстік өңірлерінен солтүстігі мен шығысына 9 мыңға жуық адам қоныс аударды. Бүгінде Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға 200-ге жуық адам көшірілді. Олар жұмыспен және баспанамен қамтамасыз етілді. Енді аталған тәжірибені Ақмола және Қарағанды облыстарына тарату жоспарда бар.

Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын қолдаудағы жаңашылдықтар 

«Жалпы, еліміздің бюджетіндегі әлеуметтік шығындардың үлесі жыл сайын артып келеді. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2018 жылы бұл үлес 43% болды, 2019 жылы – 45%, 2020 жылы —  50%. Бұл біздің ел басшылығының саяси бағыты әлеуметтік сипатта екенін, яғни халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын білдіреді», — деді Б. Сапарбаев.

Б. Сапарбаевтың айтуынша, кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға микрокредит беру шарттарын жеңілдету жоспарланған. Атап айтқанда, мөлшерлемені жылдық 6%-дан 4%-ға дейін төмендету, микрокредит беру мерзімін 5 жылдан 7 жылға дейін ұлғайту күтілуде.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 690 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Олардың 400 мыңы еңбекке жарамды. Мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау аясында биыл бюджеттен жәрдемақы төлеуге және техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге 400 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар қабылданды және орындалып жатыр.

Оңалту мәселелеріне ерекше назар аударылады. 2020 жылы Нұр-Сұлтан, Көкшетау және Алматы қалаларында оңалту орталықтарының құрылысы басталады. МЖӘ аясында және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен оңалту орталықтарының желісін дамыту мәселесі пысықталып жатыр. Пилоттық режимде мүгедек азаматтарға оңалту құралдары мен қызметтерін дербес таңдауға мүмкіндік беретін Әлеуметтік қызметтер порталы жұмыс істейді.

5 жылға мүгедектік белгіленетін аурулардың тізімі бекітілді, мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетудің жол картасы жасалып жатыр, жұмыс берушілердің мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарын сақтауына мониторинг күшейтіледі. Бүгінгі таңда 17 мыңға жуық жетім балалар жәрдемақы алады. Бұл санатқа шамамен 1000 пәтер және 2000-нан астам оқу гранты бөлінді.

Шетелдік жұмыс күшін тарту

Келесі жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға квота 49 мың адамнан 29 мың адамға дейін қысқартылады, жұмыс берушілердің әкімшілік жауапкершіліктері күшейтіледі. 30-дан аса шетелдік жұмыскерлерді тартатын кәсіпорындар жыл сайын жоспарлы түрде тексерілетін болады. Бұл ретте 4-ші санат бойынша рұқсат беруді біршама қысқарту жоспарланған. Сонымен қатар, шетелдік жұымскерлерді отандық мамандармен міндетті түрде алмастыру тәжірибесін қайтару көзделген. 

2019 жылы денсаулық сақтау саласында не істелді?

2020-2025 жылдарға арналған Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, бекітілді, оның басты міндеті - көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту. 

«Ол үшін бізге жақсы медициналық кадрларды даярлап, медициналық қызметкерлердің статусын арттыру қажет, медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтауды жақсартып, медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру керек», — деді вице-премьер.

Сонымен қатар, халықтың денсаулығы туралы Кодекс жобасы әзірленді, ол қазір ҚР Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр. 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге әзірлік бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. 

«Бүгінде біз дайынбыз. Қазақстандықтардың мәліметтерін өзектілендірдік, статустарын анықтап, есепке алдық, қолданыстағы ақпараттық жүйелерді кіріктірдік», — деді Б. Сапарбаев.

2019 жылдың 11 айында жұмыс берушілер есебінен Қорға 275 млрд теңгеге жуық қаржы түсті. Жыл сайын кемінде 500-700 млрд теңге жинау міндеті жұр. 

МӘМС енгізу нәтижесінде келесі жылдан бастап бір сақтандырылушыға шығындарының 57,5%-ға - 55 мың теңгеде 87 мың теңгеге дейін өсуі күтіледі, медициналық инфрақұрылым дамытылады, медициналық техникамен жарақтандырылу деңгейі 70%-дан асады, жоғары технолоргиялы медициналық көмекке қолжетімділік мен медициналық қызметтер көрсету сапасы артады. 

1,8 млн қазақстандық тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. Жыл сайын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін 93 млрд теңге қаражат бөлінеді. Бүгінде DariKz мобильді қосымшасы іске қосылған, онда дәріге қатысты нұсқаулықпен танысып, егер оның құны рұқсат етілген бағадан асатын болса, шағым жасауға болады. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектерді электронды сатып алу мен беруді есепке алу жүргізіледі, барлық дәрі-дәрмек түрлерінің бағасын реттеу енгізілді, 1439 бірыңғай байланыс орталығы мен дәрі-дәрмектерді алғаны туралы смс-хабарлама іске қосылған. Пациенттердің қажеттілігі мен оларға босатуға дейін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жүйесін толық автоматтандыру жүргізілуде, дәрі-дәрмектерді қадағалау жүйесі енгізілуде. 

«Осы айдың соңына дейін біз І тоқсанға дәрі-дәрмектерді сатып алуды қамтамасыз етуіміз керек, қаңтар айында бізде дәрі-дәрмектер тапшылығы болмауы тиіс», — деді Б. Сапарбаев. 

Білім беру саласында жоспарланған реформалар

Үкімет 2020-2025 жылдарға арналған Білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп, бекітті, онда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамту шаралары, апатты және үш ауысымдық мектептер мәселелерін шешу, жеке инвесторларды тартумен МЖӘ жобаларын іске асыру қарастырылған. 

Жоғары оқу орындарын оңтайландыру жұмыстары жүргізілді. ҚР Үкіметінің жанынан комиссия құрылды. 7 ЖОО тексеруден өтті. Кейбір ЖОО-лардың лицензиялары қайтарып алынады, кейбіреулері біріктірілетін болады. 

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне келсек, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап еліміздегі барлық мектептерде бейнебақылау камералары орнатылады. Оған шалғайдағы ауылдардың мектептері жатпайды. 

Оқу жылының соңына дейін барлық мектептер қолайлы ортамен қамтамасыз етіледі, яғни, барлық даладағы дәретханалар жойылады.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
15 Қыркүйек 2020, 09:44
Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 1 трлн теңге болатын 206 жоба іске қосылады
15 Қыркүйек 2020, 09:29
2020 жылдың 8 айында Индустрияландыру картасы бойынша 4,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды — ҚР ИИДМ
14 Қыркүйек 2020, 19:23
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады
14 Қыркүйек 2020, 18:42
Ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады
14 Қыркүйек 2020, 11:55
Қазақстанда Индустрия 4.0 енгізу немесе «ақылды» зауыттар карантин мен әлемдік пандемия кезеңінде өз жұмыстарын қалай атқарды
14 Қыркүйек 2020, 11:12
15 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Қыркүйек 2020, 10:51
ЕЭК Кеңесінің отырысында еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қаралды
13 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №77
11 Қыркүйек 2020, 16:18
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
11 Қыркүйек 2020, 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді таныстырды
10 Қыркүйек 2020, 23:02
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды
10 Қыркүйек 2020, 19:20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды
10 Қыркүйек 2020, 18:59
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
10 Қыркүйек 2020, 17:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 Қаулысы
10 Қыркүйек 2020, 17:06
Қашықтан білім беру, мектептердегі эпидемиологиялық ахуал, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету — Қазақстанда оқу үдерісі қалай ұйымдастырылған
10 Қыркүйек 2020, 13:12
Қазақстанда электронды өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 жылда 8,5 есе өседі
09 Қыркүйек 2020, 20:31
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:36
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:23
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 16:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №560 Қаулысы
09 Қыркүйек 2020, 15:06
Роман Скляр жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
09 Қыркүйек 2020, 12:50
ҚР Үкіметінің отырысы, 09.09.2020
09 Қыркүйек 2020, 11:59
Денсаулық сақтау министрлігі КВИ туралы: Қазақстанда емдеу мекемелерінде төсек-орындардың бос болмауы 6 есе төмендеді
09 Қыркүйек 2020, 11:31
2020 жылдың 8 айында азық-түлік өнімдері өндірісі 3,6%-ға артты — ҚР АШМ
09 Қыркүйек 2020, 11:21
Қазақстанның ішкі нарығы өзімізде өндірілген мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген — Н. Ноғаев
09 Қыркүйек 2020, 11:19
Қазақстанда контейнерлерді жалпы транзиттік тасымалдау көлемі 37%-ға артты — ИИДМ
09 Қыркүйек 2020, 11:02
Қабылданған шаралар еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырды – ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 
09 Қыркүйек 2020, 10:54
Биыл 8 айдың қорытындысы бойынша ҚР экономикасының негізгі салаларында оң динамика сақталып отыр  
09 Қыркүйек 2020, 10:53
Үкімет Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 10:25
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 604 қарыз берілді — Ұлттық банк
09 Қыркүйек 2020, 10:20
2020 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 5,5 трлн теңге кіріс түсті — Қаржы министрлігі
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.