Қабылданып жатқан шаралар Қазақстанда макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді — Р. Дәленов

Үкімет алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов макроэкономикалық, қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықтың жай-күйі, сондай-ақ әлемдік нарықтың сыртқы экономикалық конъюнктурасы тұрғысынан таяу келешекке арналған болжамдарға қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді. 

Министр хабарлағандай, кеше Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлемдегі экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеу үшін жедел әрекет ету штабы құрылды.

«Негізгі экономикалық құрал – бұл ел бюджеті. Әрине, бюджет нақтыланатын болады. Бірінші тоқсанның қорытындысын күту қажет. Бюджет бағыты – бұл ШОБ және жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталған әлеуметтік шығындар мен шығыстарды басым ету. Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері – бұл басымдық, азаматтарымыз алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалатын болады. Жұмыс орындарын сақтау және жаңаларын құру – өте маңызды бағыт.  Бүгін ауылдық елді мекендерді жұмыс инфрақұрылымымен және жұмыс орындаорымен қамтамасыз ететін Жұмыспен қамтудың жол картасын әзірлеу тапсырылды. Аталған шаралар макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді», — деді Р. Дәленов.    

Министр атап өткендей, өткен жылғы қазанда Мемлекет басшысы макроэкономикалық, қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды. Өткен жылғы желтоқсанда осындай жоспар қабылданды, Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте бекітілді, онда мұнайдың бағасы белгіленетін экономикалық дамудың сценарийлері қарастырылған.

«Бүгінде біз мұнай бағасының белгіленуінің төмендегенін байқап отырмыз. Үкіметтің барлық іс-қимылы осы жоспарға сай үйлестіріледі. Мұнай шығаратын түрлі елдерде түрлі әдістемелер, жоспарлық мәндері т. б. бар. Елімізде 2000 жылдардың ортасынан бастап әдістеме өзгерген, мұнай-газ саласынан келіп түсетін барлық түсімдер тікелей Ұлттық қорға аударылады, яғни, қалыптасқан бағасына қарамастан, бюджетке түспейді. Ұлттық қордан жыл сайын кепілдендірілген тәртіппен 2,7 трлн теңге бюджетке келіп түседі. Осылайша, бюджет баға өзгерістерінен қорғалған. Бүгінде шығыстарды оңтайландыру бойынша тапсырма берілген. Бюджетті нақтылау көздерінің бірі –  инвестициялық жобалардың бір бөлігін кейінгі жылдарға қалдыру, осы жылы басталған көптеген жобаларды биыл бастамауға да болады, сондай-ақ басқа да жүйелі шаралар қабылданады», — деп түсіндірді Р. Дәленов.

Cонымен қоса, ұлттық экономика министрі отандық өндірістегі азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлардың бағасы өзгермейтінін айтты. 

«Азық-түлік тауарларының басым бөлігі  отандық – елімізде өндіріледі, жергілікті ресурстармен байланысты. Сондықтан, теңгеге шаққандағы доллар бағамының өзгеруі нәтижесінде өзгерістер болмауы тиіс. Азық-түлік тауарларының бағасына әрине, басқа факторлар әсер етуі мүмкін: маусымдылығы, тауарлық кедергілер, бәсекелестіктің болмауы, сөз байласу. Бірақ ішкі ресурстардан өндірілетін өнімдер, ресурстар бойынша сыртқы бағам мен доллар бағамының ықпалы шектелуі», — деді ұлттық экономика министрі.

Азық-түліктік емес таураларға келсек, мұндай тауарларға доллар бағасы ықпалын тигізуі мүмкін. 

«Ішкі өндірісте жоқ немесе тиісті деңгейде өндірілмейтін техника, электронды техника, фармация тәрізді азық-түліктік емес тауарларға келсек, әрине, доллар бағасы оған ықпал ететін болады. Бірақ біз 2009 және 2016 жылдар мұны бастан өткердік. Біріншіден, фармация саласында келісімге келу институты бар. Бірыңғай дистрибьютор өнімдердің негізгі бөлігі бойынша келісімшарт жасасып қойды.  Электроникаға келсек, әлемдік брендтер бағаның сұраныстың ішкі мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс екендігіне қатысты жергілікті құрауышты алдын-ала ескереді. Сондықтан, азық-түліктік емес тауарлар бойынша электроника саласында әдетте оның бағасы бұрынғы шегінде қалады», — деп түсіндірді министр.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу