2 наурызда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Дүйсенбі күні, 2 наурызда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары;

  • Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың, ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың, ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің және ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиевтің қатысуымен халықты коронавирустық инфекциядан қорғау мәселелері жөнінде баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ порталынан, YouTube ресми арнасынан, Aitube.kzFacebookTwitter«ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу