Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстандық кәсіпорындар тәулігіне 170 мыңға дейін медициналық маска шығарады — ҚР ИИДМ  

Дүйсенбі, 02 Наурыз 2020, 14:52:16

Үкіметте өткен баспасөз конференциясында журналистерге елімізде маскалардың тапшылығына байланысты сұраққа қатысты түсінік берілді. 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов еліміздің маскалармен толық қамтамасыз етілетінін айтты. 

«Әрине, жекелеген дәріханаларда бүгінде шынымен де маскалар жоқ шығар. Біз оған кепілдік бере алмаймыз. Бұл тақырып көтерілген алғашқы күндері Қазақстанда ғана емес, көптеген елдерде осындай дүрбелең орын алды. Сондықтан, әрине, белгілі бір тапшылық болды. Бірақ қазір бұл мәселенің барлығы толығымен мемлекеттің бақылауына алынған. Маскамен қамтамасыз ету мәселесі бүгінде күн тәртібінде тұр. Біздің өз компанияларымыз бар, сондықтан барлық мемлекеттер қазір осы мәселеге алаңдаушылық білдіріп отыр, өздері шығаратын маскаларды жібермейді. Сол себепті біздің барлық төрт компания толық жұмыс істеп жатыр. Қазақстан маскалармен толық көлемде қамтамасыз етіледі. Тағы да айтамын, егер жекелеген дәріханаларда маскалар болмай қалса, ол Қазақстанда біздің бұған әзір еместігімізді білдірмейді», — деді Е. Тоғжанов.

Сондай-ақ ол нақты мемлекеттік органдарға, ең алдымен, шекара маңы және кеден қызметтеріне Қазақстан шекарасынан тыс жерлерге маскаларды шығаруға қатаң тыйым салу туралы тапсырма берілгенін хабарлады. Е. Тоғжановтың айтуынша, мұндай әрекеттер, ең алдымен, Қазақстаннан Қытайға жеткізу тұрғысынан орын алған. 

Денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың айтуынша, дені сау адамға маска киюдің қажеті жоқ. Ең алдымен, маскалар науқастар мен тәулік бойы түрлі инфекциялары бар пациенттермен байланысқа түсетін медицина қызметкерлері жұмыс істейтін медициналық мекемелерде міндетті түрде болуы тиіс.

«Біз медицина ұйымдарына адамдарды қорғау үшін қор қалыптастырдық. Егер сіз өзіңіз ауырып жүрсеңіз, тіптен қарапайым тұмау болса да, айналаңыздағы адамдарды қорғау үшін маска тағып жүруіңіз қажет. Орын алған дүрбелең, байбалам үлкен шығын әкелуде, себебі бөлшек саудадағы бүкіл көлемді азаматтар бүгінде сатып алған. Қосымша өндіру мәселесі қаралып жатыр», — деді денсаулық сақтау министрі. 

Өз кезегінде ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қазақстандық кәсіпорындардың өнімділігі тәулігіне 170 мың масканы құрап отырғанын хабарлады. 

«Ай сайын бұл кәсіпорындар 5 млн дана маска шығарады. Оны 6,5 млн данаға дейін көбейтуге мүмкіндік бар. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша біз оларды қамтамасыз етумен айналысып жатырмыз. Олардың шикізаты жыл соңына дейін жеткілікті. Тек бір компанияда ҚХР-дан жеткізушілер шикізат орнына медициналық маскалардың 50%-ын беруді сұраған жағдай болды. Бұл мәселе шешілді», — деді Б. Қамалиев.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Қаңтар 2021, 16:48
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
26 Қаңтар 2021, 13:45
Ковидті емдейтін дәрі-дәрмектердің бағасы 27%-ға төмендеді — А. Цой
26 Қаңтар 2021, 13:05
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Президент Қ. Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
26 Қаңтар 2021, 13:01
Әрбір ұлттық жоба жалпыұлттық басымдықты орындауға бағытталуы тиіс — Қ. Келімбетов
26 Қаңтар 2021, 12:36
ҚР БҚДА бәсекелестікті дамыту жолындағы 58 жүйелік кедергіні анықтады — С. Жұманғарин
26 Қаңтар 2021, 12:16
2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық банк 10,9% деңгейінде зейнетақы активтерінің кірістілігін қамтамасыз етті —  Е. Досаев
25 Қаңтар 2021, 23:27
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
25 Қаңтар 2021, 12:54
Сергей Громов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды
24 Қаңтар 2021, 10:03
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №96
22 Қаңтар 2021, 19:30
Жандос Бүркітбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 19:22
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
22 Қаңтар 2021, 17:11
Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
22 Қаңтар 2021, 16:46
Марат Оразаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 12:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №935 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 қаңтардағы №11 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 10:19
Талғат Момышев ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:33
Аида Құрманғалиева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды 
22 Қаңтар 2021, 09:25
Жәнібек Нөпіров ҚР Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:04
Ералы Тоғжанов Жамбыл облысының Қордай ауданында жұмыс сапарымен болды
21 Қаңтар 2021, 19:26
Арман Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 19:02
Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 18:35
Өркен Бисақаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
21 Қаңтар 2021, 17:25
АӨК көрсеткіштерінің тұрақты өсімі және бизнес жүргізудің көшбасшы позициялары — Түркістан облысының 2020 жылғы даму қорытындылары
21 Қаңтар 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласының даму барысын тексерді
20 Қаңтар 2021, 21:10
Медициналық сақтандыруды іске асырудың бірінші жылы: қорытындылар мен 2021 жылға арналған міндеттер
20 Қаңтар 2021, 17:49
Инвестициялар өсімі, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын ашу — 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысының дамуы
20 Қаңтар 2021, 16:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №7 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №4 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №2 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:16
Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
20 Қаңтар 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы №12 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №9 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №3 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
19 Қаңтар 2021, 21:40
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
19 Қаңтар 2021, 19:42
Әсет Тұрысов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды
19 Қаңтар 2021, 19:02
Абылайхан Оспанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды
19 Қаңтар 2021, 18:40
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
19 Қаңтар 2021, 18:14
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Қаңтар 2021, 11:10
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.01.2021
19 Қаңтар 2021, 11:02
2021 жылдың соңына дейін 6 млн жуық қазақстандықты вакциналау көзделген — ҚР ДСМ
19 Қаңтар 2021, 10:58
Карантиндік шараларға 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған — Е. Тұрғымбаев
19 Қаңтар 2021, 09:45
Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады
18 Қаңтар 2021, 20:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңа тағайындалған ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды    
18 Қаңтар 2021, 17:46
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды
18 Қаңтар 2021, 16:15
19 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.