Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Баға өткен аптаның басындағы деңгейде болуы тиіс — Б. Сұлтанов сөзін қазақстандық кәсіпкерлерге бағыттады

Сейсенбі, 17 Наурыз 2020, 13:50:31

Бүгін Үкімет алаңында онлайн-режимде өткен отырыс қорытындысы бойынша Қазақстанның сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов ТЖ кезінде азық-түлікпен және алғашқы қажетті тауарлармен қамтамасыз ету туралы айтып берді. 

«Біздің қазіргі таңдағы басты міндетіміз – халықтың тіршілігін азық-түлікпен және алғашқы қажеттіліктегі тауарлармен үздіксіз қамтамасыз ету. Бұл Үкімет алдына қойылған міндет Мемлекет басшысының кешегі жарлықтарында және үндеуде айтылды. Осы күрделі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілетіні айтылды. Жоғарыда атап өткеніміздей, тауарларды артығымен сатып алып, дүрлігудің қажеті жоқ. Барлық сауда нысандары толық режимде жұмыс істейді. Ірі нысандар бойынша шектеу бар, бұл азаматтарымыздың қауіпсіздігі үшін ғана жасалған, дегенмен, тұтастай алғанда, өніммен қамтамасыз ету толық көлемде ұйымдастырылады. Ол үшін қосымша шаралар қабылданды», — деп түсіндірді Б. Сұлтанов.

Біріншіден, әкімдіктер бәсекелестікті дамытуды қорғау органдарымен, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарымен бірлесіп баға өзгерістеріне тұрақты мониторинг жүргізіп, баға келісімдерін болдырмайды.

«Мен бағаның негізсіз өсуіне әрекет жасаған кәсіпкерлерге баға өткен аптаның басындағы деңгейіне оралуы тиіс екенін хабарлаймын, егер бұлай болмаса, онда барлық қолда бар құралдар қолданылатын болады, соның ішінде жоғарыда айтып өткенімдей, Президент Жарлығында айтылғандай, Үкіметке шекті бағаларды енгізуге мүмкіндік берілді. Бұл ең соңғы шара, бірақ бұл біздің кәсіпкерлер ТЖ кезінде бизнес тарапынан әлеуметтік жауапкершілікті де қамтамасыз ету қажеттігін түсінуі үшін тиімді құрал. Осындай жағдайда азаматтардан пайда тауып қалуға біз жол бермейміз», — деп мәлімдеді сауда министрі.

Екіншіден, тауарларды теңдестірілген және өңіраралық бөлу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл қамтамасыз етілетін болады. Қазіргі жағдайда өңірлер азық-түлікті жеткізуді қамтамасыз етумен белсенді айналысады және өңіраралық жеткізілім ұйымдастырылған. ҚР АШМ тарапынан өнім өндірушілер мен трейдерлердің тізімі бойынша тиісті ақпарат өңірлерге берілді.

Үшіншіден, «айналым схемасы» деп аталатын бағаны тежеудің нарықтық құралдарын қолдану кеңейтілді, жергілікті атқарушы органдар сауда желілерімен белсенді жұмыс жүргізуде, олар азық-түлік өндірушілермен тікелей жұмыс істеу және оларды салу бойынша өзіне міндеттемелер алады, оның үстіне қазір жеткізу маусымы, оның ішінде оңтүстіктегі көршілерден басталады және бұл схема өткен жылы жақсы нәтижелер көрсетті. Барлық облыстар осы схемаға белсенді түрде қосылады.

Төртіншіден, тауарлар тапшылығы орын алған жағдайында Тұрақтандыру қорлары мен Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті де тауар интервенцияларын жүргізе алады, бірақ мұндай тапшылық болады деп күтілмейді.

Бесіншіден, жергілікті атқарушы органдардың белсенділігі пысықталуда және көшпелі сауда бағдарлары бекітіледі.

«Дүрлікпе жасаудың қажеті жоқ. Жергілікті атқарушы органдар сауда нысандарымен бірлесіп, өнімнің қолжетімділігін барынша қамтамасыз ететін болады. Тек ірі сауда орталықтарының жұмысы шектелген, тек сауда-ойын-сауық бөлігінің жұмысы тоқтатылған, дегенмен СОСО-лардағы фуд-корттарға өнімді үйге жеткізуге көшуге мүмкіндік берілді», — деп түйіндеді Б. Сұлтанов.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
19 Мамыр 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №302 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 15:22
Жыл басынан бері 118 мың адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты — Б. Нұрымбетов
19 Мамыр 2020, 14:08
Р. Дәленов: Кешенді жоспардың басты мақсаты тұрғындарды жұмыспен қамту
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.